Материалдар / ашық тәрбие сағаты Құқық бұзушылық және жауапкершілік 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық тәрбие сағаты Құқық бұзушылық және жауапкершілік 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты қазіргі таңда ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2020
24264
128 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: “Құқық бұзушылық және жауапкершілік»

Мақсаты:

а) Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және дамыту ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді жолдарын үйрету, жауапкершілікті арттыру;
ә) Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
б) Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік : Интерактивті тақта, видеоролик

Сабақ түрі : Сайыс - сабақ

Сабақ әдісі : сұрақ—жауап , талдау, іздендіру, түсіндіру 

Сабақ барысы : 1) Ұйымдастыру кезеңі

                             Сынып 2 топқа бөлінеді : «Әділет», «Ақиқат»

Сабақтың ұраны : «Жас    шамасына   қарай жүргізілген   саясатта    біз жастар   мен    жеткіншек ұрпаққа   көңіл   бөлуді күшейтуге   тиіспіз» Н.Ә.Назарбаев


Барысы:

Психологиялық ахуал

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

-Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.

Тәрбиеші: Құрметті оқушылар! Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата – заңның  1 –  бабында «ҚР –сы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құқық бұзушылық және жауапкершілік» деп аталады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт.

Бейнеролик
Бейнеролик бойынша сұрақ-жауап алу.


Тәрбиеші:  «Қылмыс» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Постер қорғау. «Қылмыс» сөзіне түсінік беру.

Қосымша мәліметтер:

Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 ке толған, бірақ 18ге толмаған адамдар танылады (78-бап)

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері – 79-бап

Айыппұл :

Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;

Қоғамдық жұмыстарға тарту ;

Түзеу жұмыстары ;

Бас бостандығын шектеу ;

Бас бостандығынан айыру ;

 Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады

  • Азамат 14 жастан бастап қылмыстың - кісі өлтіру (96 – бап)

Денсаулығына зиян келтіру – 103 бап

Тонау – 175 бап

Ұрлық – 178 бап

Бұзақылықтың ауыр түрін жасау - 179 бап

Мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою – 187 бап

Қаруды, әскери оқ- дәріні ұстау – 255 бап

Адам ұрлау – 125 бап

Терроризм – 233 бап

Жаза түрлері  : 

Айып салу

Құқықтан айыру 

Қоғамдық жұмысқа тарту

Еңбекпен түзету жұмысы 

Бас бостандығын шектеу 

Тұтқындау 

Әскери тәртіп бөлімінде ұстау

Бас бостандығынан айыру 

Сотталушының мүлкін тәркілеу 

Өлім жазасы

Статистика көрсетіледі.


«Сенің құқығың!» бөлімі

ҚР Конституциядағы баптармен танысайық.

«Әділет» тобы

 14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
Бала құқығы конвенциясы

«Әділет» тобы

1-бап
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып
саналады.

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

15-бап. 1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.   

«Ақиқат» тобы

 17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
Бала құқығы туралы конвенция

3-бап Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
4-бап. 1
. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.   


«Әділет» тобы

1 –көрініс.
Самал қасындағы отырған Эльмираның қаламсабын ұрлап алады. Эльмира болған жағдайды сынып жетекшісіне айтады. Сынып жетекшісі:

  • Самал Эльмираның қаламсабын алдың ба –дейді.

  • Жоқ тәтей алған да, көрген де жоқпын,- деп жауап береді.

Ақырында Самал Эльмираның қаламсабын алғанын мойындайды. Сынып жетекшісі оған ақылын айтады.- Самал, сенің бұл істеген ісің мектеп оқушысының ережесін бұзғаныдығың.Эльмираның қаламсабын рұқсатсыз алуың сенің қылмыс жасағандығың. Енді істі қайталама. Эльмирадан кешірім сұра да, қаламсабын өзіне қайтарып бер.- Эльмира, кешір! Міне, қаламсабың. Енді бұндай істі қайталамаймын - деп, Самал кешірім сұрайды. Арада бір ай өтеді. Қазақ тілі сабағы өтіп жатыр. Эльмира оқулыққа алып келген ақшасын ұстап отырады. Оны Самал көреді. Эльмира мұғалімнен сұранып сыртқа шығып кеткен кезін пайдаланып, ақшасын жымқырып, ұрлап үлгереді. Сол кезде сынып жетекшісі келіп оқулықтың ақшасын сұрайды. Эльмира сөмкесін ашып ақшаны алып бермекші болғанда, ол жоқ болып шығады.

  • Жаңа ғана ақшамды сөмкеме салып кеткем. Енді жоқ. Тағы да Самал алды ақшамды,- деп жылап жібереді.

  • Самал, Эльмираның ақшасын алдың ба, алсаң өзіне қайтарып бер.

Самал мойындамайды. Сабақ бітеді. Оқушылар үйлеріне тарайды. Мұғалім мектептен қайтып келе жатып, Самалдың базардан тәтті сатып алып тұрғанын көреді.

  • Самал, сен ақшаны қайдан алдың?

  • Жаңа жолда мамам кездесіп ақша берді,- деп өтірік айтады.

- Ертең сбаққа келгенде мамаңды ерте кел.Ертесіне Самалдың мамасынан: «Кеше Самалға қанша ақша бердіңіз ба?» деп сұрайды.Мамасы қызына ешқандай ақша бермегенін айтады. Сосын сынып жетекшісі Самалдың мамасына болған жағдайды баяндап береді. Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады - деген қазақтың мақалы бар. Мен сіздің қызыңыз туралы ащы шындықты айту үшін шақырдым. Істің алдын алып, сіз болып, біз болып Самалды дұрыс жолға салып, тәрбиелеуіміз керек. Самал тек ұрлық жасап қана отырған жоқ, ол өтірік айтып, бізді алдап отыр.Қызының ісі үшін қатты ұялған анасы «Қызыммен үйге барып жеке сөйлесейін. Енді ондай қылық жасамайды. Өзім қадағалап, тәрбиелеймін» деп уәдесін беріп, үйіне кайтады.Үйіне келген соң Самалды қасына отырғызып, ақылын айтады.- Қызым, сен мені жолдастарыңның алдында жерге қараттың. Кірмегенім қара жердің тесігі болды. Мен сені тәрбиелеп, барымды алдыңа тосып, ешкімнен кем қылмай отырғанда, неден кемтарлық көріп ұрлыққа бардың. Сенің болашағыңнан үміт күтіп, саналы, білімді азамат болады деп, еңбектеніп тапқан таянғанымды алдыңа тосып отырғанда, бүл не қылығың? Өзің ойланып көрші.Самал ойланып, өзінің кінәларын түсініп, мұңайып қалады.

  • Мама, кешіріңіз! Енді бүндай іске бармаймын. Сізді ұятқа қалдырмаймын. Үмітіңізді ақтаймын.

  • Кешеғі жолдасыңның ақшасын апарып, кешірім сұрауды ұмытпа.

Арада бірнеше жылдар өтеді. Самал тәртіпті, үлгілі, жақсы оқитын оқушы катарына қосылады. 

оқушыларға сұрақтар:

 1. Самалдың істеген істерін қалай бағалайсын? 

2. Самалдың мамасы туралы ойларың қалай?

3. Сынып жетекшісінің орнында сен болсаң қалай істер едің?

4. Эльмира туралы не айтар едіңдер?

5. Самалдың орнында өзіңді қойып көрші, не істер едің?

«Ақиқат» тобы
Көшедегі көрініс
Арман: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Рахат: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Арман: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Рахат: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Арман: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Рахат: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Арман: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.
Рахат: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Арман: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!
Рахат: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

Тәрбиеші:

Құрметті қонақтар, өздеріңізде ата-анасыздар, осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?

Жағдаяттық тапсырмалар.

«Әділет» тобы

Әкесі баласының бет аузының көгергенін көріп, - сен не көшедегі бұзақылардан таяқ жеп жүрсің бе? Неге ұрмайсың? Бұдан кейін үйге бет аузың көгеріп келуші болма? Олар ұрғанда сен қарап тұрма, ұр, сазайын бер.
Тәрбиеші:
- Қалай ойлайсыңдар, әкесі дұрыс жол көрсетті ме?

«Ақиқат» тобы

Ермек 9 сынып оқушысы, күніге сабақтан қайтқанда, өзінен кіші балаларды қорқытып ақшасын, ұялы телефонын тартып алады. Бұл Ермекке әдетке айналған.
Тәрбиеші:
- Сендер қалай ойлайсыңдар, Ермек дұрыс істеп жүр ме?


Сергіту сәті. «Тәртіп орнат»

1. Құқық -------------------- А - Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ------------ Б - Мемлекет басшысы.
3. Мемлекет ---------------- В - Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат -------------------- Г - Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық ----- Д - Заңдар жүйесі.
6. Президент ----------------- Е - Заң шығарушы орган
7. Парламент ---------------- Ж - Заң жүйесін бұзу.
8. Егемендік ------------------ З - құқығы бар ел тұрғыны.


1 - Д, 2 - А, 3 - В, 4 - З, 5 - Ж, 6 - Б, 7 - Е, 8 - Г.

«Полиглот» мақал-мәтел сайысы деп аталады. Бұл кезеңде балалар мақал – мәтелдің жалғасын табу беріледі және сол табылған жалғастың ішіндегі сөздің екі тілде аудармасын айтады.

«Әділет» тобы

1. Бір қазаға екі ………….. жоқ (жаза-наказание-punishment)

2. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі ……… табар (куә-свидетель-witness)

3. Әр елдің  ………… басқа , иттер қара қасқа (заңы-закон-law)

4.……………. істің – арты игі (әділ-справедливый- justice)

«Ақиқат» тобы

1. Заңның құрығы бәрінен ..... (ұзын-длинный- a long)
2. Ұрлық түбі ... (қорлық-унижение-
humiliation))
3. Жазасын тартпайтын ........ жоқ. (жамандық-зло-evil)
4. ............. (отбасынан басталады). (Тәрбие-воспитание-
education)


«Көңілді қалпақ» ойыны

«Әділет» тобы

Сұрақтар:

  1. Егемендік алғаннан кейін ҚР – да Конституция қанша рет қабылданды? (1993,1995ж)

  2. Жаза дегеніміз не? (Соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы)

  3. ҚР – сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет?(унитарлы)

  4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы? (Тәуке хан)

  5. ҚР –сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік)

  6. Қылмыс құрамын атаңыз? (объект, объективтік жақ, субъективті, субъективті жағы)

  7. Зеспубликадағы жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламент)

  8. ҚР – ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991ж, 16 желтоқсан)

  9. ҚР – ның «Мемлекеттік нышандары туралы»заң қашан қабылданды? (1992ж, 4 маусым)

  10. Азаматтардың құқық қабілеттілігі қай кезден басталады? (бала туылған кезден бастап)

«Ақиқат» тобы

Сұрақтар:

  1. Конституция сөзінің аудармасы қалай? (лат. «constitutio»- құрылғы, өкім)

  2. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

  3. Қылмысты санаттары қарай қалай бөлеміз? (жіңіл, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр)

  4. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (мың қой)

  5. ҚР – ғы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы (халық)

  6. Бала неше жастан бастап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан)

  7. Алғаш рет қабылданған Ата Заң қабылдаған уақыт? (1993ж, 28 қаңтар)

  8. ҚР –да билікті именденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)

  9. Мемлекеттің биліктің жүйесі?(Президент, Парламент, үкімет,Сот және БАҚ)

  10. Конституцияның құрылымын ата? (9 бөлім, 98 бап)


Тәрбиеші: Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.- деп жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл еліміздің нағыз жанашыр, патриот азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызда құқық бұзушылық, қылмыс, тәртіп, тәрбие туралы көп ақпараттар айттық, көрініс жасадыңдар, сұрақтарға жауап бердіңдер, заңдарға тоқталдыңдар. Ендеше бүгінгі сабақты қалай түсінгендеріңді «Жетістік баспалдағына» смайликтер жабыстыру арқылы білейік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!