Ашық тәрбие сағаты "Алтын күз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліктілікті арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз

Сабақтың мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту, көкөністер мен жемістердің пайдасын білуге үйрету, оларды ажырата білу дағыларын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: күз мезгілінің суреттері, көкөністер мен жемістердің суреттері.

Психологиялық дайындық:

Көркі әсем гүлдей жайнап,

Жарқырады Алтын күз.

Сайран салып күліп-ойнап,

Рахмет саған Алтын күз.

Жарайсыңдар, балалар көңіл күйіміз жақсы болса, көңілді отырып ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақ шеше білеміз бе?

Балалар: Иә

Жұмбақ

Өрік, алма, шие алша

Жидек жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз

Қоймаларға түседі.

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде

Күз-адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі Алтын күз деп баға берген.

Алтын, себебі біріншіден айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған. Екіншіден алтын –байлықтың белгісі. Екеуін атастырып Алтын күз деп атаған.

Адам еңбегі жыл мезгіліне байланысты. Әсіресе, егіншілер мен диханшылар өз еңбектерін жыл мезгілдеріне байланысты жүргізеді.

Мәселен: көктемде егін егеді, жазда суарып қарайды, күзде орып алады. Қыста қоймада сақтап, азық ретінде қолданады.

Суретпен жұмыс:

Қазір балалар жылдың күз мезгілі. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктер: күн салқындайды, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Күз мезгілінде егістік алқаптарында бидайлар піседі, бау-бақшада көкөністер мен жемістер піседі.

Күз мезгілінде үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша айлары.

Күз мезгілінің алғашқы айы-қыркүйек.

Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады.

Күз мезгілінің екінші айы-қазан. Бұл ай жиын-терін аяқталатын, диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

Күздің соңғы айы қараша айы. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш қурап, жапырағынан айырылып, қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.

Балалар, олай болса күз мезгілі туралы тақпақтарымызды айтайық:

Бексұлтан: Күзде жаңбыр жауады,

Күзде желде тұрады.

Жапырақтар жерге қарай,

Желмен бірге ұшады.



Жансұлу: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Нұрқанат: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Көрініс: «Асқабақтың пайдасы»

Автор: Асқабақ жолға шығыпты, алдынан оған орамжапырақ жолығыпты.

Асқабақ: Орамжапырақ бауырым, сен менің адамға қандай пайдам бар

екенін білесің бе?

Орамжапырақ: Білмеймін. Мен өзімнің қат-қат жапырақтарын неге керек екенін білемін. Мен С дәруменіне баймын. Мені тамаққа көп пайдаланса, ағзадағы зат алмасуың реттеп, адамдарға ауырмауға көмектесемін.

Автор: Асқабақ алдынан келе жатса, алдынан қызылша кездесіпті.

Асқабақ: Қызылша, мен бір сұраққа жауап іздеп жүрмін. Сен сенің адамдарға не үшін қажет екенімді білсең маған айтып берші.

Қызылша: Айналайын асқабақ! Мен өзімнің не үшін қажет екенімді білемін.

Қызылша, әсіресе асқазан мен ішектің жұмысын жақсартады, қан толтырады. Ал сенің неге пайдалы екеніңді білмеймін.

Автор: Асқабақ сұрағының жауабын алмадан білмек болады.

Асқабақ: Алма мен өзімнің адамдарға қандай пайдам бар екенін біле алмай, сені іздеп келдім. Сен білесің бе? Менің адамдарға қандай пайдам бар?

Алма: Менің бойымда А, В дәрумендері, көптеген минералдық заттар бар.

Мені көп жеген адамдар қан бұзылуы және жүрек ауруларынан аулақ болады. Бірақ сенің қандай пайдаң бар екенін білмеймін.

Автор: Асқабақ келе жатып балаларға жолығыпты.

Ержан: О, қандай үлкен асқабақ. Мен мұны үйге алып кетіп қуыртып жейін. Асқабақ деген бауыр мен асқазанға таптырмайтын ем ғой.

Сезім: Бұл асқабақты мен алайын. Менің анам асқабақтан дәмді манты жасайды. Ал дәнін шағып жесең ішекті тазалайды.

Екеуі бірге: Бұл асқабақ өте үлкен екен. Біз оны мектебіміздің асханасына апарайық. Аспаз апай оны қалай пайдалану керектігін біледі.

Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ шеше аласыңдар ма?

Қабат-қабат тоны бар,

Шешіндірсең жылатады. (пияз)


Жер астында басы,

Жер үстінде шашы. (сәбіз)

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күзге жеткенде. (алма)

Аласа тауда алуан алма,

Алқызыл болмай, аузыңа салма. (қызанақ)


Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр. (қызылша)

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл.

Түссе – сары ,

Ол не екен балалар. (жапырақ)

Балалар енді Арай мен Айкөркемнің «Күз келгенде» әнін тамашалаңдар.

Жарайсыңдар, балалар көкөністер мен жемістер туралы тақпағымызды айтып

берейік.

Аида: Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузынан кетпес бал дәмі,

Оны аты шабдалы.

Ақмоншақ: Іші толған шәрбат,

Дәмі сондай әйбат.

Үзесің бірден жүзін,

Оны аты жүзім.

Әділбек: Картоп - біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Балалар күз мезгілінде үш ай бар дедік, мен сол үш айды ортаға шақырайық.

Назерке: Мен күздің айымын,

Молшылық беремін.

Жылы күн райымен,

Қыркүйек айымын.

Жансерік: Қазан айы - молшылық,

Дәулет қорын алады.

Құстар ұшып барады,

Заңғар көкке қол созып.

Кәусар: Құстар қайтты қыс болды,

Сұр бұлт жапты аспанды.

Жапырақ түсіп гүл солды,

Қараша ызғары басталды.

Ойын: «Кім жылдам»

Көкөністер мен жемістерді жинау. Балалар себетке көкөніс пен жемістерді

ажыратып салады.

Жарайсыңдар балалар өте жақсы.

Шығармашылық тапсырма: Суретті аяқта, көңіл-күйіне байланысты таңдаған

түстермен боя

Қорытынды: Сұрақтар:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде нелер піседі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

Жапырақтардың түсі қандай болады?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2018
582
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі