Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық тәрбие сағаты:Мамандықты тандау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда
Тарих пәні мұғалімі:Ургушева С.К.
Үлкен арман керек екен адамға
Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау – болашақты ойлау
Мақсаты:
білімділік –оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
Дамытушылық –жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту,
Тәрбиелік –оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: «Миға шабуыл», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Сабақ барысы:
.Ұйымдастыру кезеңі .Психологиялық ахуал «Адамгершілік құндылығы» видео.
Әзір ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі сәбілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
.....Барлық істің батыры –біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Салеметсіздер құрметті оқушылар мен ұстаздар,конақтар ! Бүгінгі сынып сағатымызға қош келіпсіздер!Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы Мамандық таңдау – болашақты ойлау.
Мамандық тандау-жасөспірімдердің өмірендігі күрделі де маңызды,қиын да,қажетті қадамы.Көптеген жоғары сынып оқушылыры өздерінің іскерліктері мен қабілеттірін дұрыс тани алмай,мамандық тандауға көптеген кедергілерге ұшырайды.Бүгінгі мастер классымыз осы оқушылардың алдында тұрған басты мәселені шешкенде нені білу керек-болашақта мамандығын тандағанда.Бүгінгі сабақтан әркім нәтеже шығарады деген үміттемін.
Бәріміз де алдымен мынадай «Мамандық магазины»« тренингін ойнайық.Қазір кез келген оқушыға бір мамандықты айтамын,келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті айтады.)
— Механик-кондитер….....
1.«Миға шабуыл»— ой қозғау:
Мамандық дегеніміз не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді:
«Мамандық» сөзіне анықтама беру. Мұғалім толықтырады
Профессия- мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық алғын келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналан толған мамандық,
Айналан толған өнеге.
Мамандық тандау –тағдырынды тандау деген сөз.
Видео 1
Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен.Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай тандауға болады?Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Дегенменде өз тандауынды тағы да бір тексерген артық етпейді,тандаған әлде тандаймын деп тұрған мамандығыныз,шындығында өзінізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме. Мамандықты тандағанда әр адам неменеге сүйену керек?
Әр топқа беріледі сөздер-Қызығушылық-Қабілет-Қалауы-осы сөздерді пайдалана отырып сұраққа жауап береді.
2. «Білеміз бе?»
Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар
І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар
ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар
ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды
Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз Видео -Жойылатын мамандықтар туралы-мәлімет
3. Мамандық тандауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?
Ата-ана
Достар
Мұғалім
Беделі
Қабілет
Жақын аймақтағы оқу орны
Жалақысының көп болуы
Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін дәлелдейді.
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
Ақша болса, мамандық қажет емес
Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
4.Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.
Сұрақтар:
1.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
2.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
3.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
5«Мамандықты тап» сергіту сәті. Оқушыларға беріледі ,олар тандап өз пікірлерін ортаға айтады.
Психолог Е.А.Климов мамандықтарды негізгі мынадай салаларға бөліп жіктеген Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
1. адам – адам
2.адам – белгі жүйесі
3. адам – табиғат
4. адам – техника
5.
адам –
көркем образ.
1.Адам – адам:
мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал
қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс
істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер,
журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
2.Адам – белгі
жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс
жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу
керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ
операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық
жұмысшылары.
3.Адам – табиғат:
бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен
құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал
дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист,
эколог.
4.Адам – техника:
бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын
-ұшқыштар,
матростар, электромонтерлер, слесар жатады.
5.Адам – көркем
образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім,
талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер,
суретшілер, әнші, актерлер.
6.
«Жағдаяттық сұрақтар».
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа
ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық
саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың
ба?
3. — Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?
7.Мамандық таңдау – болашағыңды
айқындау.Видео-2
Мамандық таңдауда
мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ
КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
1.ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап
- тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
2.ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың
кеңістігі;
3.ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы
әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму
тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы
таңдалады.
Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз
алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету
үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің
болашағың айқын.
Әр оқушы өздерінің таңдаған мамандықтары туралы айтып береді.
8.Осы жөнінде оқушылар пікірін
тыңдайық. — Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма?
Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойларың
бар?
Осы кештен не алдыңыз?
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.
9. Рефлексия. «Тілектер ағашы » Гүл құмырасын да ағаш отырғызылған
Сабағымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма, жапырақ стикеріне сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілектер ағашына »ілеміз.
Бүгінгі сабақтаң алған әсерлерің.
Болашақтағы жоспарларың
Алға қойған мақсаттарың, бір- бірлеріңе тілектерің
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Рахмет, сендердің айтқан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін.
«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп
таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі
қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі
толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды
талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір-
бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар.
Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды
таңдаңдар.