Материалдар / Ашық тәрбие сағаты, "Елбасы - ел тірегі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты, "Елбасы - ел тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
материалда елбасымыздың өмір жолы мен еңбегі айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

DrawObject1 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 Базақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ




Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы:


«Елбасы – ел тірегі»





Үйірме: «Жас натуралист»

Тобы: ІІ

Үйірме жетекшісі: Мырзабекова Акмарал Алтынхановна












Сарыкемер ауылы 2020 жыл

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы:  «Елбасы – ел тірегі»

Ашық тәрбие сағатының мақсаты:

- оқушыларға елбасы туралы білімін одан әрі жетілдіру үшін мемлекетіміздің тұңғыш президенті елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек жолымен және қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның өмірбаянымен таныстыру.

- болашақ ұрпаққа еліміздің егемендігін сақтауға, ұлтжандылыққа және Отанына қорған болуға тәрбиелеу.

- Президент жолдаулары мен реформаларын жан-жақты түсіндіру.

Жетістік критерийлері:

Тәуелсіз мемлекет пен елбасы туралы білімін одан әрі жетілдіру.

Құндылықтарды дарыту: оқушылардың өзін-өзі тұлға ретінде қалыптастыру, дамыту.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, «Кім жылдам» ойыны

АКТ қолдану дағдылары: интерактивті тақтада көрсетілген Президентіміздің еңбек жолы және реформаларымен таныстыру


Барысы:


І. Ұйымдастыру  кезеңі

Мұғалім:

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр жер көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)


Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!


Бүгінгі 1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер


Ел басымызға арналған мерекелік кешімізді ашу үшін ортаға Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы КММ директоры Жанысбаева Динара әпкиімізге сөз береміз.


1-жүргізуші: Тәуелсіз ел болғанымызға биыл 29 жыл. Тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырған екен. Тұңғыш президентіміздің еңбек жолына тоқталсақ


2-жүргізуші: №1 бейнебаянға назар аударайық

1 – оқушы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жылШамалған ауылыАлматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және "Нұр Отан" жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретінде өз орнын сақтап қалды.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 

1960 жылы Днепродзержинск қаласының № 22 кәсіптік лицейін бітірді. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатында ВТУЗ-ды бітірді.

Еңбек жолын 1960 жылы «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасының қызметкерлері бастады Қарағанды облысының Теміртау қаласы. Содан кейін ол құю машиналары үшін шойын ретінде жұмыс істеді, Қарағанды металлургия комбинатында тау-байыту пеші.

1965-1969 жылдары Қарағанды металлургия комбинатында (1966 жылдан - зауыт) қайта жұмыс істеді: диспетчер, газ маманы, домна пештің дүкеніндегі аға газетші.

1969-1973 жылдары - Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партиялық, комсомол жұмысында. 1973-1978 жылдары - Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы. 1978-1979 жж. - хатшы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы.

1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылғы 14 шілдеден бастап 1991 жылғы 23 тамызға дейін - КОКП Орталық Комитетінің Саяси бюросының мүшесі. КОКП Орталық бақылау комиссиясының мүшесі (1981-1986). (1981-1986). КОКП Орталық комитетінің мүшесі (1986-1991).

2 – оқушы

Қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

3 – оқушы

Реформалары

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.[9]

  • 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

  • Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

  • Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

  • Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!