Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Ұлы есімдер ұмытылмайды" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Ұлы есімдер ұмытылмайды" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты ұлы жеңіс күніне арналған. Сынып жетекшілерге көмегі тиіп қалар деп ойлаймын. Ұлы жеңіс жолында тер төккен, елін,жерін қорғаған бабалардың есімдері ешқашан ұмытылмауы тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4863
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлы есімдер ұмытылмайды »

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Ән ұран:


Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ұлы есімдер ұмытылмайды» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.


Назерке:

Қайырлы күн, ардақты ағайын!

Жетпіс жыл бейбіт күннің таңы атқалы,

Жетпіс жыл шуақты таратты әнін.

Жетпіс жыл зеңбіректен оқ жаудыртпай.

Жетпіс жыл бұлбұл құсты сайратқалы.

Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің қайсар рухын паш еткен Жеңіс мейрамына арналған «Ұлы есімдер ұмытылмайды» атты салтанатты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.


Бақберген:

Жеңіскерлер – әр елдің өрендері,

Солар жұрттың айбары, әлемдегі.

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа,

Мерей тапты солармен ел еңбегі.


Назерке:

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымызбен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашанда ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер - жердегі ауыл - селоға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.


Бақберген: 50 млн адамның өмірін қиды. Міне, осынау еліміздің жеңісіне 70 жыл толып отыр. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашанда ұмытпауы тиіс.
Дәл осынау жадыраңқы жай күйі,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басым иіп бір минут
Есіңе алмақ сол бір апат қайғыны
( 1 минут үнсіздік)


Жазира: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.


Асқар: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Нұрсұлтан: 1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.


Ұлбосын: Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі –Бауыржан Момышұлы.  Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі:

Жандос: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.


Шынар: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.


Ұлбосын: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті

.

Гүлім: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.


Әлия мен Мәншүк туралы бейнематериал көрсетіледі:

Әлия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан Ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.


Мәншүк: Отан Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.


Әлия: «Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін таппадық.


Мәншүк: Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар тұрып қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.






Екеуі қосылып:

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді,

Жетсек деген арманымыз көп еді.

Бізді туған күнімізбен құттықтап

Айтылған жоқ махабаттың өлеңі.

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

Жанымызды құрбан еттік осылай

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.


Ән: «Катюша»

Орындайтын: Қасымбек Дидар


Гүлназ: Мәлік Ғабдулин 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.


Дидар: Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.


Асан:  Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров – қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.


Азамат: Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.1941 жылдың қараша айында Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, бас­қыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс аяқталған жылдардан соң бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы.


Назерке: Екінші дүниежүзілік соғыс – адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді әрі ерліктерге басыңды идіріп таңқалдырады. Соғыс адам жаратылысының ғаламат құпияларын көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды.


Бақберген: «Сен батыр атануға тиіссің» дейтін бұйрықты ешқандай қолбасшы бере алмайды, орындата алмайды. Бірақ ерен ерлігімен батыр атанған жерлестеріміз де жетерлік. Наурызбаев Байзақ, Есімханов Дархан, Адилова Айдынбек, Бибосынов Абдіраман, Пазылбеков Манах, Пазылбеков Абдімуталі, Наурызбаев Жазұзақ,, Абенов Жабай, Жумаханов Назарбай, Есимханов Дархан, Ақбалаев Бижигит, Ағайдаров Молдаш, Туматов Байсары, Жабаев Дадахан, Асабаев Төлеп осы сынды ержүрек аталарымыз бар. Алысқа бармай-ақ өзіміз оқитын мектебіміз Кеңес Одағының Батыры Жолдыбай Нұрлыбаев атымен аталады.


Сәбира: Жолдыбай Нұрлыбаев 1922 жылы дүниеге келген, туып өскен жері – 1930 жылы іргесі қаланған «Өнімкер» колхозы. «Болар бала бес жасынан», – деп халқымыз айтқандай, Жолдыбай жасынан-ақ пысық, алғыр, әрі жұмысқа ұқыпты қарайтын, тіл алғыш бала болып өсті. Ол «Өнімкер» колхозындағы жеті жылдық мектепті, кейін «Бірлік» орта мектебін үздік бағамен бітірді. Жолдыбайды ағайыны Мәміш Бекботаев (ол уақытта колхоз бастығы еді) 1939 жылы Алматы қаласындағы мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курсқа түсіреді. Оны 1939 жылы бітіреді. 1939–1941 жылдары (Ленин колхозы) «Земля и труд» колхозындағы Қызылабад орта мектебінде мұғалім болып қызмет етеді. 1941 жылы Алматы қаласындағы Киров атындағы университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1941 жылы желтоқсан айында Алматы қалалық әскери комиссариаты арқылы өз еркімен майданға аттанады. Жолдыбай соғыста батарея командиріне дейін көтеріліп, капитан шенін алады. Ж. Нұрлыбаев Ұлы Отан соғысында Сталинград, 3-ші Оңтүстік, 4-ші Украина, 1-ші Белоруссия сияқты соғыс майдандарында шайқасқа қатысады. Висла-Одер шайқасында дайындық кезінде 1-ші Белоруссия майданының құрамындағы генерал Николай Эрастович Берзаринның (Берлинның тұңғыш коменданты) басқаруындағы 5-екпінді армияның жауынгерлері ерекше көзге түсті.


Магнушевский әскери алаңының қорғаныс шенін бұзып өтіп, 1945 жылдың 14-қантарында елеулі табыстарға жетті. 19 қаңтар күні Скорневица, Варшава-Познань елді мекендері, 2000-нан астам фашистер жайғасқан елді мекендері, Кола қаласы 7-сағаттық соғыстан кейін азат етіліп, Варта өзеніне өтетін жол ашылды. 21 қаңтар күні 2-гвардиялық танк армиясының жау қарсылығын ерлікпен бұзып өтіп, Несе өзені арқылы Германияның шекарасына басып кіреді. Міне, осы шайқастарда № 507 танкіге қарсы оқ ататын артиллерия полкінің жауынгерлері немістердің тоғызыншы шабуылына тойтарыс берді. Мұнда Нұрлыбаевтың батареясы ерекше көзге түсті. Одер өзенінен өту үшін болған ұрыстардан 5-екпінді армия шайқастың 18-ші күні 570 километр жерді азат етті.


Ж. Нәжімеденов «Бейбіт күн тілегі» әні

Хормен орындалады.


Нұрболат: Жөні қанша сөз айтып жалғаны бар,

Жеңіл сөзбен желпінген жарға құлар.

Жау жеңдік деп оп-оңай айтқанменен

Ол сөздің де өзіндік салмағы бар.

Қала, дала қансырап от құшқанын,

Жеңіс үшін талайдың оққа ұшқанын,

Айту керек шындықты, қасіретті

Қырып –жойып атқанын оқ дұшпанның.

Жесір етіп біреудің алған жарын,

Өзегіне біреудің салған жалын.

Соғыс келіп бұзды ғой талай жанның

Аппақ, әсем, тәп-тәтті армандарын.

Жеңіс болып ендігі асқақ арман,

Қару алдық от құшқан шақта бар маң.

Еріккеннен соғысқан жоқпыз біздер,

Соғыстым, сондықтан мақтана алман.

Соғыстым деп өзеуреп мақтанбаймын,

Бір басымнан асады тапқан қайғым.

Көз алдымда көз жұмды талай боздақ,

Тірі қалған өзімде ақсаңдаймын.

Мезгілінен бетке әжім тез келіпті,

Шашты ағартқан жоқ одан өзге «мықты».

Сол соғыста жоғалтып жастығымды,

Сол соғыспен бастадым егделікті.

Майданда да, тылда да талай біткен,

Ай, күн, сағат, секундті санай күткен.

Айту оңай жеңдік деп, ал сол Жеңіс

Келіп пе еді біздерге оңайлықпен.


Сабира: Жеңіс үшін асықтық, асықты күн,

Сондықтан мына аспан ашық бүгін.

Осы күн мен ел үшін қан төктік қой,

Сол үшін де мәңгілік бақыттымын.

Бұл жеңістен теңдессіз өзге мүсін,

Ақ ниеттілер күдерін үзбеді шын.

Сол үшін де жеңісті жеңіп алдық,

Соның өзі мақтаныш біздер үшін.

Ұсынғанмен бұл өмір қиын заңын,

Шыдап едік, жеңіп ек. Мұным мәлім!

Босап кетем ал қазір есіме алсам,


Жеңіс үшін талайдың қиылғанын.

Ендігі ұрпақ сұм соғыс көрмесін деп,

Жеңіс әнін сұм соғыс бөлмесін деп

Содан бері келеміз күресіп біз,

Тыныштықтың мерейі өрлесін деп.

Сөз бергенде осынау шақта маған,

Деймін мен: «Тыныштық сақта ғалам!»

Сол үшін де келемін дауыс беріп,

Соным үшін жар салып мақтана алам!

Соғыстым деп ал бірақ мақтанбаймын,

Бір басымнан асады тапқан қайғым.

Көз алдымда көз жұмды талай боздақ,

Тірі қалған өзім де ақсаңдаймын...


Ән: «Қазақстаным алға»

Орындайтын: Сапархал Гүлім


Көрініс.

(Жаздың жаймашуақ күні. Есік алдында балалар асық ойнап жүр. Үй сыртында әжесі ұршық иіріп ән айтып отырады. Атасы көршісі өзара

әңгімелесіп отыр. Сол кезде бір көрші әже келеді.)


Көрші әже: Маржан-ау, қуаныштарың құтты болсын. Үйдің шаруасын өзің білесің, бағана шығайын деп ойлап едім, әлі жүрмін саған жете алмай. Үлкен немерең мектеп бітіріп қуанышты болып жатырсың ба? Дастарханыңды жай, ауыл-аймаққа тойыңды жаса. Осындайда шабылмағанда қашан шабыласың?


Әжесі: Рахмет, рахмет, Хадиша. Шақыр, шақыр ауылды! Бір тойым бар, той жасаудан қазақ қашқан ба?

( Сахна сыртынан жүрегі қуанышқа толы үлкен немересі әжетайлап мектеп бітіргеніне қуанып жүгіріп келеді.)


Немересі: Әже, әжетай! Бүгін менен бақытты жан жоқ. Мен мектеп бітірдім, әже. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.

( Әжесін құшақтап еркелей күледі.)


Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам!

Маңдайынан сүйіп қасына отырғызады. Әкесі жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді. Келіні ыдыс алып келе жатып радиодағы хабарды естіп тұра қалады.


Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан- байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде мәімдеді. Олар бізді бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ. Отанымызды жау қапыда басты. Біз жеңеміз. Фашистерге өлім. Отан үшін, ел үшін, жер үшін барлық ер-азаматтар Отан қорғауға қолымызға қару алып аттанайық.

( Қолынан ыдысы түсіп кеткен келін жылап бетін жабады.)


Кішкентай немере: (үрейлі) Әже, әже, соғыс, соғыс басталды!

(Әжесі немересін құшақтап жылайды.)


Әжесі: Қарғыс атқыр Гитлер, нең бар еді бізде, Бейбіт жатқан елде.

(Жүгіріп бір бала келеді.)


Бала: Аға, сізді ауылдық кеңеске шақырып жатыр (Қолындағы қағазын жігітке береді). Тез жиналсын деп жатыр.

Әжесі: Бұл не қағаз, қарғым-ау?

(Әскери әуен ойнап тұрады.)


Немересі: Аттан әке,

Сен қазір аттанасың.

Жауынгердің рөлін атқарасың.

Неге бізге үмітсіз тесілесің.

Аттан, әке, жолыңнан кешігесің,

Кеудесінде жаны бар пақырларың

Тауып жейді сенсіз де несібесін.

(Әкесін келіп құшақтайды.)


Әкесі: Тыңда балам, тыңда күнім,

Болуға жара қолғанат.

Кәрі анам, сәби інің –

Барлығы саған аманат.


Әжесі: (Баласын сүйіп келініне қарап)

Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Келін-ау, көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер.


Келін: (Қалтаға салған топырақты беріп)

Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді.

(Жары соңынан жылап қалады.)


(Әскери комиссиариат алды... Ағылған халық, бәрі соғысқа жіберуін сұрауда.)


Комиссар: Жігіттер, сапқа тұрыңдар!

Жігіттер, Отанымызға неміс фашистері кенеттен соғыс ашты. Сендер Отанымызды қорғау үшін Мәскеу қаласының сыртында орналасқан Соколов деревнясына арнайы әскери даярлыққа барасыңдар. Жігіттер, елімізді фашистерден қорғайық!


Солдаттар: Қорғаймыз!


Жандос: «Майданнан хат» (үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.


Жазира: «Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

1Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.


Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!


(Мұңды музыка ойнап тұр. Сахнаға қолында гранаты бар, шекесін ақ дәкемен орап Боран шығады. Гуілдеп соққан боран мен атылған мылтықтың даусы естіліп тұрады.)


Боран: Барамын тартып батысқа,

Жортуыл, қырғын, күн қату,

Өлтіру, өлу, атысқа!

Жігіттің жігіт болғаны –

Жаудан елін сақтаса.

Жау шапқанда еліне

Қояндай бұғып қашпаса

Атой сап жауға кіремін,

Ұлы Отаным сен үшін,

Туысқан ұлы ел үшін,

Мына бір қалған бел үшін.

Менің жаным Отандық,

Отан деп өлем өлсем де.

О, сүйікті Отаным,

Балам деп көм көмсең де!

Ант еттім де қорғадым мен

Жасқанбай-ақ жауымнан.

Сақтап қалдым елімді мен,

Өртті жойқын дауылдан!

(Боран қолындағы гранатын лақтыра бере оқ тиеді. Сол кезде Ана бейнесі көрінеді.)


Ана: Өсіріп пе ем мен сені,

Майданда үнсіз жатсын деп.

Қарай алмай жауына

Жерге бетін бассын деп.

Өсірдім ғой мен сені

Ел қорғайтын ер ме деп?!

Отан үшін, жер үшін

Майдандада от боп жансын деп.

Бесіктегі сәбидің

Ұйқысы тыныш қансын деп.

Мүшел жаста, құлыным,

Үзілді-ау сенің тұғырың.

Оқуға зерек көпшіл ең,

Қиылды-ау сенің ғұмырың.

Қыршыннан кеткен, қарағым,

Жарқ етті-ау сенің жанарың.

Кейінгі мынау ұрпаққа

Айтатын бар ма талабың?

Өмірден мынау өтсең де,

Жер қойнына кетсең де,

Кеудеңмен жауып жау оғын

Пулемет қарша сепкенде.

Ерлігіңді әрдайым

Ұмытпайды еш пенде.


Мұқағали Мақатаев: «Жаралылар баладасы»

Оқитын: Нұрділлә Асқар.

Назерке:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!



Бақберген:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!


Мұхтар Шаханов: «Ғайша жеңгей»

Оқитын: Жұмабек Гүлназ


Ән: «Біз Отанның ұланымыз» Сөзі: Т. Молдағалиев. Әні: Н. Тілендиев.

Орындайтын: хор.


Назерке: Жеңіс! Жеңіс!

Елге таза ашық таң атырды,

Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды,

Ақбоз атты балалар сүйіншілеп,

Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар биік ұста туыңды,

Жарқыратып туған жердің таңбасын.


Бақберген: Нық басайық анығырақ табанды,

Тең ұстайық ширақ аттап қадамды.

Көтер еңсе, құрыш білек жауынгер,

Рухты бол жеңілмейтін табанды.


Екеуі: Ашық болсын қазақ елі аспаны,

Қорғайтұғын аман болсын жастары!

Бүлдіршіндер күлкісімен өрілсін
Жеңістің жыр дастаны.


















15 Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Shape1

Тақырыбы:

«Ұлы есімдер ұмытылмайды»





















7 «А» сынып

Сынып жетекшісі: Тоқхожаева А. Б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!