Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Алтын қақпа" 4б сыныбы

Ашық тәрбие сағаты "Алтын қақпа" 4б сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
орыс сыныптарында оқитын оқушылардың тіл байлығын, қазақтың сөздерін дұрыс қолдануға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2019
1125
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алтын қақпа» танымдық-сайыстық ойыны«Алтын қақпа» танымдық-сайыстық ойыны Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбы бойынша өткізілмек.Іс-шараның мақсаты: оқушылардың Қазақстан туралы алған білімдерін тиянақтау. Отан туралы өлең, қанатты сөздер арқылы білімдерін толықтыру. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Іс-шараның барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  • Сәлеметсіздер ме, бүгінгі «Алтын қақпа» танымдық-сайыстық ойынына қатысушы оқушылар мен қадірлі қонақтар! Біз бүгін қазақ тілі апталығы аясында 4-сыныптар арасында сайыс өткізбекпіз. Ал енді, «Алтын қақпа» танымдық-сайыстық ойынының қатысушыларымен таныс болайық. Олар: «Достар» деп аталатын 4А сынып оқушылары мен «Қазақстан» деп аталатын 4Б сынып оқушылары. (Әр сыныптан 4 оқушыдан таңдап алынады). Қатысушы командалармен танысып алған болсақ, енді сіздерді ойынының шартымен таныстыра кетейін.
  • Балалар, біздің мақсатымыз Қазақстан туралы білетінімізді ортаға салу. Ал бұл ойынның мақсаты – Отанымыздың жүоегі, бас қаласы – Астанадай алыс жерде «Алтын қақпа» бар. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Енді біз сендерге әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Ойынның шарты: Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Темір қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең «Алтын қақпа» деп аталады. Сұрақтар салмағы әр кезеңінің атауына байланысты болады. Мысалы, «Темір қақпада» сұрақтар сәл жеңілдеу болса, «Күміс қақпада» сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда күрделене, қиындай түседі. «Алтын қақпаның» сұрақтары болса, алдыңғы екі қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады. Ойынның шарты бойынша ойынды бірінші болып мына қобдишадан қай топ қызыл асықты таңдап алса, ойынды сол топ бірінші болып бастайды.І кезең. «Темір қақпа». Оны ашу үшін «Тәуелсіз Қазақстанға» байланысты сұрақтарға жауап берейік.
  • Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991ж.)
  • Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі)
  • Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады және оларды қашан қабылдадық? (ту, елтаңба, әнұран 1992 жылы қабылдадық)
  • Қазақстанның ұлттық валютасы? (теңге)
  • Ту мен елтаңбаның авторы кімдер? (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков, Ш.Ниязбеков)
  • Қазақ халқының үш биін атаңыздар? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
  • Қазақстанның өзендерін ата (Іле, Ертіс, Есіл, Сырдария, Шу)
  • Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң – арқалан.Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан.Өлең шумағының авторы кім? (А.Құнанбайұлы)

І кезең. «Күміс қақпа». Оны ашу үшін берілген сөздерді қазақшаға аударыңдар.І топқа: столица, государство, герб, гимн, центральный.ІІ топқа: гостиница, знаки припенания, учебник, природа, родина.

ІІІ кезең. «Алтын қақпа». Бұл қақпаның жүгі ауыр, себебі, алда – «Білім қазынасы». Олай болса тапсырма да күрделі. Үш түрлі тапсырма орындалады.1-тапсырма.«Қазақстан» деген сөзден бірнеше есім сөз құрау.2-тапсырма. «Отан» сөзінен сөйлем құрастыру.3-тапсырма.Берілген тірек сызба арқылы бірнеше сөйлем құра.







Ойынды қорытындылау.Міне, мақсатымыз, «Білім» қазынасына жету болса, Алтын сандықтағы қазынаға жеттік. Оқушылар арасынан «Отан» тақырыбына жатқа өлең оқитын бала болса, оларды тыңдаймыз. Оқушыларға жақсы тілек тілей отырып, ойынды аяқтау.















К.Мыңбаев атындағы ЖОББМ



















Өткізген:Смагулова Ж.Ж.













2012-2013 оқу жылы
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ