Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: Мамандық: кеше, бүгін, ертең
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты: Мамандық: кеше, бүгін, ертең

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар беру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2022
2504
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

Ашық тәрбие сағаты: Мамандық: кеше, бүгін, ертең

Сыныбы:11а

Сынып жетекші: Г.У.Танашева



2021-2022 ж

Ақкемер ЖББОМ








Педагогтың аты-жөні

Танашева Г.У

Күні

20.01.22

Сынып 11а

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың  тақырыбы

Мамандық: кеше, бүгін, ертең



Сабақтың  мақсаты

Оқушылардың мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар беру. 
Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 7 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Ойын-баттл: "Әріпті мамандық" Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды. Және қолда допты үш секундтан артық ұстамау керек.

Сұрақ: «Қиналған себептеріңіз не?»


Нақыл сөздер арқылы топқа бөлу.

  1. Әсемпаз болма әрнеге
    Өнерпаз болсаң арқалан
    Сен де бір кірпіш дүниеге
    Кетігін тапта бар қалан, (Абай)

  2. Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз. (Әл-Фараби)

  1. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. (Ж.Аймауытов)


Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір- біріне доп лақтыру арқылы өз аттарының әріпіне сай мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.



Оқушылар қима-қағаздар алу арқылы топқа бөлінеді






























Доп







Қима қағаздар













Ортасы

25 минут

Аяқталмаған сөйлем «Мамандық .....»


Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша әлемде 22 қызмет саласы

бойынша 114 топқа бөлінген 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Қазақстанда осы мамандықтардың 300-ге жуық түрі кездеседі. Профессия — латын сөзінен шыққан, professio”, -анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды.


«Білеміз бе?» Постер

Сарапшыларының айтуынша, әр заманда кейбір мамандықтарға сұраныс тоқтайды. Есесіне жаңа мамандықтар пайда болады. Бұл – уақыт талабы және өмір заңы.

Жылдар өткен сайын тех­но­логиялар жаңарып, қон­дыр­ғылар ескіреді, құрал-жаб­дықтар металл үйіндісіне айналады. Соған орай мамандықтар да ескіріп, мүлде жойылады.



І топқа «Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар»

ІІ топқа «Қазіргі заманның мамандықтары»

ІІІ топқа «Болашақтың мамандықтары»

Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз


Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
Анықтаңыз сіздің кәсіби қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз қандай. Біз оларды қысқаша "Қалаймын"деп атаймыз.
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Үшіншіден, қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін біліңіз. Бұл "Қажет". Егер сіз "Мен қалаймын", "аламын", "қажет" үйлестіре алсаңыз, онда сіздің кәсіби таңдауыңыз сәтті болады.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Оқушыларға пайдалы мәлімет.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

Жаттығу: «Таңда, ойыңды дәлелде»

"Трендтегі мамандықтар".

"Әрқашан қажет мамандықтар".

"Ең батыл мамандықтар".


Оқушылар сөйлемді аяқтап ойларын жеткізеді.

Біздің болашағымыз
— адамның болашаққа апаратын жолы;
— адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
— мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
— оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
— ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау,

арманыңды іске асыру;

келешекке қойған жоспары


Оқушылар берілген тақырып бойынша постер дайындап қорғайды.













.



































Оқушылар карточкалардағы қатысты бір мамандықты атап, дәлелдейді.
























Таратпа материалдар, маркер, плакат



Слайд













































Карточкалар

Сабақтың соңы



10 минут













Сергіту сәті


Ашық микрофон

1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

4. Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

5.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

6.Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай дайындауы керек


«Уақыт капсуласы» 2022-2032ж

Оқушылар өздерің он жылдан кейін қалай көретіндігін, қандай мамандық иесі болатындығын жазады.


Сіз қай мамандыққа лайықсыз?












Оқушылар өздерің он жылдан кейін қалай көретіндігін, қандай мамандық иесі болатындығын жазады

Қалам,қағаз алып өздеріңе ұнаған геометриялық фигура салады.






Микрофон













https://www.youtube.com/watch?v=xG6Y9E02iiA&t=11s

Рефлексия:

1 мину

Рефлексия.

1.Сен өзің  үшін  жаңалық  алдың ба?

2. Сен  үшін  бүгін  не  нәрсе  күрделі  болды?

3.Саған  бүгін  не  нәрсе  ұнады?

4.Бүгін  қандай  жаңа  мамандықтар  туралы  мәлімет алдың?

5.Бүгін  қандай  мамандықтар  туралы  айтылды?

Қорытынды:

Жүсіпбек Аймауытов: «Өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білуіміз керек» деген тұжырым жасаған. Себебі жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау

Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

Оқушылар алған ақпараттары туралы ой қорытады.


Қима қағаздар










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!