Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Туған өлке экологиясы Жасыл экономика 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты Туған өлке экологиясы Жасыл экономика 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімдерін өзектендіру, энергияны тиімді тұтыну және энергияны үнемдеу, ауызсу көздерін ұтымды пайдалану, қоқыстарды сұрыптау, жалпы Жасыл экономика тұжырымдамасы туралы түсінік қалыптастыру болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2020
4006
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Байжуманова Алмагул Адилжанкызы

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылы "Ортадересін жалпы орта білім беретін мектеп" КММ көркем еңбек пәні мұғалімі


Күні:03.02.2020ж

Сыныбы:5

Тәрбие сағатының тақырыбы: Туған өлке экологиясы. Жасыл экономика

Мақсаты: 1) сынып оқушыларының табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімдерін өзектендіру, энергияны тиімді тұтыну және энергияны үнемдеу, ауызсу көздерін ұтымды пайдалану, қоқыстарды сұрыптау туралы түсінік қалыптастыру;

2) топ ішінде жұмыс істеу дағдыларын, ынтымақтасу және бірегей пікір қалыптастыру дағдыларын дамыту;

3) планетаның барлық табиғи ресурстарын үнемді және саналы пайдалануды тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

- энергияны пайдалану проблемаларына, энергия мен энергия ресурстарын үнемдеуге, қоршаған ортаны қорғауға назар аударту;

- ресурстар мен энергияны үнемдеуге ынталандыру;

- оқушыларды энергия мен ресурстарды үнемдеу бойынша пайдалы қызметке қатыстыру;

- мектепте алынған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызығушылық тудырту.

Әдістер мен тәсілдер: медитация, әңгімелесу, блиц-турнир, жарысу, ой-талқы, мини-диспут, дидактикалық ойындар.

Жабдық: презентацияны интерактив тақта.

көрнекті құралдар: (алма, пышақ, су толтырылған үш литрлік банка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Психологиялық тренинг. «Медитация» стратегиясы.

Құрметті оқушылар, сабағымыз сәтті өту үшін, әдемі әуен тыңдап, презентацияда көрсетілген ұлағатты сөздерді оқып, бүгінгі тақырыбымыз не туралы болатынын анықтайық.

- Осы презентациядан қандай сөздер естеріңде қалды? Оны қалай түсінесіңдер?

Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде.

- Топтарға бөлу

Жұмбақтың шешіміне сай екі топқа бөліну: «Су», «Жер».

1.Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.(су) 
2. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең,
Адамзат,жан-жануар арасында,
Мәңгілік өсіп-өніп, өмір сүрген.(жер)
Біз жерде өмір сүреміз.

«Алма» ойынмен модельдеу: планетадамыздағы су мен құрлықтың ара салмағын көрнекі түрде көрсету. Мұғалім қолына алма алып, «Осы алма – бұл біздің Жеріміз». Құрлық бетінің төрттен үш бөлігін су алады (осы сөздерді айта отырып, мұғалім алманы төртке бөліп, үш бөлігін алып тастайды). Жер бетінің төрттен бір бөлігі – құрлық.

Ал, енді мынадай сұрақтарға жауап бере қойыңыздар?

«Жасыл» сөзі орысша қалай болады? (зеленый). Ал ағылшын тілінде қалай болады? (green).

Осы сөзбен сөз тіркестерін құрыңдар (жасыл өскін, жасыл (көк) шөп, жасыл планета және т.б.)

- Жылдың қай мезгілінде табиғат көктей бастайды? (көктем)

- Көктемде қандай құбылыстар пайда болады? (табиғат оянып, жаңа өмірін бастайды)

- Жасыл сөзі нені білдіреді деп ойлайсыңдар? (жаңа өмір)

- Енді біз «Жасыл экономика» деген сабақ тақырыбына да жеттік, яғни "Туған өлке экологиясы" және "Жасыл экономика" туралы сөз қозғайтын боламыз.

II. Түсініп алу кезеңі.

"Жасыл экономика дегеніміз не?" бейнероликқа назар аударайық.

www.bilimland.kz

https://www.youtube.com/watch?v=wnFMQLi3Mqs

Блиц-турнир: Балалар мұғалімнің сұрағына жарысып жауап береді, дұрыс жауап үшін ұпайлар беріледі.

1. Бұл видеода табиғаттағы қандай проблемалар қозғалды? (ауыз су тапшылығы, энергия жетіспеушілігі, жаһандық жылу)

2. Бізге энергия не үшін қажет? (құралдарды пайдалану үшін)

3. Тоқты қайдан алады? (зауыттарда, электр станцияларында)

4. Ондай зауыттар қандай зиян келтіреді? (табиғатты ластайды)

5. Тоқты тағы қалай алуға болады? (күннен, желден, судан)

6. 2010 жылы экологияға қатысты қандай бағдарлама қабылданды? (Жасыл көпір)

7. "Жасыл экономикаға" өту тұжырымдамасының 3 кезеңін ата (Табиғатты қорғау, жаңартылған қуат көзі, "Үшінші" өнеркәсіп революциясы).

8. Сонымен, "Қоңыр экономика" мен "Жасыл экономиканың" айырмашылығы неде?

Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін, су үшін   жауапкершілікті сезінеміз бе?

-Сергіту сәті "Қоқыс жәшігі" ойыны.

Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін  қандай ұсыныстар айтылатынын білу. Оған қаншалықты    қолдау таба алатындығына сенімділіктерін байқау

Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:

Қағаз                                           2-10 жыл

Консерві банкалар                     80 жыл

Полиэтилен                                200 жыл

Пластмасса                                 500 жыл

Шыны                                        1000 жыл 

Кабинеттің бір бұрышында қоқыс жәшіктері тұрады. Оқушылар алдарында тұрған қоқыстарды тиісті контейнерге салуы қажет. Қоқыстардың сұрыпталуы туралы қорытындыға келеді.

ІІІ. Шығармашылық тапсырма "Қоқыс - қалауын тапса, кіріс әкеледі".

Өсімдіктердің ,жануарлардың қалдық заттар, яғни пакет, сынған ағаш, жануар терісі мен жүні, сарғайған-жыртылған жапырақтар, қалың қағаз қораптар,  пластмасса бөтелкелерден бұйым жасау. Бағаланады.

IV. Қорытынды кезең.

Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.

Табиғатты қорғау, туған жерімізді көркейту біздің қолымызда.

Мұғалім гүл көшетін ұстап тұрады.

Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер.

1. Табиғат — ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

«Жер» тобы ыдысқа топырақ салады. 
2.
Табиғат — ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес.

«Су» тобы гүлге су құяды.

Табиғатты аялау-адамазаттың перзенттік парызы.Табиғатты аялау-туған елді,жерді аялау.

Рефлексия.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін "Лайк-Дислайк" әдісімен бағалайды.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!