Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: «Қыз қылығымен көркем»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты: «Қыз қылығымен көркем»

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ғылымның барлық бағыттарында интеллектуалды қабілеттері дамыған, белсенді шығармашылық іс-әрекеттерге дайын, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған, жоғарғы деңгейдегі мәдениетті және адамгершілікті, жан сұлулығы мен сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінген қыз баланың тұлғасын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
1012
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі»

Махуова Гулфайруз Ерболатовна

(БҚО Орал қ., Қазақстан)


«Қыз елдің көркі»
«Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол»
«Қызым саған айтам, келінім сен тыңда».

Халық нақылдары


Тақырыбы: «Қыз қылығымен көркем»


Мақсаты: жаңа әлеуметтік даму жағдайында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ғылымның барлық бағыттарында интеллектуалды қабілеттері дамыған, белсенді шығармашылық іс-әрекеттерге дайын, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған, жоғарғы деңгейдегі мәдениетті және адамгершілікті, жан сұлулығы мен сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінген қыз баланың тұлғасын қалыптастыру.

Қатысушылар: 1 курс Медбикелік топ.

Ұйымдастыру барысы:

І. Ән «Қыз сыны»

ІІ.Топ жетекшісінің сөзі: 

Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.
Халық арасында бойжеткен қыздың ажарына қарай: әдемі қыз, көрікті қыз, шырайлы қыз, әсем қыз, сұлу қыз, ажарлы қыз, ару қыз деп бөлген. Олардың сипаттамалары: әдемі қыз- баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын қыз; көрікті қыз- істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын,өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз; шырайлы қыз- көз жанары өткір, бет-әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр қыз; әсем қыз-жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз; сұлу қыз- сөзі өткір, өзі пысық, өрескелділікті сүймейтін, болмашыға пісіп күймейтін, келбетті қыз; ажарлы қыз- дене бітісі жинақты-тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты қыз; ару қыз- бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз.

Ал қазіргі қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі қандай?
Кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалыға айтатын болсақ; темекі тарту,жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін ұстау этикасын білмеу, бейбастақ сөздер айтуы, және де олардың ашық киім киуі. Әсіресе қыз балалардың бойында бұрынғы аналарға тән инабаттылық, ұялшақтық қасиеттер азайып барады. Міне, осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті-ақ.
Қазіргі кезде осындай кемшіліктердің болуына ата-аналарда кінәлі. Ата-ана бала тәрбиесінде басты рөл атқарады. Күнделікті тіршіліктің соңында жүріп олар бала тәрбиесіне соның ішінде қыз бала тәрбиесіне жауапкершілікті азайтып алған сияқты.

Сондай-ақ қыз бала тәрбиесінің төмендеуіне қазіргі көгілдір экрандағы көрсетіліп жатқан шетел фильмдері де әсер етуде. Осы фильмдерге қазақ қыздары еліктеп өздерін тым еркін ұстайды, тіпті кейбір қыздар ата-анасын сыйламай, оларға қарсы келіп жатады. Әрине бұған себеп тек шетел фильмдері ғана емес, қыздардың әдеби кітаптарды көп оқымауы, театр, мүзей, көрме залдарына жиі бармауы.



ІІІ. Сауалнама.

  1. Қыз баласының болмысы қандай?

  2. Қыз баласы қандай болуы керек?-студенттер өз пікірлерін ортаға салып,ойларымен бөліседі.


ІV. Қызға қырық үйден тыйым. «Қызға қырық үйден тыйым» деп қазақ салт-дәстүрінде тәрбиелік ұғым, ұстанымды атайды. Жарыса сөйлеуге; жалғыз қыдыруға; жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге; орынсыз ұрынуға; басқаларға қол тигізуге; өтірік; өсекке; суық жүріс; сумаң қылыққа; кісіге қарай керіліп есінеуге; талтайып отыруға; шалқайып жатуға; тамақты обырлана асауға; ұрлық-қарлыққа; ұятты мүшелерін ашып жүруге; бұраңдап қылымсуға; қызыл іңірде жатуға; түске дейін ұйықтауға; кісі алдында киім ауыстыруға; салт-дәстүрден аттауға; елді ғайбаттауға; үлкендердің жолын кесіп; атын атауға; ішімдік ішу пен шылым шегуге; ұрыс-керіске; беттен алып, бет жыртысуға; қараулыққа, ысырапқа; рахымсыздық пен қатыгездікке; түнде суға жалғыз баруға; жат жыныстылармен араласып жатуға; күйеуге қашып тиюге; әдепсіз сөзге; тарс-тұрс етуге; адам мен жануарларды тебуге; кісіні қорлап жәбірлеуге; тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға; айқай-сүреңге; шектен тыс сыланып жасануға; қызғаншақтық пен күншілдікке; менмендік пен өзімшілдікке; алдап-арбауға; көрсеқызарлыққа; нәпсі құмарлыққа тыйым деп мұнда жалпы түсініктен гөрі тыйымдарды атап көрсеткен екен. Алайда қыз тәрбиесіне байланысты әр пенденің өз білгені бар деп ойлаймын.

V. Видео-ролик көру. Қазақ қызының болмысы жайында айтылған ақпаратпен танысады.

VІ. Ойын «Шашбаулы қыз». Ортаға қыздар шығып шашбау тағып үйренеді және тағылған шашбауды сылдырлатпай әдемі жүріс жасауды техникасын меңгереді.

VІІ. Колледж аруы-2020ж Айкөркем

VІІІ. Мақалды жалғастыр. Қыздар жайлы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер айтылып және оның мағынасын ашу.

ІХ. Ситуация. Студенттер берілген ситуацияға өз жауаптарын айтып, пікірлерін ортаға салады.


1-ситуация


Сахнаға шығуға 5 минут қалды, ал сіздің сол уақытта аяқ киіміңіздің тақасы сынып қалды.сіз өте ыңғайсыз жағдайда қалдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?


2-ситуация


Сіз бір жиынға бардыңыз. Сол жерде дәл сіздікіндей көйлек киген аруды көрдіңіз. Сіздің әрекетіңіз? Ащуланып жиыннан кетіп қалар ма едіңіз немесе.....


3-ситуация


Сайыс кезінде сенің құрбың қулық жасап жеңіске жетті. Сіздің ойыңыз және әрекетіңіз.


Х. Студент сөзі: колледжіміздің озат әрі белсенді студенті, ақылы көркіне сай СД-32 тобының студенті Айнур Русланқызына сөз кезегін беремін.

ХІ. Ойын «Жеке стильіңді құрастыр». Әртүрлі киім үлгісі бар суреттер ұсынылады. Сол суреттерді қиып алып жеке киіну стилін құрастырады.

ХІ. Қорытынды: Өлең оқылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!