Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Құстар - көктем жаршысы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Құстар - көктем жаршысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құжат үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
1971
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТShape1 әрбие сағатының тақырыбы: Құстар - көктем жаршысы

Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларға құстар туралы түсінік беру.Құстарға қамқор болуға, аялауға бейімдеу. Құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Құстардың суреттері, құс маскалары, шарлар. Құстар туралы ырым-тыйым сөздер.

Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:Балалар бізге қонақтар келіпті. Біз қонақтармен сәлемдесіп алайық:

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіз бе, қонақтар!

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы «Құстар күні» мерекесіне арналған

«Құстар- көктем жаршысы» атты ашық тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз.

Балалар енді жыл мезгілдеріне тоқталайық.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Көктем мезгілі.

Мұғалім: - Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Балалар: - Қар еріді. Ағаштар бүршік жара бастады.

Күн жылынды. Жылы жақтан құстар келді.

Мұғалім: - Өте жақсы, балалар.

Олай болса біз бүгін құстармен танысамыз.

Қазір біз құс туралы жылулық шеңберін құрамыз.

Мұғалім: - Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны аялап мәпелер едім.

«Мұғалім құс мүсінін алақанына салып, келесі балаға ұсынады»

Рамазан:- Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны жуындырар едім.

Жанболат:- Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оған әдемілеп ұя жасап берер едім.

Толғанай:- Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оның аузына дән салар едім.

Үміт:- Егер менің қолыма құс келіп қонса мен оның қанаттарын тазалар едім.

Өте жақсы балалар, сонымен біз құстарды жақсы көреміз. Оларды күтіп баптаймыз, қамқор боламыз, қайта оралғанда ұя жасап қарсы аламыз.

Енді кезекті тақпақтарға берейік.

Айдана: Сәуір келді,

Тірлікке жан кірді

Кең дала жасарып, жаңғырды

Бар өңір құлпыра бастады.

Нұршат: Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек-қаз қонды.

Асел: Құстар тойын құттықтап

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап, құттықтап

Біз оларды қорғаймыз.

Нұртас: Көлдің беті көк айна,

Келді құстар тоғанға.

Көктем деген ғажайып,

Көктем деген керемет.

Нұрсұлтан: Құстар - біздің досымыз,

Бау-бақшаны қорғайды.

Ұя жасап қарсы алсақ,

Құстар бізді қолдайды.

Т.Арай: Ұя жасап тақтайдан,

Талға апарып байладым.

Жыл құсының шаттанған,

Күттім қалай сайрауын.




Сұрақтар - жауаптар:

1.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

2.Қандай құстарды жыл құстары дейміз?

(күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта келетін құстарды)

3.Құстың негізгі мекенін атаңдар? (ұя)

4.Қай құста мүлдем ұя болмайды? (көкек)

5.Құстардың неше түрі бар? (2 түрі: Үй және дала құстары)

6.Үй құстарына қандай құстар жатады?

Тауық, әтеш, қаз, үйрек. т.б.

Қанекей олай болса үй құстарын ортаға шақырайық.

Қайсар: Жыл құстары келді деп,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.

Толғанай: Сәлем елдің көктемі

Әлем енді көктеді

Құрметпенен бас идік

Құстарыңа көктегі

Әтеш: Арман: Жақын түгіл шалғайды

Оятудан талмайды.

Төбелеске келгенде

Алдына жан салмайды.

Тауық: Айгерим: Балапанын тауық,

Қызғанады жаман.

Қанатымен жауып

Санатпайды маған.

Ән: «Ақ көгершін» Т.Арай, Нұртас, Сандуғаш, Нұршат, Айдана

Енді дала құстарына қандай құстар жатады?

Көгершін: Сандуғаш: Қанат қағып шарықтап,

Мұхит асып қалықтап.

Шарлап бүкіл әлемді,

Шаттандырып бар елді.

Бейбіт күнге сән болған,

Мен көгершін ән болған.

Қарға: Ерсінтай: Тысқа шықсам дала қар,

Басып қапты маңайды.

Тал басында қарғалар,

Тамашалап қарайды.

Қарлығаш: Шынарай: Мен адамның досымын,

Мекенінде тұрамын.

Шыбын келсе кәсібім,

Ұстап жеймін қырамын.

Тазалаймын үй-ішін,

Шыбын деген кеселден.

Ел аузында мақтаулы,

Санитармын төселген.

Торғай: М.Арай: Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді менің тұрағым.

Көкек: Жамбыл: Жаршысымын көктемнің,

Көкек дейді мені жұрт.

Өз атын айтар ән қылып,

Көктемді күтсең мені күт.




Мұғалім:Балалар қәне бәріміз құстар қалай дыбыстайды екен, алдын дыбыстарын естиік: Көкек: кукук-кукук

Қарға: қарқ-қарқ

Әтеш: қо-қо-ғоқ

Қарлығаш: шиқ-шиқ


Енді құстар қалай дауыстайды:

Бұлбұл сайрайды

Торғай шырылдайды

Тырна тыраулайды

Қарға қарқылдайды

Сауысқан шықылықтайды

Қаз қаңқылдайды.

Мұғалім: Тыңдаңдаршы, мынау не дыбыстар шулап жатқан?

(Үнтаспадан құстардың шулаған дыбыстары естіледі.)

Би: «Шөжелерім» Жанболат, М.Арай, Жамбыл, Шынарай, Арман, Үміт

Ал ендеше балалар мен сендерге осы құтарға байланысты жұмбақтар жасырайын:

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз аққандай (қарлығаш)

Орманда жоғары

Ағашқа қонады

Тұмсығын балғағып

Тоқ-тоқ соғады (тоқылдақ)

Он екі айдың біреуі

Сірә оның атында

Өзге ұяға із тастап

Мен деп жар сап жүреді (көкек)

Шарлап келіп даланы

Үйіме үйін салады (қарлығаш)

Түнде жортады

Күндіз қорқады (жарқанат)


Құстарға байланысты тыйым сөздер:

Жамбыл: Құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын алма

Нұршат: Ағашты сындырма

Фатима: Аққуды атпа, досыңды сатпа

Ақарыс: Құстардың жұмыртқасын жарма

Ән: «Құстар қайтып келеді» Рамазан, Айгерим, Ерсінтай, Нұрсұлтан, Асел,

Фатима, Ақарыс, Толғанай

Қорытынды: Бүгінгі «Құстар – көктем жаршысы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!