Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Ата салтым - алтын қазынам 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты Ата салтым - алтын қазынам 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмекші тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
715
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы

Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Ата салтым-асыл қазынам

Мұғалімнің аты-жөні:

Абилдаева Эльмира Осимбековна

СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, халық өнегесінен тәлім алып, адами құндылықтарды бойларына қалыптастыру.Туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату.

Тілдік құзіреттілік


Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, наным-сенім

Ресурстар

Суреттер, слайдтар, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс,

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, «Көңіл-күй» тренингі, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, музыка

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы


Ұйымдастыру кезеңі.

Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

1-топ: Салт-дәстүр

2-топ: Әдет-ғұрып

3-топ: Ұлттық ойындар

4-топ: Ырым-тыйымдар

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көңіл-күй» тренингі

(Жұлдызша, күн, алақан,жүрек т.б. ) әр түрлі суреттерді таңдайды. Суретті не үшін таңдағанын білу. Топтар таңдаған суреттер бойынша тілектер айтады.


1-топ: Салт-дәстүр

2-топ: Әдет-ғұрып

3-топ: Ұлттық ойындар

4-топ: Ырым-тыйымдар


Суреттер

Кіріспе


Жаңа білім:

Бейнебаян. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

1.Салт-дәстүрлер дегеніміз не:

Салт-дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.

2.Бейнебаяннан қандай салт-дәстүрлерімізді байқадыңыздар?

Мысалы, той, көрімдік, сүйінші, наурыз көже, қыз ұзату, шашу, ерулік т.б.

Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.

Халқымыздың салт-дәстүрлері туралы туралы бейнебаянды көріп, сұрақтарға жауап береді.

Негізгі бөлім:

Қолдану

Топтық тапсырма:

Дәстүрлерді қаншалықты білеміз?

1-топ: «Салт-дәстүр» тобына: «Бесікке салу» салты

2-топ: «Әдет-ғұрып» тобына: « Бата беру» дәстүрі

.

3-топ: « Ұлттық ойындар» тобына:

«Ұлттық ойындар»


4-топ: «Ырым-тыйымдар» тобына: «Наурыз тойы»

Оқушылар топтық жұмыста бірлесе отырып, берілген тақырыптардағы дәстүр туралы не білетіндерін ортаға салады, көрініс арқылы көрсетеді.

Сергіту сәті


« Бесік жыры» әні


Қорытынды бөлім:

« Кім білгір» ойыны

1. Мақал-мәтелдер 10 20 30

2. Салт-дәстүрлер 10 20 30

3. Ырым-тыйымдар 10 20 30

1. Мақал-мәтелдер:

10. Жақсы сөз сүйіндіреді

... ... ...

20. Жаңбырменен жер көгерер

... ... ...

30. Бидайдың кеудесін көтергені дақылы жоқтығы

... ... ... ... ...

2. Салт-дәстүрлер:

10. Жаңа туған балаға,жас келінге тағы басқаларға алғаш көрген сәтте сұралатын сый

20. Сәбиге тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып

30. «Сауын алу» салты туралы не білеміз

3. Ырым-тыйымдар:

10. Бас киімді баспа

20. Нанды бір қолмен үзбе

30. Құстың ұясын бұзба

Топтар ұяшықтағы сұрақтарды таңдайды, жауап береді.

Бағалау


Кері байланыс


Жұлдызша арқылы топтарды бағалау


« Бес саусақ» әдісі

Топтарды бағалау

«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерін, түйген ойларын суреттегі алақанға жазып, тақтаға іліп, күн бейнесін жасайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!