Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Ата Заң" және "Асыл ойдың алыптары" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Ата Заң" және "Асыл ойдың алыптары" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата Заңымыз және Әл-Фараби мен А. Құнанбаев өмірі,еңбек жолы туралы түсінік береді, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
958
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні: 1.09.2020

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау жалпы орта мектебі

Сынып: 9 сынып

Сынып жетекшісі: Майра Кубашева Мажитқызы

Сабақ тақырыбы

"Ата Заң" және "Асыл ойдың алыптары"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушыларға ҚР Конститутциясының 25 жылдығы мен Ұлы ойшылдар, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу - Насыр Әл-Фарабидің 1150 және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді. Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ата Заңымыз және Әл-Фараби мен

А. Құнанбаев өмірі,еңбек жолы туралы түсінік береді, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді.



Көптеген оқушылар: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді


Кейбір оқушылар: : Әл-Фараби мен Абай Құнанбаев өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беререді, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді. Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді

Тілдік мақсаттар


Құрыш – жылтыр сұр түсті, темір мен көміртегі және басқа бекіткіштердің ерітіндісінен тұратын болаттың берік түрі;

Мәртебе – бұл  жерде: мәрте, рет;

Әзәзіл – азғырушы, арбаушы;

Малдану – бұл жерде: пайдалану, пайда көру.

Құндылықтарды дарыту




Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби және Абай Құанбаев мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, дүниетану , музыка,

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук, ZOOM платформасы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлатсыздар ма Оқушылар ! «Ата заң және Асыл ойдың алыптары» атты тарбие сабағымызға қош келдиниздер!

І топ ҚР Конститутциясының 25 жыл

ІІ топ Әбу Насыр Әл- Фарабидың 1150 жыл

ІІІ топ Абай Құнанбайұлы 175 жыл дайындалуға күні бұрын бөліп, тапсырмаларын бердім.



Топ басшылары:

І топ Камок А

ІІ топ Игилик Э

ІІІ топ Елдосова Г

Сабақтың ортасы

І. Мұғалім сөзі:

Осы жылы елімізде айтулы мерекелер көп соның бірі және бірегейі Ата заңымыз Конституцияға биыл 25 жыл, ұлы ғұламалар ӘбуНасыр Әл- Фарабидың 1150 жыл және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы тойланып жатыр Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаған елміз. Сондықтан Конституцияны құрметтеу оны ұлықтау біздің басты парызымыз. Қазақ елінде заң үстемдігін орнатамыз десек ең алдымен Конституцияны және осыған негізлелген барлық заңдармен өзгеде құқықтық актілерді бұлжытпай орындап сақтай білуіміз керек.

Сөздің қадіріне жеткен қазақ ежелден ақ заңдарын тайға таңба басқандай жазып қолданып отырған, атап айтқанда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз-Тәукенің жеті жарғысы».

Кей деректерге сүйенсек, Конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары «құқықтар жөніндегі билль» деген атпен қабылданған. Ал, жазбаша конституция 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келіпті. Әрине, бұл - кәріқұрлық Еуропаның қайта жаңғыру дәуірінен кейінгі демократиялық қоғамға жасаған алғашқы қадамдарының бірі. Ал, Қазақстанда Конститутция 1924 жылы одан кейін, 1937, 1978 жылдары жазбаша түрде қабылданды дегенімізбен дала демократиясына сүйенген қазақ елі ежелден салт дәстүр, белігілі заң қағидаларын басшылыққа алған билер институтымен қоғамдық мәселелерін реттеп отырды.

Бүгінгі Қазақстан мемлекетінің ұйытқысы Ата заң мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын, ата бабаларымыздың ар-мен намыстан тұратын бірлік, тыныштық идеясын өз бойына сіңірді. Қазіргі қолданыстағы Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған дейін, яғни, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Ата Заңын қабылдаған болатын. Бірақ 1993 жылғы Конституция кеңестік қағидаларға негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына жауап бере алмады. Сондықтан, 1995 жылы жаңа Конституция қабылданды. Жаңа Конституцияның ерекшеліктері - заң шығарушы, атқарушы, сот билігін белгілеп, олардың құзіретін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап береді.

Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Конституцияның 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін көрсетеді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану - ел тәуелсіздігінің көрінісі. Ең бастысы, бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, ел болу жолындағы басты міндеттердің бірі - Конституцияның құрметін арттыру.

Қазақтың киелі топырағы, ұлы даласы қашан да, қай кезең мен дәуірлерде заманының заңғар тұлғаларынан кенде болмаған. Қай ұлт болмасын өткен тарихынан, тұлғаларынан нәр алып, жарқын болашаққа нық сеніммен қадам баса алатындығы ақиқат. Себебі кез келген ұлттарихындағы ұлы тұлғалардың алар орны ерекше. Міне сондай ұлы тұлғалар қатарына қазақ руханиятты шыңының бір басында бүкіл шығысты мойындатқан Әбу Насыр әл - Фараби тұрса, екінші басында өзіндік гуманистік ойларымен тәнті еткен Абай Құнанбайұлы тұр. Әбу Насыр әл - Фараби және Абай Құнанбайұлы секілді ұлы тұлғалар арқылы қазақ даласында ежелден жазу мен сызудың , өркениеттің, ғылым мен білімнің, музыка, жазба әдебиеттің өркен жайғанын бүкіл әлемге паш еткен болатын.

Қазақстан халқы 2020 жылы ғалым, философ Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық және ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын мемлекеттік деңгейде атап өтпек. 2019 жылдың 26 тамызында Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің ел президенті ретінде Қазақстан халқына жолдаған алғашқы "Сыңдарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауында: "Келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмысы басталады. Бәріміз Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек" деп атап өткен болатын.

Ғұлама ғалым Ә.Х.Марғұланның айтқанындай: "Абай мен Әл-Фарабидің көздегені адамдардың рухани байлығы, олардың бақытты болуы мен әсемдікке ұмтылуы болып табылады". Қазақтың бағына біткен майталман тұлғалары Абай мен Әл-Фарабидің әр дәуірде өмір сүргенімен, екеуінің артында қалдырған еңбектері мен жазбаларында айтқан даналық, ғибратты сөздерінің арасында үлкен байланыс жатыр. Біз бұл тұлғаларды, өздері айтқан ғылыми - танымдық ойлары арқылы танып білеміз. Абай мен Әл-Фараби ой - толғамдары халқымыздың үлкен мұрасы.


ІІ. Қызығушылықты ояту.

Ведиоролик көрсету.

1. Конститутцияның 25 жылдығына

2. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына

3. Әбу Насыр Әл- Фарабидің 1150 жылдығына

І ІІ. Топтық жұмыс:

Shape2 Shape1


Shape4 Shape3

Ата Заң


Shape5

Shape6

Shape9 Shape8 Shape7







ІV "Сұрақ-бізден, жауап-сізден"

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қай жылы және қалай қабылданды? 1995 ж. 30 тамыз, Бүкілхалықтық Референдум;

  1. Азаматтықты куәландыратын құжат?  Куәлік, төлқұжат.

  2. Заң дегеніміз не?  Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат.

  3. ҚР-ның құқық қорғау органдарын ата? Прокуратура, ішкі істер органы,

ұлттық қауіпсіздік органы,

  1. Құқық дегеніміз не?  Белгілі бір мемлекетте қабылданған және

қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың жүйесі.

6. « Қылмыс» деген сөздің анықтамасын айтыңыз.

Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет.

7.ҚР-ның Конституциясына анықтама бер. 

ҚР-ның Конституциясы Демократиялық, өркениетті даму жолына

түскен мемлекет пен қоғамның негізгі нормативтік актісі.

8.Жасөспірімдер қылмыстық жауапқа қанша жастан бастап тартылады?

16 жастан, өте ауыр қылмыс істеген  жағдайда 14 жастан;

9. Әрбір азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы не?

Отан қорғау, әскери борышты өтеу.

10. Егер адам 16 жасқа толмаса, оның азаматтығы немен расталады?

Туу туралы куәлік, ата-анасының төлқұжаты;


1. Әбу Насыр әл - Фараби кім?
2. Әбу Насыр әл – Фарабидің өмірі жайлы әңгімеле.
3. Алғашқы білімін қай қалада, қандай тілде алады?
4. Әбу Насыр әл-Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы.
5. Отырар қаласы, ұлы Жібек жолы жайлы не білесің?
6. Әбу Насыр әл – Фарабиді «Шығыстың Аристотелі» деп аталу себебі.
7. Әбу Насыр әл - Фараби еңбектерін ата?

8. Әбу Насыр әл – Фараби бойындағы көп қасиеттері мен, дарындылығы ХІХ ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?
9. Әбу Насыр әл-Фарабидің медицинаға қосқан үлесі.

10. Әбу Насыр әл-Фарабидің музыка әлеміне қосқан үлесі.

  1. Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді? (1845 жылы)

  2. Абай Құнанбайұлының шын есімі. (Ибраһим)

  3. Абай Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келді? (Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ)

  4. Биылғы жылы Абай Құнанбайұлының неше жылдығы тойланады? (175 жылдығы)

  5. Абай Құнанбайұлы қашан дүние салды? (1904 жылы)

  6. Абай Құнанбайұлының қанша қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар, 46-аяқталмаған)

  7. Абай Құнанбайұлын әлемге танытқан жазушы? (Мұхтар Омарханұлы Әуезов)

  8. Абайдың өлеңдерің ата?

  9. Бір өлеңін жатқа айтыңыз?

  10. Абай неше жасында өлең жазды? 14 жаста

Сабақтың соңы

Мұғалім сөзі: Олай болса балалар сендерге Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі – өнер - білімге, бірі - байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
- Әрине, өнер - білімге апарар жолды.
- Неге?
- Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.
Сонымен, оқушылар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.
Оқушылар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!