Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты. "Рәміздер - отаншылдық сезімнің бойтұмары" 6-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
«№1 мектеп-гимназиясы» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Көздібаева Айкенже Қарытжанқызы
Рәміздер - отаншылдық сезімнің бойтұмары
Мақсаты:
Елтаңба, Ту,
Әнұран туралы түсініктерін кеңейту. Рәміздердің пайда болуы және
тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді,танымдық ой - өрісін,
қызығушылығын дамыту. Оқушының есте сақтауын, өз ойын дұрыс
жеткізуге ынталандыру.
Отансүйгіштікке, адамгершілікке,
Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын,
Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, ел тарихын тани
білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі
-
Гимн
-
Бейнематериал
-
Рәміздер туралы қысқаша баяндама («Тұғырлы Туым», «Еңселі Елтаңбам», «Айбатты Әнұраным»)
-
Көркемсөз
-
Эдвард де Боно “6 ойлау қалпағы” арқылы өз ойларын білдіреді
-
Сурет көрмесі бойынша марапаттау рәсімі
-
Кері байланыс
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»
Н.Ә.Назарбаев.
Мұғалім сөзі.
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады.Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды. Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде, ақшаларда
бейнеленген ажырату
белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты
ән.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді. 1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
МЕМЛЕКЕТТІК ГИМН орындалады.
Бейнематериал.
Мұғалім:
Рәміздерім- елдігімнің белгісі,
Білу керек бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба.
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Ендігі кезекті оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы дайындаған шағын баяндамасына береміз.
Баяндамалар:
-
«Тұғырлы Туым»
-
«Еңселі Елтаңбам»
-
«Айбатты Әнұраным»
Мұғалім:
Мемлекеттік рәміздер – әр ұлттың, әр азаматтың мақтанышы. Біз өз рәміздерімізбен мақтанамыз, оларды құрмет тұтамыз, қастерлейміз. Оларды әнге, жырға арқау етеміз. Олай болса, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен туындаған жыр жолдарына кезек берейік.
1-оқушы: Тұманбай Молдағалиев «Әнұраным»
Әнұраным –жан
ұраным
Айтар әнім, сөйлер
сөзім
Туған жерім
сағынарым
Бақыт-бірлік күн
талабы.
Тоқтамайды дабыр
әні
Мәңгі бақи
шырқалады
Республикам
Әнұраны!
2-оқушы: Тұманбай Молдағалиев «Біздің
Ту»
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда қызыл күн,
Көк аспанда жас қыран.
Естілгендей біздің үн,
Сол ғарыштың астынан.
Жанатындай өзі отша,
Жалын шарпып бетіңді,
Туымыз да қазақша,
Сөйлеп тұрған секілді.
Туымызға тамаша,
Бір қарамай өтпейміз,
Сол көк тудың астында,
Көгереміз, көктейміз!
3-оқушы: Тұманбай Молдағалиев «Елтаңба»
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы – елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
4-оқушы. Бақытбек Бәмішұлы «Ту»
Күнді құшқан қас
қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған!
5-оқушы. Бақытбек Бәмішұлы «Елтаңба»
Дүние әлем
көзіндей,
Дөңгеленген жамалы.
Еге елімнің қорғаны-
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгі сенбес күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пыпағым.
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым!
6-оқушы. Бақытбек Бәмішұлы «Әнұран»
Қаһарман қажыр,
қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой,
толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.
7-оқушы. «Рәміздер»
Бас білгізіп жер тарпыған
тарланға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты
аңға.
Қалай оның Елтаңбасы
болмайды,
Түлігіне дейін салса
ен-таңба.
Енді бүгін өлген туым
тірілді,
Әнұраным жалғап алды
ғұмырды.
Босағада қалып кеткен
Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп
ілінді.
Мұғалім:
Қазақстан Республикасы-кең байтақ, тәуелсіз мемлекет. Әрбір мемлекеттің төл белгі-рәміздері бар.Біздің рәміздеріміз – көкте желбіреген көк ту. Алып таңба және асқақтаған әнұранымыз.
Слайд арқылы оқушыларға суреттер көрсетіледі.
- Суреттерді көргенде қандай сезімде болдыңыздар? Рәміздеріміз тиісті дәрежеде, дұрыс қолданылып келе ме?
Эдвард де Боно “6 ойлау қалпағы” арқылы өз ойларын білдіреді
Ақ (ақ бұлттар) — фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
(Рәміздердің қолданылуына байланысты нақты деректер мен фактілер келтіреді)
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
(Рәміздердің қолданылуына байланысты өздерінің ішкі сезім, пікірлерін білдіреді)
Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
(Рәміздеріміздің дұрыс қолданылмайтынын айтып, қарсы шығады. Рәміздерді қолданудағы кемшіліктерге тоқталады)
Сары (күн) — оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
(Рәміздерді қолданудағы кемшіліктер болса да, жасалып жатқан жұмыстардың жақсы жақтарына тоқталады.)
Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
(Рәміздерді қолдануға, насихаттауға байланысты жаңа ұсыныстар мен идеялар айтады)
Көк (аспан)–жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
(Барлық айтылған ойларды қорытып, өздерінің ішкі сезімдерін білдіреді.)
Марапаттау рәсімі. «Рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында ұйымдастырылған сурет байқауының қорытындысы айтылып, жеңімпаздар марапатталады.
Кері байланыс.
Туымыз әрқашан биіктен желбіресін деген мақсатпен тақтада ілулі тұрған бәйтерекке көк стикерлерге жазылған тілектері мен сабақ туралы ойларын жазып, жапсырады.
Мұғалім:
Қазақстан
-
Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен-
Еңселі
Әнұранымен айбатты
ел!
Оқушылар:
-Еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап
қастерлейміз.
Ұлы қазақ
Асқар шыңға қол созған
азаппенен.
Алтын басты
арландай ғажап,ерен.
Қашап салған
шебердің мүсініндей.
Ұлт туылды ұлы
боп «Қазақ» деген.
Сарыарқа сал-сері сәні ме
еді?!
Мойынқұмды
тербеген әні ме еді?!
Талай талант
тумастан кетер ме еді...
Ту тікпесе
Керей мен Жәнібегі.
Расында бақтың бірер салмағы
бар,
Сондықтан
ажалдың өз алмағы бар.
Тату елдің
бұзылды тыныштығы,
Қылыш сайлап
қияда қалмағы бар.
Тағдыр салса,
қарамас
тоңғаныңа ,
Қаңбақ-ырыс,жолдас боп
қонғанына.
Құйрығына
жармасып,берекенің,
Кез боп шықты
кесірмен жоңғарына.
Көңіл
төгіп,күйменен күздің жасын,
Жырау жоқтап
бастайтын сөздің басын.
Алты Алаштың
ардағы Абылайлап,
Қосқан еді үш
бөлек жүздің басын.
Ия, солай
жалғады көш керуенін,
Жараға
жыл,уақыт та беруде емін.
Қыз Жібекті
Төлеген аңсап күнде,
Ғашық еркін
салатын серуенін.
Айналдырып ол күнді
елесіне,
Ерік кетті
өткеннің кемесіне.
Кісенге
құрықталған құлын құсап,
Құл болып тағы
қалды кеңесіне.
Жиылып желтоқсанда жау
етегі,
Жастан-жыр, қаннан қызыл
бау етеді.
Сілкіп тастап
тарихты желбіреген,
Көк туға осынау
жұрт тәу етеді.
Шықты
көкке тәуелсіз туым азап!
Күнді құшқан
қос қыранмен болды ғажап!
Әнұраным-жүрегімнің
бойтұмары
Қазақ елім
мәңгілік болдың азат!
Қалайша санамайсың мұны
ғажап!
Ұрпағым, тегім
менің, ұлым
азат!
Ғасырдың
жұтылмаған тозағына
Ұлы дала,Ұлы
ел,Ұлы қазақ!
1-оқушы:Тұманбай Молдағалиев «Әнұраным»
Әнұраным –жан
ұраным
Айтар әнім, сөйлер
сөзім
Туған жерім
сағынарым
Бақыт-бірлік күн
талабы.
Тоқтамайды дабыр
әні
Мәңгі бақи
шырқалады
Республикам
Әнұраны!
2-оқушы: Тұманбай Молдағалиев «Біздің
Ту»
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда қызыл күн,
Көк аспанда жас қыран.
Естілгендей біздің үн,
Сол ғарыштың астынан.
Жанатындай өзі отша,
Жалын шарпып бетіңді,
Туымыз да қазақша,
Сөйлеп тұрған секілді.
Туымызға тамаша,
Бір қарамай өтпейміз,
Сол көк тудың астында,
Көгереміз, көктейміз!
3-оқушы: Тұманбай Молдағалиев «Елтаңба»
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы – елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
4-оқушы. Бақытбек Бәмішұлы «Ту»
Күнді құшқан қас
қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған!
5-оқушы. Бақытбек Бәмішұлы «Елтаңба»
Дүние әлем
көзіндей,
Дөңгеленген жамалы.
Еге елімнің қорғаны-
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгі сенбес күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пыпағым.
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым!
6-оқушы. Бақытбек Бәмішұлы «Әнұран»
Қаһарман қажыр,
қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой,
толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.
7-оқушы. «Рәміздер»
Бас білгізіп жер тарпыған
тарланға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты
аңға.
Қалай оның Елтаңбасы
болмайды,
Түлігіне дейін салса
ен-таңба.
Енді бүгін өлген туым
тірілді,
Әнұраным жалғап алды
ғұмырды.
Босағада қалып кеткен
Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп
ілінді.
Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.