Материалдар / Ашық тәрбие сағаты. "Алтын сақа" ойыны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты. "Алтын сақа" ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алтын сақа" ойыны қазақ халқының ұлттық ойындары аясында әр түрлі бөлімдер бойынша қызықты сұрақтарға жауап беру арқылы өткізілген тәрбие сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2020
2767
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: "Алтын сақа"


Мақсаты:

-Оқушыларды ауыз әдебиетін оқуға ынталандыру, білім деңгейін арттыру, оқыған материалдарын ойға жинақтауға үйрету;

-Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, туған халқымыздың әдет-ғұрпын қадірлей білуге, өз елінің, туған жерінің табиғатын құрметтеуге, қадірлеуге, қорғауға, көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ – жауап, логикалық тапсырмалар
Көрнекілігі: асықтар, конвертер, шарлар, интербелсенді тақта

 Мұғалімнің сөзі:

-Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,

Қосатұғын күрең атын, боз атын.

Басталады бүгінгі сайысымыз,

Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын, - деп, ойынымызды бастаймыз, қош келдіңіздер!.

 

І. Табалдырық.

ІІ. Әудем жер

ІІІ. Қозы көш.

ІV. Беласар.

V. Жолайырық.

ҮІ. Алтын көмбе

 

Жүргізушінің сөзі:

-Бүгінгі біздің ойынымыз әдеби олимпиада түрінде болмақ, «Алтын сақа» ойыны 6 кезеңнен тұрады.Алдымен шартымен түсіндіріп өтейін.

*Оқушылар 4 түрлі күймеге мінеді. (Қызыл, сары, көк, жасыл)

*Өздері жөнінде мәліметтер береді.

*Күйменің түсіне қарай 4 асық алынады.

*Бірінші жауап беру үшін асықтары иіріледі. Қай асық алшысынан тұрса, сол бірінші жауап береді.

1. Алшы 2. Тәйке 3. Шік 4. Бүк

*Әр күймеде алты асықтан болады.

*Жауап бере алмаған немесе асығы алшысынан түспеген оқушы ойыннан шығады және асықтары ханталапайға түсіп, бөлініп беріледі.

*Алтын көмбеге жалғыз оқушы жетеді.

*Осы жерден жол екіге айырылады.

*Оқушы 24 асықты алып, елге қайтуына болады немесе «Алтын көмбені» ойнауына болады.

*«Алтын көмбенің» сұрағына жауап бере алмаса, үлкен сақаны иіреді, асық алшысынан түспесе де ұпай жинайды.

 

-Біліміңді саралап,

Төрелігін айтатын.

Әділ баға беретін,

Әділқазы алқасын,

Шақырайық ортаға, - деп, бүгінгі біздің сайысқа қатысушыларды қазылар алқасымен таныстырайын:

_________________________________________________________________

____________________________________________

 

Табалдырық кезеңінде жалпы қатысушыларға сұрақтар қойылады. Қойылған сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап берген  оқушы «Алтын сақа» ойынын ойнау құқығына ие болып, ортаға шығады.Олай болса ойынымызды бастаймыз.

1-сұрақ: Ертегі дегеніміз не?
Жауап: ауыз әдебиетінің ең көне жанры.Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар.
2-сұрақ: Ертегінің белгілі бір авторы бола ма?
Жауап:
 жоқ болмайды, ертегілер халық ауыз әдебиетіне жатады. Ол халық аузынан тараған, белгілі бір авторы жоқ.
3-сұрақ: Ертегілер қалай басталады?
Жауап: Ертегілер көбінесе қарасөз түрінде айтылады.Кейде өлең сөз түрінде кездеседі. Ертегілердің, әдетте, басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты», т.б басталады.
4-сұрақ: Ертегілер нешеге бөлінеді?
Жауап:
 ертегілер хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер деп бөлінеді.

5-сұрақ: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа» ертегілері ертегінің  қай түріне жатады ? 
Жауабы: 
қиял – ғажайып ертегілері 
6-сұрақ: Наурыз   жыры  қандай   жырға   жатады?

Жауабы: Тұрмыс-салт жырына

 -Табалдырық кезеңінен cүрінбей, ортаға 4 қатысушы шығып отыр. Құттықтаймыз!

Олай болса,  ІІ кезең  Әудем жерге қош келдіңіздер. Бұл кезеңде тұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашу. Қол көтеріп жауап береміз.

1. Арасынан қыл өтпейтін -Тату, дос 2. Ит арқасы қиянда, ит өлген жер -Алыс, қашық 3. Жерге кіріп кете жаздау- Ұялу

4. Қолды болды -Ұрлық

5. Қой аузынан шөп алмас -Момын

6. Төбесі көкке жеткендей – қуану

7. Қуанышы қойнына сыймады - қуанды

8. Қолы қолына жұқпады - тез қимылдады

9. Саусағының ұшын қимылдатпады - қозғалмады, еш нәрсе істемеді

10. Ине шаншар жер жоқ– толық, тығыз


-Осы кезеңде, балалар, біз асығы аз 1 оқушымен қош айтысамыз.


-Білімнің ұшқырлығын таныт сен,


Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.


Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,


Шапшаңдық бұл сайыста керек екен, - деп, сайысымыздың ІІІ кезеңі «Қозы көшке» де келіп жеттік.


1) Күн мен түн қашан теңеледі? (22-наурыз күні)


2) Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ, Бапы хан, Ерназар, перінің қызы Бекторы қай ертегі кейіпкерлері? (Ер Төстік)


3) Қой сүйеді баласын кімім деп? (қоңырым)


4) «Ол көлдің басына қонбасын, иесі – перінің қызы Бекторы» кімнің сөзі және кімге арнап айтылған? Ер Төстікке, Кенжекейдің сөзі


5) Шырағым, шаршадың ғой, деміңді алып, ұйықта, жарысарда өзім оятамын, -деп ұйықтатып тастайтын кім және қай ертегіден алынған? (Мыстан кемпірдің сөзі, « Ер Төстік»ертегісінен)


6) «Өзімнен ақылы артық кісіге тиемін» деп жиырма жылдай отырды, қазір отыз бесте деп айтқан кім және қай шығармадан алынған? ( Меңді қыз сөзі, « Аяз би» ертегісінен)


7) Олай болса, жылама. Мен әке-шешеңді іздеп тауып берейін,-дейтін кім және қай ертегіден алынған? ( Кендебай сөзі, «Керқұла атты Кендебай» ертегісінен)


8) Апырмай, аузым қайда? ( Тазша бала сөзі, « Қырық өтірік» ертегісінен)


9) Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. Күндегідей: «Айрылғырдың суы айрыл!» деп неге айтпайсың?-деген кім және қай ертегіден алынған? ( Ханның кіші қызының сөзі, «Керқұла атты Кендебай» ертегісінен)


10) Тұрмыс салт жырларына қандай жырлар жатады? ( бесік жыры, тұсаукесер, жар-жар, тойбастар, беташар, бата-тілек, жоқтау, қоштасу, сыңсу)


(Сұраққа жауап бере алмаған 1 ойыншы ойыннан шығарылады.Әр кезеңде осылай ойыншы азайып отырады.)


-Теректей тамырыңды жайып терең,


Жете бер жақсы күнге халықпенен.


Тулаған толқындардан тайсалмасын,


Табиғат мұхитыңда алып кемең, - деп, IV кезең «Беласар» деп аталады. Бұл кезеңде мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.


Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан


ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.


Алты түлкі


Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі :

-«Сенің құйрығың жоқ» — деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.

«Біз бір жақсы ойын ойнайық» — деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге :

«Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.(күлме досқа, келер басқа)


Атасы мен немересі


Атасы қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» -дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»-дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды


(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)


Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып, етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.

Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты. Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып; Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;

-Ойбай! Бауырым-ай!-деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті


(Ұрлық-түбі қорлық)


-Қазақ деген халықтың баласымыз,


Алда талай алынар асуымыз.


Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,


Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз, - деп, сайысымыздың V кезеңі «Жолайрық» деп аталады. Бұл кезеңде 2 оқушы қалады. Әр түрлі тақырыпта қойылатын логикалық сұрақтар, әзіл түрінде жылдам жауап беруге тырысу керек.

1. 9 қабатты ғимараттың 9-шы қабатында бір бала тұрады екен. Бұл балаға досы қонаққа келе жатып, лифтке мініп 6-қабатты басып, 6-шы қабаттан түсіпті, қалған 3 қабатқа баспалдақпен жаяу көтеріліпті, не үшін?


(Бойы қысқа болғаны үшін, одан жоғарыны басуға қолы жетпегені үшін)


2. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе? (есіміміз)


3. Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге? (суретке тусіп жатырмын деп ойлайды)


4. Қай айда 28 күн бар? (барлық айда)


5. Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені босатамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді? (Тұтқын сорпаны ұрттағанда бір ұрттамы кеміген еді. Соны айтып бостандыққа шығады)


6. Құлақ не үшін керек? (көзілдірікті ұстап тұру үшін керек)


7. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не? («а» әріпі)


8. Бір пілдің үстінде 100 құмырсқа бар екен. Піл сілкініп қалғанда құмырсқалардың біреуі ғана қалып қалғандары жерге құлап түсіпті. Пілдің үстіндегі құмырсқа төмендегі құмырсқаларға қарап не деп айтқан? (ез оларды)


9. Теңіздің ортасында не бар? (ң әріпі)


10. Жеген сайын жылататын нәрсе? (таяқ)


11. Есікті ашу үшін не қажет? (есік жабық болу керек)


12. Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен)


13. Патша кімнің алдында тәжін шешеді? (шаштараздың алдында)


14. Суды елекпен қалай тасуға болады? (мұз қылып қатырып)


-Кездестік міне тағы да,


Саласында білімнің.


Сараптауға асықпай,


Сұрағын «Алтын көмбенің», - деп, сайысымыздың соңғы кезеңі , яғни ҮІ кезең «Алтын көмбеге» келдік. Бұл жерде жеңімпаздың өзі таңдайды, яғни «Алтын көмбенің» сұрағына жауап бергісі келеді ме екен? Дегенмен де «Алтын көмбенің» сұрағына жауап бермесе де өз еркі жеңімпаз болып қала береді, бірақ жеңімпаз оқушы алдында қандай болмасын қиын сұрақ болса да жауап береді деген үміттеміз, өйткені ертеректе біздің батырларымыз қиын-қыстау кезеңде жол таба білген, олай болса біз де сол батырлардың ұрпағы емеспіз бе, оқушылар.


  • Ой жарайсың! Алдымен «Алтын көмбенің» сұрағын тыңдап ал, (төменде берілген сұрақтардың ішінен біреуін жеңімпаз атанған оқушының деңгейіне қарай қоямын)


Сұрақ: Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысын суреттеуді не деп атайды? (портрет)


Сұрақ: Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін не деп атайды? (Кейіптеу)


Сұрақ: Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады? (Диалог)


Сұрақ: «- Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманы, құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер». Қай ертегідегі кімнің сөзі? («Аяз би» ертегісі )


Сұраққа жауап берсе, ол жеңімпаз болып табылып, марапатталады.


-Жарқырап жұлдызымыз жана берсін,


Қазылар бізге әділ баға берсін.


Осындай жақсы қызық ойын-сайыс,


Алда да өз жалғасын таба берсін, - деп,


Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.


- Осымен бүгінгі ойынымыз өз мәресіне де келіп жетті, жеңімпазды құттықап қояйық, жеңісімен. Келесі кездескенше қош сау болыңдар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!