Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты. "Менің құқығым"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Менің құқықтың алаңым»
Мақсаты:
1. Бала құқықтары, оларды сақтау, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастырып, айналадағы адамдарға шыдамдылықпен, құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу, коммуникативтік құзырлықты, ой ұшқырлығы мен логикасын дамыту.
Сабақтың көрнекіліктері: Декларация, Конвенция, ҚР Конституциясы, Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Неке және отбасы заңы, ҚР баланың құқығын қорғау заңы, үлестірмелі және демонстрациялық материал, презентация.
Сабақтың барысы:
І. шаттық шеңбері:
Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне шақырады.
- Қайырлы күн, балалар! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдарлы, ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. Осындай жақсы көңіл-күймен, бір-бірімізге «Күніміз сәтті болсын!» деп тілейік.
ІІ. Әңгімелесу:
1. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Оқушылар! Күнделікті өмірімізде біз өзіміздің құқығымызды, міндетімізді және жауапкершілігімізді қалай жүзеге асырамыз, міне осы және де басқа сұрақтарға бүгінгі сабақта жауап беріп көреміз.
Тұтынушы – қандайда болсын тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма (ұйым); сондай-ақ жеке бастың тұрмыстық мұқтаждары үшін тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақырғы пайдаланушы, сатып алушы, оларға тапсырыс беруші не оларды сатып алуға немесе оларға тапсырыс беруге ниет білдіруші. Тұтынушы көбінесе тауардың бағасына, пайдалылығына, қолайлылығына, сапасы мен әдемілігіне баса назар аударады. Тұтынушының өндірушінің немесе сатушының клиенті болуы міндетті емес. Мысалы, баласына сағат сатып алған ана дүкеннің клиенті болып табылады, ал оның ұлы – тұтынушы.
-
Оқушылар, құқық дегеніміз не?
-
Тұтынушы дегеніміз не?
Жауабы: Құқық - қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар менережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым
1959 жылы Балалардың құқығын қорғау декларациясы жарық көрді. Бұл Декларация балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарды. Оның мазмұны балаларға үлкен мейірімділік және жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Бірақ, декларация тек ұсыныс ретінде көрсетілген болатын.
Қоғамның балаларға қатысты түрде қамтамасыз етуі тиіс негізгі принциптер:
- Бала мүддесін барынша жақсы қамтамасыз ету;
-
Кемсітпеу;
-
Өмір сүру, есею және ержету құқығы;
-
Бала көзқарастарына құрметпен қарау;
-
Баланы қорғау, оның қоғам өміріне белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету.
Біздің мемлекетімізде біз міндетті түрде орындайтын Негізгі заң бар ма?
4. Бұл заң қалай деп аталады?
Жауабы: Конституция.
Мемлекет пен қоғам арасындағы қатынасты басқарып, қадағалайтын заңдар – Конституцияда жазылған. Сонымен қатар: «Неке және отбасы» заңында, ҚР Азаматтық Кодексінде, ҚР Еңбек Кодексінде, ҚР Қылмыстық Кодексінде. (Кітаптарды көрсету).
ІІІ. Тапсырма
1. Оқушылар, сендердің қандай құқықтарың бар? Қандай құқықтарыңды білесіңдер? (слайдпен балалардың құқықтарың көрсету).
Алексей Толстойдың «Алтын кілт және Буратиноның басынан өткерген оқиғалары» иллюстрацияларын талқылап көрейік.
Көптеген көркем әдебиеттерде негізгі кейіпкерлердің құқықтары көрсетіледі. Сіздер декларациядағы баптарға сүйене отырып, сұрақтарға жауап беріңдер. (бұл жұмыс жеке орындалып, презентациядағы иллюстрацияларға қарап жауап беріледі)
1. Папа Карлоның Буратиноға әліппені сыйлауының мақсаты не?
Жауабы: Буратиноның тегін білім алу құқығын пайдалану үшін.
2. Неге Буратино театр труппасына қайтседе кіргісі келді?
Жауабы: Өйткені, Буратиноның Мәдени және шығармашылық өмірге
жан-жақты қатысуға құқығы бар.
3. Карабас Барабас Буратиноның қандай құқығын бұзды?
Жауабы: Адамдық қадір-қасиетіне және бас бостандығына қолсұғушылықтан қорғану құқығын
4. Буратиноның ақшасын тартып алып, оның өзіне тиесілі мүлкін заңсыз иеленгісі келген Базилио мен Алиса Буратиноның қандай құқығын бұзды?
Жауабы: Сыйлыққа, мұраға алған заттарға жеке меншік құқығын
Ү. Әңгімелесу
Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы, сонда сендердің құқықтарыңды кімдер шектей алады?
Жауабы:
1. Сенің ар-ұятың
2. Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері
-
Заңдар
Оқушалар біздің мектепте де басқа мекемелерде сияқты қандай құжат бар?
Жауабы: мектеп жарғысы. Жарғы – бұл мектеп құжаты және мектептің негізгі заңы. Мектеп жарғысы оқушылар мен олардың ата-аналарының құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Ол Жарғы мектептің 3 этажінде орналасқан.
Қорытынды: Өз құқықтарыңды қорғаған кезде өз міндеттерің туралы ұмытпа. Өйткені: «Міндетсіз және жауапкершіліксіз құқық жоқ», «Сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі»
ҮІ. Тапсырма «Құқық және міндет» (слайдтан көрсетіледі)
Оқушының құқықтары мен міндеттерін екі қатарға орналастыр:
-
Тегін білім алу
-
білім алудағы белсенділік
-
барлық мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастарын құрметтеу.
-
ыңғайлы жұмыс орны
-
мектепке белгіленген тәртіп бойынша бару
-
өз мүлкін қорғау
-
мектеп іс-шараларына қатысу
-
себепсіз сабақтан қалмау
-
сабақ уақытысында және үзіліс кезінде өзін-өзі мәдениетті ұстау
-
мұғалімдермен іскерлік байланыстарда болу
-
жол ережелерін және қауіпсіздік шараларын ұстану
-
мектеп мүлкін сақтау
-
өз көзқарасын еркін білдіру
-
ана тілдің тазалығын сақтауға
Жауабы:
Құқық: 1,2,4,6,7,10,14
Міндет:
3,5,8,9,11,12,14
Қорытынды
Әркез естеріңізде болсын. Әр жасаған әрекеттеріңіз үшін сіз жауап беруіңіз керек. Және де көптеген сәттерде мұндай әрекетке бармаудың шешімі, компромисі болады.
ҮІІІ. Анкета
Оушылар! Бүгінгі сабақта біз өзіміздің құқықтарымыз, міндеттеріміз және жауапкершілігіміз туралы айттық. Қазір сабақтың соңында мен сендерден мына тест сұрақтарына жауап берулеріңді сұраймын. Егер сендер шын жауап берсеңдер мынаны түсінесіңдер: мен барлығын дұрыс жасап жүрмін бе, жоқ әлі де мен мінез-құлығымды өзгертуім керек пе?
1 – Саған жаңа жыл мерекесіне арналған мектеп газетасын безендіру тапсырылды:
а) Мен барлық басқа жұмыстарды
тоқтатып бірден газетті безендіруге кірісемін
б) Мен безендіруді уақытым болған кезде бастаймын.
в) Бұл жұмысты басқа сыныптағы балаға тапсырамын.
2 – Сен маршруткада келе жатырсың. Аялдамадан кәрі кісі кірді. Сен:
а) өз
орнымды беремін
б) көрші отырған адамды орын берші деп сұраймын.
в) Кірген адамға қарамай, терезеге қарап отырамын
3 – Сен сенің сыныптасыңды ұрып жатқанын көресің.
а)
Сыныптасымды қорғап алуға тырысамын
б) Көшеде келе жатқан үлкендерден көмек сұраймын
в) Көрмегенсіп өтіп кетемін
4 – Сен көшеде 50000 теңгесі бар әмиянды тауып алдың:
а)
Әмиянның қожасына беруге тырысамын
б) Үлкен кісілерге бере саламын
в) Өзіме аламын
Жауабы: а) – 5 ұпай; б) – 3 ұпай; в) – 0 ұпай.
Егерде сен 15 – 20 ұпай жинасаң – онда сен тәрбиелі адамсың. Осындай өзіңе сенімді болып жүре бер. Сенің ата-анаң мен мұғалімдер сені мақтан тұта алады.
Егер де сен 10 – 14 ұпайға дейін алсаң – онда саған ойланып, өзіңмен әлі де жұмыс жасауың керек.
10 ұпайдан төмен алсаң – онда сен өзіңнің көзқарасыңды толығымен өзгертіп, өзіңді тәрбиелеуің керек.
ІХ. Қорытынды
Оқушылар! Құқық үлкен адамдарда да, кішкентай балаларда да болады. Бірақ құқықтан басқа адамдарда қоғам алдында өз міндеттері мен жауапкершіліктері де барын ұмытпау керек.
P.S.Егер сен бүгінгі сабақта айтылған барлық ұсыныстарды орындасаң, онда сенде ешқандай проблемалар болмайды.
Х. Рефлексия: Бүгінгі сабағымыз кімді өз құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері туралы ойландырды?
ТАҚЫРЫБЫ: «Тұтынушылардың құқығын қорғау»
МАҚСАТЫ:
● адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
-
әр адам өз бостандығы мен құқықтарын қорғауға құқылы екенін дәлелдеу
-
құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;
-
өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
-
оқушылардың логикалық ойлау мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту дағдыларын дамыту;
-
оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру.
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: слайд, дөңгелете қойылған столдар; стол үстінде фломастерлер, ромашка гүлі салынған қағаз беттері, ромашканың ортасы әр түрлі түстен (топтардың санына байланысты); тапсырма салынған конверттер
Міндеттер:
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Кіріспе сөз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы – «Тұтынушылардың құқығын қорғау».
Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білетін боламыз, яни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.
Сөздікпен жұмыс.
1. Кәне, анықтап алайық, құқық дегеніміз не?
Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым
Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен
қарым-қатынасқа қойылатын талап
Мораль- адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.
Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлектеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт
Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды
қалыптастыратын салтанатты акт.
Әңгіме.
Оқушылар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы
-
Бала құқықтары туралы Конвенция
-
Бала Құқықтары туралы Декларация
-
Азаматтық Кодекс
-
Неке және отбасы туралы Заң
2. Топтарға сұрақ
- Осы құжаттарда бала деп көрсетілгендер кімдер, неше жастағылар деп ойлайсыңдар?
(Кәмелеттік жасқа толмағандар).
3. Шағын топтармен жұмыс. «Бала ма, бала емес пе?» ).
-
Кененбаев Мұрат әке-шешеден жетім қалды, өзі күтім тілеп отырған кәрі әжесінің қолында тұрады. Бірден-бір күнкөріс көзі – асыраушысынан айырылған адамға берілетін зейнетақы. Бала әжесін күтеді, кейде машина жуып табыс табады, кешкі мектепте оқиды.
-
Сәбитова Ира 16 жасында сәбилі болды. Ол кешкі мектепте оқиды. Ата-анасымен бірге тұрады.
-
Киркорова Ася 11 жаста, соның төрт жылын ол үй астындағы жертөле қабатта өткізіп келеді. Ата-анасы әуелі оны таяқтан көз ашырмады, ақыры өздері үйден кетіп тынды. Содан бері хабар жоқ.
-
Александр Ким мен Саша Малинина 17 жаста үйленді.
-
17 жастағы Тимур Қанатбаевты Орал қалалық соты ұрлық жасағаны үшін соттады. Бұған дейін ол бұзақылығы үшін түрмеде отырып шыққан еді.
4. «Құқықтық алаң» ұғымын анықтау
Құқық ұғымын анықтадық. Ал енді «құқықтық алаң» дегеніміз не? (Оқушылар жауап береді. Қиналған жағдайда мұғалім жауап береді).
Құқықтық алаң – адам құқықтарының жиынтығы
5. Шағын топтармен жұмыс
Сіздердің столдарыңызда түймедақ гүлдері жатыр. Алаңқайда өскен бұл гүлдер сіздер үшін құқықтық алаңқайдың символы іспеттес болсын.
Тапсырма. Әр топ өзінің құқықтық алаңқайын жасап шығару керек. Гүлге өздерінде бар деп есептейтін құқықтарын жазу керек.
«Құқық алаңқайы» жобасын құру және талқылау. (3-5 минут).
Әр топ өздерінің жобасын қорғайды да, тақтаға іледі.
Баланың құқықтық алаңымен танысу.
(Бұл слайдта баланың тұтас конституциялық құқықтары берілген. Ол үлкен алаң болып безендірілген. Яғни бөлек-бөлек түймедақ гүлдерінен әр түрлі түсті алаңқай құрастырылып шықты.)
Ал енді шын мәнінде біздің құқықтық алаңымыз қандай екен? Соған назар аударайық. Сіздердің алаңқайларыңыз бұл алаңмен сәйкес келе ме екен, тексерейік. (Тақтада «Құқықтық алаң». Сәйкес келетіндеріне белгі қоямыз. Ал оқушылар көрсетпеген құқықтарды қызыл фломастермен қоршаймыз).
«Кім жылдам»
Қазір сіздер слайдтар көресіздер. Слайдта баланың қандай құқығы бейнеленгенін шапшаң айту керек.
«Әрекетқабілеттілік пирамидасы» ).
Оқушылар , құқық бар жерде міндет те бар. Енді соған тоқталайық. Сіздердің құқықтарыңыздың шектелетін кездері де болады. Құқықтарыңызды кім шектей алады?
-
Сенің ар-ұятың
-
Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері
-
Заңдар
ҚР балалардың міндеттері:
-
білім алуға
-
тәртіп сақтауға
-
мектеп мүлкін сақтауға;
-
үлкендерді сыйлауға;
-
ана тілдің тазалығын сақтауға;
-
әрдайым таза, ұқыпты жүруге;
-
темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге, т.б.
Мектепте кездесетін жағдаяттарды талқылау
Шешім қабылдау:
«Біз сабақ үстінде ұялы телефон ұстамаймыз. Бұл – біздің шешіміміз. Және мұны біз орындаймыз»
Қорытынды:
Оқушылар! Құқық үлкен адамдарда да, кішкентай балаларда да болады. Бірақ құқықтан басқа адамдарда қоғам алдында өз міндеттері мен жауапкершіліктері де барын ұмытпау керек.
P.S.Егер сен бүгінгі сабақта айтылған барлық ұсыныстарды орындасаң, онда сенде ешқандай проблемалар болмайды.
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз