Ашық тәрбие сағаты "Табиғатты қорғаймыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық тәрбие сағаты "Табиғатты қорғаймыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліктілікті арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатты қорғаймыз

Тәрбие сағатының мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру. Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру. Табиғатқа деген танымдық қызығушылығын дамыту. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Табиғат туралы суреттер, жыл мезгілдері, жанды және жансыз табиғат, табиғат құбылыстарының суреттері, жұмбақтар.

Ұйымдастыру кезеңі: Табиғатқа байланысты психологиялық дайындық:

Қайырлы таң, көк аспан,

Қайырлы таң, алтын күн.

Қайырлы таң жер-ана,

Қайырлы таң, достарым,

Қайырлы таң, қонақтар.

Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды «Жұмбақ жасыру» ойынымен бастаймыз.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдап отырып шешуін табасыңдар:

  1. Жарығы тегін, жылуы тегін,

Айбарлым менің, жайдарлым менің. (Күн)

  1. Көрінбейді аяғы,

Аузы да жоқ, білдің бе?

Салып кетіп барады,

Баяғы ызың гу-гуле. (Жел)

  1. Көзі жасты жылауық,

Келе жатыр бір алып. (Бұлт)

  1. Күндіз тығылады, түнде қыдырады. (Жұлдыз)

  2. Құлпырып қадірлейді, аялайды,

Қураса сыпырғышқа да жарамайды. (Гүл)

  1. Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. (Су)

Жаңа сабақ: «Табиғатты қорғаймыз»

Мұғалім: Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта. Табиғат адам үшін қажетті ауа, су, жапырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Біз табиғатсыз тіршілік ете алмаймыз. Табиғат бізге күн сияқты мейірімді, ауа сияқты таза, су сияқты сезімдеріміз мөлдір болуды үйретеді. Табиғат бізге қашанда мейіріммен, қамқорлықпен қарап, жомарттық танытады. Біз мейірімділікті, қамқорлықты, жомарттықты табиғаттан үйренеміз. Табиғат анамыз біздің деніміздің сау, денсаулығымыздың мықты болуына көмектеседі.

Табиғат екіге бөлінеді: өлі табиғат және тірі табиғат.

Өлі табиғатқа тас, тау, су, жер, топырақ, ауа т.б.

Тірі табиғатқа ағаш, гүлдер, жануарлар, адамдар, өсімдіктер, құстар жатады.

Балалар, біздің сыныпта табиғат бұрышы бар ма?

Балалардың жауаптары: Гүл

Гүл қандай табиғат түріне жатады? (Тірі)

Гүліміз көгеріп өсіп тұр, оның астында не бар? (Топырақ)

Топырақ қандай табиғат түріне жатады? (Өлі)

Міне, балалар, тірі және өлі табиғат бірін-бірі толықтырып өмір сүреді, тығыз байланыста болады. Егерде топырақ жоқ болса, гүліміз, ағашымыз өспейді.

Мұғалім: Балалар олай болса табиғатқа арналған тақпақтарымызды айтайықшы

Қозыбай Айгерім: Табиғатты адамзат аялаған,

Егін егіп, мал бағып саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Абат Жәнібек: Табиғат қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

Ақтілеу Жұлдызай: Дала, орман көлдерді

Тау, тас, қырат белдерді.

Өзен, бұлақ, өсімдік,

Гүлді, гүлсіз жерлерді,

Қалған ата мұрадан,

Табиғат деп атаған.


Есенбай Бекзат: Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін

Жап-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Сабитова Ақмерей: Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастық табам содан мен.

Мәңгілік болсын егіздер,

Жер-ана, көл, теңіздер.

Мұғалім: Ал енді балалар сіздердің табиғат туралы ой-пікірлеріңді

ортаға салайық

  1. Ботанбай Нұржан: Табиғат – Ол Су.

Су тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?!

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?!

  1. Дүйсенбаев Мирамбек: Табиғат – Ол Топырақ.

Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

Топырақтан өмір исі шығады,

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесінен беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады.

  1. Қаламбаева Гүлдана: Табиғат – Ол Өсімдік.

Өсімдік – бұл жасыл желек, көкмайса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ыстықта көлеңке, суықта пана, ауырғанда дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі – гүл. Өсімдік – таза ауа, еліміздің дәулеті жасыл желек орман.

  1. Амандыкова Нұрай: Табиғат – Ол Жер-Ана.

Барша байлықтың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу – біздің борышымыз.

Суретпен жұмыс:

Мұғалім, балалар жылдың неше мезгілі бар?

Төрт мезгілі бар. Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелктері бар.

Қазір қай мезгіл?

Қыс мезгілі

Қыс – аязды, боранды, салқын болады.

Көктем – қар ериді, құстар жылы жақтан келеді.

Жаз – күн ыстық болады.

Күз – жапырақтар түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Табиғатқа байланысты нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтайық:

Нақыл сөз: Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға

табиғаттың тілі жоқ.

Мақал: Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Көлдің көркі – құрақ,

Таудың көркі – бұлақ.

Ағаш жапырағымен, жер топырағымен

Дауылдың алды – жел

Жаңбырдың арты – сел.

Ер – елдің көркі,

Орман тоғай жердің көркі.

Дәрі шөптен шығады,

Дана көптен шығады.

Сұлу жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

Жылап жүріп арық қазсаң,

Күліп жүріп су ішерсің.

Нақыл сөз: Адамға үш нәрсе көрік береді:

Шөл далада қазылған құдық, салынған көпір, жол бойына

егілген ағаш.

Табиғаттағы жағдаяттар:

Орманда жүріп музыка қоюға болмайды.

Орман тыныштығын бұзады, аңдар мен құстарды шошытады.

Өсіп тұрған ағашты сындыруға болмайды.

Өсіп тұрған ағашқа қамқорлық жасап, күтіп баптауымыз керек.

Біз жерімізді бүлдірмей, керісінше әсемдеуге тиіспіз.

Шығармашылық жұмыс:

«Мен табиғаттың бөлшегімін» берілген суреттердің бірінші

әріптерін ортадағы әріптермен қосып оқысаңдар, табиғат

бөлшегін табасыңдар.

Суретті бояңдар.



Қорытынды: Сұрақ-жауап:

Табиғат дегеніміз не? Бізді қоршаған орта

Табиғат нешеге бөлінеді? Екіге өлі және тірі

Тірі табиғатқа нелер жатады? Адам, жануарлар, өсімдіктер

Өлі табиғатқа нелер жатады? Тау, тас, су, жер.

Қоршаған орта туралы көзқарастары қалыптасады. Жанды және жансыз табиғатты

ажырата білуі керек. Табиғатсыз өмір жоқ екендігіне көз жеткізеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2018
7778
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі