Ашық тәрбие сағаты "Әдептілік әдемілік" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Әдептілік әдемілік" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдепті болу үшін өздерің айтқан қасиеттерді сыйлық ретінде мен сендерге сыйладым. Сендердің бойларыңнан осы қасиеттер еш уақытта өшпейтініне сенемін. Адам бойындағы асыл қасиеттері еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни адам бойындағы осы қасиеттер жоғары тұрса ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген балалар өте әдепті адамгершілігі зор болады. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Әдептілік – әдемілік екенін ұмытпайық!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әдептілік - әдемілік
Мақсаты: Білімділік: Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адамдармен қарым – қатынас дағдыларын жасауға баулу
Дамытушылық: Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелей отырып, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне жауапкершіліктерін қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Әдіс - тәсілі: Сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру, ой бөлісу
Барысы
: І. Ұйымдастыру кезеңі: (2мин)
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару
Тәрбиеші сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған -
Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.
Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді атаймыз.
Ал, енді бүгінгі сабағымызда балалар «Адамгершілік – асыл қасиет» жайлы ой өрбітеміз.
1. Әдепті болу үшін қандай қасиеттер бойымызда болу керек? Қане атап жіберейікші.
2. Әдепті бала қандай бала?
3. Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Балалар мен сендердің барлығыңды әдепті балалар деп ойлап, азғана болғанымен өте құнды сыйлық ала келдім. Ол мына бір әсем сандықта жасырылып тұр.
- Сандықтың ішінде не бар?! Көргілерің келе ме?!
- Ал неге отырмыз онда, қане ашып сыйлығымызды алайық.
(Әр оқушының пікірі тыңдалады)
Әдепті болу үшін өздерің айтқан қасиеттерді сыйлық ретінде мен сендерге сыйладым. Сендердің бойларыңнан осы қасиеттер еш уақытта өшпейтініне сенемін. Адам бойындағы асыл қасиеттері еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни адам бойындағы осы қасиеттер жоғары тұрса ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген балалар өте әдепті адамгершілігі зор болады. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Әдептілік – әдемілік екенін ұмытпайық!
Ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, адам баласына тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.
Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білейік.
(Жүрекшелер үлестіріледі)
● Ал енді жүрекшенің бір жағына адамгершілікке, әдептілікке жат қасиеттерді, бір жағына адамгершілік қасиеттерді жазыңдар. Адамгершілікке жат қасиеттерді ешкім көрмесін.
● Жүрекшенің бір жақ жарты бөлігіндегі адамгершілікке, әдептілікке жат қасиеттерді жыртып, қоқыс жәшігіне тастайық. Адамгершілікке жат қасиеттер осымен кетсін.
(қоқыс жәшігіне жыртып тастайды)
● Адамгершілік қасиет жазылған жүрекшені жүрек жақ тұстарына іліп қойыңдар.Сабақты қорытындылау (3мин)
Бүгінгі сабағымызды «Ақ тілек» жаттығуымен аяқтайық.

«Ақ тілек» жаттығуы орындалады.
Шарларды алайық. Әрбір әдемі шармен бірге менің сендерге деген ақ тілегім де бар.
Қолдарыңдағы шармен бірге берілген әдемі хатты ашып оқыңдар.
«Ақ тілек» жаттығуы
Құрметті оқушым! Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата - анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Абай атамыздың ғибратты сөздері естеріңде болсын! Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білетін әдепті де әдемі бала болатындарыңа сенемі
н!
Қорытынды: Балалар бүгін сендер сабаққа жақсы ойлар айтып, белсенділік таныттыңдар. Мен сендерге ризамын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.12.2017
1125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі