Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: "Қазақстаным - жүрегім,Түркістаным-тірегім!"

Ашық тәрбие сағаты: "Қазақстаным - жүрегім,Түркістаным-тірегім!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты: "Қазақстаным - жүрегім,Түркістаным-тірегім!"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2018
616
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Қазақстан жүрегім,Түркістаным-тірегім!Мақсаты:Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, тәуелсіздік сөзінің мағынасын ұғындыру, ҚР-ның Конституциясына шолу жасау, мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудағы президентіміздің таңдаған стратегиясымен таныстыру.Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді оқушыларға дәріптеу оларды Отан сүюге, ұлттық салт- дәстүр, әдет-ғұрпымызды берік сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : Қазақстанның картасы, «Түркістан- көне қала» бүктемесі, Тайқазан, Түркістан, Қ.А.Йассауи кесенесінің суреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар т.б. Сабақтың әдісі : Топтастыру ойын, сұрақ-жауап, әдеби монтаж.

Тәрбие сағатының барысы :

Түркістан- екі дүние есігі ғой, Түркістан-ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде тұрған, Түріктің тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып өскен, Тұранның тарихы бар толқымалы, Басынан көп тамаша күндер өткен. (М.Жұмабаев.)

Мұғалім:Түркiстан-Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмiрiнде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бiрi. Оныншы ғасыр жазбаларында "Шауғар", "Иасы" деген атпен белгiлi болып кеткен қаламыз кейiннен "Түркiстан" деп аталыпты. "Түрiк" сөзi түпкi мағынасы-"батылдық", "ер жүректi" дегендi бiлдiредi екен. Ал "стан"- ел, халықтық атаулары жалғасып келетiн парсы тiлiнен келген қосымша. Сонда "Түркiстан" атауы- "Батырлар елi" ұғымын меншiктейдi. Тарихи деректерге жүгiнсек, сонау сегiзiншi ғасырға дейiн Түркi және Батыс Қағанатының, одан Түргеш Қағанатының құрамына енген Шауғар немесе Иасы жаугершiлiк заманда бiрде арабтардың, бiрде қарлұқтардың, ендi бiрде оғыздардың билiгiнде орталығы (астанасы) болып келген. Тым алысқа бармай-ақ, өзiмiзге кiшкене болса да жақындатып қарастырсақ. Есiм хан (1598-1628жж) Түркiстан қаласын Қазақ хандығының астанасы етiп бекiтiп, өз билiгiнiң тәуелсiз екендiгiн көрсету үшiн ақша соқтырған. Мiне, сол уақыттан ХIХ ғасырға дейiн Түркiстан Қазақ хандығының экономикалық орталықтарының бiрi және ресми әкiмшiлiк орыны ретiнде қызмет еттi. Әсiресе ХVI-XVII ғасырларда Түркiстан Қазақ хандығының аса әйгiлi қаласына айналып, қөршiлес жатқан Орыс мемлекетiмен саяси қарым-қатынастар орната бастайды. Сол кезден бастап Түркiстан туралы деректер орыс жазбаларында да жиi жазылып отырған. Сан ғасырлық тарихты барынша қысқарта қайырса, 1598 жылы Қазақ хандығының қолына өткен Түркiстанды 1815 жылы Қоқан хандығы жаулап алады. Елу жылдан кейiн, 1864 жылы Ресейдiң қол астына өтедi. Ал 1872 жылы қала Түркiстан уезiнiң орталығы болады. Кеңес Одағы кезiнде, 1928 жылдан аудан орталығы саналады.          "Түркiстан" десе елең етпейтiн мұсылман қауымы жоқ. Өзiнiң "Даналық Кiтабымен" әлемге танылған әулие бабамыз Қожа Ахмет Ясауидiң есiмiн Түркiстаннан немесе керiсiнше Түркiстанды Ясауи атынан ажыратып қарау да мүмкiн емес. Сонау 1103 жылы дүниеге келген Қожа Ахмет Ясауи Түркiстанға тоқтап, сопылық идеяларын уағыздаған ислам дiнiнiң өкiлi. Ақынды рухани басшы, "Әулие" санаған мұсылмандар тоғыз жүз жылдан берi оның iлiмiмен бiрге жасап келедi. Бүкiл Шығысқа өмiрiн жүргiзген қолбасшыАқсақ Темiрдiң, ақынның қайтыс болғанына 200 жыл өткенде, қирап бiтуге таянған кiшкене ғана мазар орнына зәулiм ескерткiш орнатуы да тегiн емес. Өйткенi мұсылмандардың ыстық ықыласына иеленген "Әулие" кiсi құрметiне ғаламат ғимарат салдырған Темiр дала адамдарының сенiмiне кiрудiң жолын осылайша iздестiрген-дi. Сол ХIV ғасырда салынған ғажайып құрылыстың үлкендiгi, қайталанбас сәулеттiлiгi және жекелеген декоративтi көрiнiстерi әлi күнге дейiн жұртшылықты таң қалдырумен келедi.Бүгiнгi Түркiстанда, заманға сай тұрғын үйлер мен оқу орындары, мәдени демалу орындары мен саябақтары және т.б. ғимараттар бой көтерген. Қаланың бүгiнгi сәулетiне ерекше көркемдiк қосып тұрған Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрiк халықаралық университетiнiң ғимаратыелешекте форум алаңы, қорғаудағы аймақ ауданында қолөнершiлер орамы мен шайхана, мұражай мен кiшi мешiт, сопылық шығармалар кiтапханасының ғимараттары қаланы сәулеттiк жағынан Орта Азияның танымал қалаларының бiрiне айналдырмақшы. "Өткенiмен салыстыра отырып, бүгiнгiлер өмiр сүредi" дейдi ақын Олжас Сүлейменов. Түркiстан - Қазақстан жерiндегi ең ежелгi қалалардың бiрi. Оның өзiндiк кескiнi, өзiндiк тағдыры бар. Ғасырлар қойнауынан бiзге келген ол, ежелгi байланыстарды нағыз елестететiп, қазiргi заманға да сай болып қала бермек. Бiз бүгiн, рухани мұрамызды қайта жаңғыртып жатырмыз, себебi онсыз болашақ мүмкiн емес.

Түркістанның «Екінші мекке» атануыда осы әруақты атамыздың бәтуалы бабамыздың бүкіл Түркі дүниесін нұрландыған шапағат шам шырағы екенін айқындайды. Оқушы:Уа,көне көз Түркістан ,Иассауиден бата алған .Ғажайып қай түр нұсқаң ,«Кіші мекке» атанған .Оқушы:Қасиетті Түркістан жеріне барған қазақ халқы Арыстанбабтың қабіріне орнатылған кесенегеде бармай кетпейді. Арыстанбаб-ғалымдық діндердің бірі исламды түркі әлеміне танытушы,таратушы Мұхаммед Пайғамбардың ісін жалғастырущы дінге сыйынған зиратшылар «Арсытанбабқа түне,Қожа Ахметеке тіле!»-дейді: Оқушы:Түркістанда түмен баб ,Сіздермен медет тілеймін .Сайрамдағы санныз баб Отырардағы отыз баб,Ең үлкені Арыстанбаб Сіздермен медет тілеймін .Оқушы:Даламның шынарындай ,Санамның шырағындай .Бабамның тұмарындай,Алаштың тұрарындай ,Бегімнің үранындай Көгімнің қыранындай .Оқушы:Даңқымен сағындырған Тегі үшін жұлқысқан .Көгі үшін қырқысқан Төтеп берген бәріне,Төзімдісің Түркістан.Оқушы:Көз тіксе жарты ғалам,Асырған даңқын заман Қожа Ахмет Йассауи .Жұлдыздай жарқыраған Қазақтың ұлан жері Ардақтап тұрар елі .Оқушы:Сан ғасырлар тәу етіп Келіп жатты қанша жұрт.Армандарын тау етіп,Қайтып жатты тамсанып .

Оқушы:Мақтанышы халықтың ,Тұнығысың ойдың да.Бір парағы тарихтың ,Жатыр сенің қойныңда .Оқушы:Түркістан ежелгі заманда да , қазірде үлкен саяси орталық. Бұл қаланың сол ғасырлар бойы елдің басын біріктіріп, рухани негізді сақтап қалуға сіңіргенеңбегі ұлан-теңіз. Қаланың жалпы мұсылман әлемінде «Екінші мекке» атануы тегінен тегін емес. Осындай бой көтерген зәулім кесене- Қожа Ахмет Йассауи кесенесі бұл кезде ЮНЕСКО –ның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қасиетті қала кезінде шашыраған халқымыздың басын біріктіріп, елдігіміздің нышанын айдай әлемге паш етті. Мұнда қазақ хақының нар түлғалы түлғалары Есім хан, Қасым хан, Тәуке хан, Малай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер жиі-жиі болып, елдің мәселесін қозғаған. Оқушы:Мәңгілік нұры жақын ,Рухыңды ұғып халық,Көтерді көк туыңды.Бір сапқа тұрып анық Сәт сайын сана халқым,Кемедей көрінесің Айд
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ