Материалдар / Ашық тәрбие сағаты: "Тәуелсіздік таң нұрым" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты: "Тәуелсіздік таң нұрым" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніене өткізген сабағым әріптестеріме көмегі тиер деген ойда жүктеп отырмын, бұл сабағымда слайд, бейнероликтер, оқушылар әндер орындады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2018
4249
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік - таң нұрым!»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар қол жеткізген табыстармен таныстыру, тәуелсіздік қасиетті ұғым екенін түсіндіру, жалпы тәуелсіз ел тарихы туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың ой -өрісін дамыту, өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу

3. Оқушылардың өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отан сүйгіштік пен Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, ауызша баяндау,

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны,

Отан, Туған жер туралы нақыл сөздер, буклет


Пәнаралық байланыс: География.

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе.

2. Тәуелсіз ел – Қазақстан. \Тәуелсіздік шежіресіне тоқталу\

3.Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар. \Тұлғаны таны\

4. Дұрысын тап ойын

5. Қорытынды



1. Кіріспе.

Мұғалім сөзі:

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.

Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

ҚР әнұраны орындалады

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Туғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!



Оқушылардың тәуелсіздікке арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар

Оқушы

Ұлан байтақ неткен жер!

Дәнді дақыл еккен жер

Жеттік міне арманға

Қазақстан ерікті ел!

Талай боздақ өткен жер

Маңдай терін төккен жер

Тәуелсіздікке қолы

Қиындықпен жеткен жер

Оқушы

Өзіңде бар Елбасы

Туыңда бар, әрине

Елтаңбаң бар ертегі

Әнұраның тәрбие.

Енді қанат жаялық,

Қыран құстай самғайық,

Туымызбен тұғырлы бірге

Бірге желек қағайық.


Оқушы

Егеменді ел бодық,

Ел намысын сақтайық.

Қазақстан байлығын

Игі іске жұмсайық.

Салт дәстүрін қазақтың

Жаңғыртайық, жасайық.

Үлгі етіп ұл қыздарға

Үлкен үміт арттырдық.


Оқушы

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекені ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.

Мерекеге шығады

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады.

Тәуелсіздік ұлық той.



2. Тәуелсіздік шежіресіне тоқталу

\оқушылар кезекпен слайдтан көрсете отырып таныстырады\


  • 1990ж 25 қазан -

  • 1991ж 1желтоқсан –

  • 1991 10 желтоқсан -

  • 1991 ж 16 желтоқсан-

  • 1992ж 4 маусым –

  • 1993 ж 15 қараша-

  • 1993ж 28 қантар-

  • 1995ж 30 тамызда –

  • 1997 ж 10 желтоқсан –

  • 1998 ж 6 мамырда


3.Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар. «Тұлғаны таны»

1986 жылдың 16 желтоқсан күні талай жыл Қазақстанды басқарып келген Д.А.Қонаевтың орнына Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ Г.Колбинді қойған еді. Ашу-ызамен намыс қайнаған қазақ жастары шеруге шықты. Шеру Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Шымкент Қарағанды және Өскемен қалаларында өтті. Шеру нағыз бейбіт сипат алды. Желтоқсан көтерілісін ешкім де ұйымдастырған жоқ. Ол әрбір жүректе пісіп-жетілген ойдың бұлқынысынан туды. Жастар бірін-бірі үнсіз ұқты, үнсіз қолдады. Желтоқсанның сақылдаған аязы да, қатал басқарудың талабы да оларды сескендіре алмады. Өрімдей жап-жас қазақ қыздары қазіргі желтоқсан көшесімен тіке өрлеп «Менің Қазақстаным» әнін шырқағанда, сыздамаған жүрек қалмаған шығар. Бейбіт талаптарды Кеңес үкіметі де, Компартия да түсінгісі келмеді. Темірмен құрсалып қаруланған жасақтар бейбіт шеруді қанға бояды. Қазақ қыздарының қолаң шашы жайылып, соққы астында қалды. Ляззат Асанова сияқты жастар «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат боламыз!» деген ұранмен шығып,

намыс жолында мерт болды. Ал қаһарлы күндердің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков «Еркек тоқты құрбандық.Атам десең атыңдар» деп,озбыр күшке бас имеген күйі дүниеден озды.

Өскемен студенттері орталық алаңға шықты. Құқық қорғау қызметкерлері жастарды ұрып соғып, он беске тарта студентті тергеуге алып, ұлтшыл деп жала жауып, Тергеудің соңы «... ... ..., советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұқамеджанова деп таннылды. Әрине, 16 жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, өз ұлтына жасаған қиянатты көтере алмай 1986 ж 26 желтоқсан күні Өскемен пед училищ жатаханасының бесінші қабатынан секіріп, өзін өзі серт етті.


Осы оқылған мәтінен Желтоқсан оқиғасына қатысқан Тәуелсіздік үшін күрескен жас боздақтарға қатысты сөздерінен үзінді оқылады, үш қатардан үш оқушы оқиды, басқа оқушылар кімнің сөзі екенін табуып, аты жөнін айту керек.

Тапқан адамның суреті тақтадан көрсетіледі.


Қайрат Рысқұлбеков

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Бозтоғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар


Ляззат Асанова


«Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат боламыз!» деген ұранмен шықты.


Сәбира Мұхамеджанова

«Ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» ... ... деп таннылды.

Желтоқсан оқиғасы – мәңгі тарих. Біз желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. Көтеріліске шыққан жастар рухы тәуелсіздік киесі.

Бір минуттық еске алу


4. Дұрысын тап ойын

Қазір мен әр қатарға барып, сөздер оқимын сендер сол сөздің дұрысын тауп айтуларың керек .

1.ҚР президенті

Н.Ә. Назарбаев

Генади Колбин

2.Ту

Ақ

Көк

3.Елтаңба

Кереге

Шаңырақ

4.Рәміз

Әнұран

Жыр

5.Монумент

Бәйтерек

Тәуелсіздік таңы

7.Қазақстан валютасы

Сом

Теңге

8.ҚР Мемлекеттік гимнің әнін жазған

Л. Жолдасов

Ш. Қалдаяқов

9.16желтоқсанда көтеріліске шыққан

Студент

Оқушы

9.Ескерткіш

Тәуелсіздіе таңы

Қазақ елі


Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

І – ілтипат пен ізет қой,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.


Оқушы:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

Хормен: «Көк тудың желбірегені»

26 жыл міне, толып отыр,

Егеменді еліме

Өрт салмасын бөтен елдер,

Атамекен жеріме.

Аңсап күткен бұл тойымыз

Құтты болсын бәрімізге,

Ұзақ ғұмыр, бірлік, табыс

Тілеймін жас бәріңе.

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік- таң нұрым!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



























































Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Бозтоғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар





«Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат боламыз!» деген ұранмен шықты.






«Ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» ... ... деп таннылды.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!