Ашық тәрбие сағаты. "Салт -дәстүрім - асыл қазынам"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты. "Салт -дәстүрім - асыл қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты өте жоғары денгейде өтті. Сабаққа барлық оқушылар қатысты. Оқушылар бағаланып, өздерінің пікірлерін айтып өтті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : 13.03.2021ж

Тақырыбы: Салт-дәстүрім – асыл қазынам

Мақсаты: Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, тыйым сөздерімен танысады;

Өз елін, жерін сүйе білуге, халық мұрасын қастерлеуге, салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу;

1.Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе сөз

Мұғалім: Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті болуына көмек болған - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектері салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері – соның айғағы.

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың әдет-ғұрпы мен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Осы мақсатта «Салт-дәстүрім – асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

І топ «Абай ауылы»

ІІ топ «Мұхтар ауылы»

ІІІ топ «Шәкәрім ауылы»

Бүгінгі жас егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың қаһармандық тарихын, ғасырдан ғасырға жалғасып жинақталған ұлттық мұрасын, мәдениетін, ұлттық салт-дәәстүрі, әдет-ғұрпын білуіміз керек.

«Абай ауылы» Бұл ауыл қазақтың дәстүрі бойынша ізденген жұмыстарын айтады.

1-оқушы: Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді, немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл – шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.

2-оқушы: Шашу. Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен шашу шашады.

3-оқушы: Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.

4-оқушы: Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.

5-оқушыТоқымқағар. Жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойып немесе сыйлы мүшелер салынып, ет асылып, кең дастархан жасалады. Ойын-сауық құрып, өлең, жыр айтылады.

Ал, енді «Шәкәрім ауылына» сөз кезегін берейік. Бұл ауыл бізге балаға байланысты салт-дәстүр туралы айтпақшы.

1-оқушы: Шілдехана. Бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады, өнерлі жастар жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап, ән салып, күй тартады.Әр түрлі ойындар ұйымдастырады.

2-оқушы: Бесік той. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл тойға жиналған көрші-қолаң шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкені, беделді әйелі бесік жабдығын орын-орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.

3-оқушы: Қырқынан шығару. Қырық күн толған соң нәрестенің сүт тырнағы мен қарын шашын алып, теңгелер салған ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.

4-оқушы: Тұсау кесу. Бала қаз тұрып жүре бастағанда жасалатын салт-дәстүр. Бұл дәстүр бала құламай, аяғын тез басып жүріп кетсін деген оймен жасалады, тілек айтылады.

Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін, - деп ала жіппен кеседі.

5-оқушы: Сүндет той. Сүндетке отырғызылған баланың құрметіне жасалады. Сүндеттеу VІІ-VІІІ ғасырларда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналған. Ер баланы сүндетке бес, жеті немесе тоғыз жасында отырғызған.


6-оқушы: Тілашар. Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздері айтуға икемделе бастаған кезде тілі тез шығуы үшін дәстүрлі тілашар тойы ырымын жасайды.

Міне, балалар, «Шәкәрім ауылы» балаға байланысты жасалатын салт-дәстүрді айтып, бізге шашуын шашты. (Әрбір дәстүр жазылған кәмпит үлгісін тақтаға іліп отырады.)

Балалар, халқымызбен бірге ежелден жасап келе жатқан, санамызға жазылып қалған тыйым заңдары да бар. Бұл халқымыздың әдебі мен салт-

дәстүріінің бір бөлігі болып саналады. Ендігі кезекте осыы тыйым сөздер жайлы таныстырып өту үшін «Мұхтар ауылына» сөз берейік.

1-оқушы: Босағада тұруға, табалдырықты басуға, есікті керуге болмайды.

2-оқушы: Айға қолыңды шошайтпа.

3-оқушы: Екі бүйіріңді таянба.

4-оқушы: Қол жуған соң қолыңды сілкіме.

5-оқушы: ошаққа су құйма.

6-оқушы: кеш батарда ұйықтама.

Енді біздерге «Баланы бесікке салу» дәстүрімен Аршынның әжесі Рая әжеміз таныстырады.

Көрініс: «Бесікке салу»

Хормен: Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүрмен салтымыз.

Хор: «Қазақ дастарханы»

Қорытынды

- Балалар, өздерің көріп отырғандай бүгінгі сабағымызда біз қазақтың салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпымен, тыйым сөздерімен танысып өттік. Бұлардың барлығы – қазақ халқының байлығы. Сондықтан оны ұмытпай ескеріп жүру – сендердің міндеттерің.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2021
1339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі