Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Жол ережесін білу - бәріне міндет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Жол ережесін білу - бәріне міндет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
1349
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жол ережесін білу – бәріне міндет»

Мақсаты: Оқушаларды жол ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, жол белгілермен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу, жол апатынан сақ болуға үйрету.

Көрнектілігі: слайд, жол белгілері салынған суреттер

Мұғалім:Армысыздар, құрметті оқушылар! Біздің қаламызда, еліміздің барлық қала, ауылдарына – бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

  1. «Бағдаршам» тобы. 2. «Жол сақшылары» тобы. 3. «Жол белгілері» тобы.

1 – кезең. «Жол ережелері»

2 – кезең. «Жол белгілері»

3 – кезең. «Көше көмекшілері»

4 – кезең. «Көшедегі кездейсоқ жағдайлар»

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері, басымдылық белгілері, тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері, ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері,

қосымша ақпараттық белгілер.

1 – кезең. «Жол ережелері»

Мұғалім:Көшеде жүру тәртібін не басқарады?

Оқушылар:(бірге)Бағдаршам.

6-оқушы: Бағдаршам-өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз,оның сырын біліп,тілін алу баршамызға керек.

Мұғалім:(Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді)

7-оқушы:Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім:(Бағдаршамның сары көзін көрсетеді)

8-оқушы:Сары көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта .

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім:(Бағдаршамның жасыл көзін көрсетеді)

9-оқушы: Жанса көзі жасыл,

Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ сасып.


3) Балалар бағдаршам жарықтарын қалай пайдалануға болады?

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жол сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң

Мойыныңды бұр сол жақтан оң жаққа.


10-оқушы:Бейғам кісі – бейбақ,

Болбыр, бейғам болма.

Бас аяқты ойлап,

Бол ұқыпты жолда.

Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де

Үйренесің біртіндеп,

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.


2 – кезең. «Жол белгілері»

Жол белгілері – жолдағы жүрісті ұйымдастырып тұратын құрал. Осы төрт топтан басқа тағы «Қосымша мәлімет құралдары» болады.

«Ескерту белгілері» қызыл жиекті, реңі сары, үшбұрыш формасында болады. Белгі жүргізушіге алдағы қауіптің сипаты және алдын ала шаралар қолдану қажеттігін хабарлайды.

«Тыйым салынатын» белгілерінің реңі қызыл, көгілдір болады. Бұл белгілер тиісті дәрежеде жүріске шек қояды немесе шектеулерді жояды.

«Анықтама белгілерінің» жалпы белгісі – көгілдір шеңбер. Ол транспортқа тек қана белгілі бағытта мөлшерлі жылдамдықпен тиісті жүргізушілердің жүруіне рұқсат етеді.

«Сілтеу белгілерінің» реңі сары, ақ, көгілдір болады. Тік төрт бұрыш формалы. Бұл белгі жол жағдайының ерекшеліктерін, объектілердің жол бойында қалай орналасқанын хабарлайды.

«Қосымша мәліметтер құралдары» ақ, сары, көгілдір түсті табличкалар. Олар өздеріне қатысты жол белгілерінің күшінде болу аймағын шектейді не күштейтеді.

«Жалғасын тап» деген ойын түрінде өтеді. Қазір мен бірнеше жол ережелерін бастап оқимын, соңын Алибек аяқтайды. Сендер бұл ережелерді мұқият тыңдаңдар.Оқып болған соң, жалғасы екі топқа таратылады. Мен қайтадан жол ережесін бастап оқығанда сендер жалғасын тауып жалғастырыңдар.

1. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

2.Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

3. Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

4. Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек.Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді.

5. Транспорттың артына жабысуға болмайды,құлап, апатқа ұшырауын мүмкін.

6. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр.

7. Көшеде тоқтап тұрған көліктің қасынан абайлап өт, көлік есігін ашып қалуы мүмкін.

8. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол!Асықпа! тек тратуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

«Жол белгілері» Бұл кезеңде әр топ өздерінің дайындаған жол белгілері бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

1-сұрақ: Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

Жауап: Жаяу жүргіншілер жиек жолмен жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, бұл – қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады. Ал артынан қуып жеткен адамдарға сол жағынан емін-еркін өтіп кетуге мүмкіншілік жасалуы тиіс.

2-сұрақ: Топталып келе жатқан жаяу жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?

Жауап: Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек.

3-сұрақ: Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

Жауап: Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанымен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін.

4-сұрақ: Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?

Жауап: Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.

5-сұрақ: Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?

Жауап: Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін.

Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

6-сұрақ: Аялдамаға тоқтаған автобустың, троллейбустың, трамвайдың қай жағынан өтуге болады?

Жауап: Аялдамаға тоқтаған автобустың, троллейбустың, трамвайдың алдынан да, артынын да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту тиіс.

7-сұрақ: Жолаушылар автобусқа, троллейбусқа, трамвайға қалай мініп-түсуге тиіс?

Жауап: Аялдамаға келіп тоқтаған автобус, троллейбус, трамвай толық тоқтаған кезде ғана оған мініп-түсу керек.


III-кезеңі«Көше көмекшілері» деп аталады.. Әр топ өздерінің дайындаған жұмысын көрсетеді. «Көшедегі кездейсоқ жағдайлар» деп аталады. Бұл кезеңде көше оқиғаларына байланысты көрініс көрсетеді.

Мұғалім:Балалар,биылғы жылы бірнеше баланың кездейсоқ қазаға ұшырағанын білесіңдер. Неліктен олай болған себебі–оқушы көшеде жүру ережесін білмеген.

10-оқушы: Асығыпты көшеде,

Жел болып ол ұшыпты.

Машинаның астына,

Абайсызда түсіпті.

Өше қалғанотындай,

Жатыр бала сәл жанып.

Шофер да тұр дәл-сал боп,

Жүзін қара тер жауып.

11-оқушы: Әкесі кеп еңкілдеп,

Бала үстіне құлады.

Екі иығы селкілдеп,

Өксіп-өксіп жылады.

Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар,балалар,

Сақ жүріңдер көшеде!

1) Әр бір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс.

2) Ұшқалақ бала ұрыншақ,

Ойлалық, соны ұғынсақ.

Машина алдын кеспесек,

Уайым-қайғы шекпес ек

Жұмбақтар: Көліктің қаншасын жолынан өткізген

Іргеден басталып,алысқа жеткізген. (жол)


Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бр бірақ та. (бағдаршам)


Бір көзім «кідір»- дейді,

Бір көзім «жүгір»- дейді.

Бір көзім «абайла »- дейді

«Қарап ал маңайға »- дейді ( бағдаршам)


Үлкен- үлкен қалаларда жүреді,

Табаны темір, төбесінде жүрегі (трамвай)


Қорытынды: Оқушылардың қосымша дайындаған деректерімен қорыту

Үйге тапсырма: суреттер салу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!