Материалдар / ашық тәтбие сағаты 9сынып мұғалімі Оразалиева Кенжетай Қырғызәліқызы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық тәтбие сағаты 9сынып мұғалімі Оразалиева Кенжетай Қырғызәліқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2021
462
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ашық тәтбие сағаты 9сынып

тарих мұғалімі: Оразалиева Кенжетай Қырғызәліқызы



Сынып сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»

Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Жамбыл обылысы Мойынқұм ауданы №2орта мектеп тарих пәні мұғалімі Оразалиева Кенжетай Қырғызәліқызы

- Сәлеметсіздер ме, балалар.Жаңа оқу жылы құтты болсын!Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталады.

Ағыл да тегіл арындап арман ағысы,
бүтіндеп бойын бүрленді бүкіл бақ іші.
Жанданып жатыр жарасын жалап жазатын
табанын тұздан тоздырған түздің тағысы.
Қағанаттардан Қазақстанға жеткендей,
қамшы салдырмас қазанаттардың шабысы.

Айбаты асқақ арыстандайын алыстым,
Абылай болып жаныштым мысын Шарыштың.
Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек –
алты алаш үшін құрбаны болған Намыстың.
Қайрат пен Ербол, Сәбира, Ләззат көз жұмған
Желтоқсандағы ызғарлы желмен қағыстым.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады.Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады.

Қазақстан жетістіктері: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді ел деп жарияланды. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осыдан 45 минут өткен соң Түркия Республикасы бірінші болып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін таныды. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. ҚР Мемлекеттік рәміздері бекітілді1991 жылы Мемлекеттік рәміздер — әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланып, 1992 жылдың 4 маусымында ҚР президенті "ҚР мемлекттік туы", "ҚР мемлекеттік елтаңбасы", "ҚР мемлекеттік әнұраны туралы" заңға қол қойылды.

Ата Заңы қабылданды

1995 жылдың 30 тамызында қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы қабылданды. Ол бойынша республика президенттік басқару түріне көшеді, енді заң шығарушы органды тек мемлекет басшысы ғана тарата алады. Сол кезден бастап 30 тамыз Ата заң күні ретінде тойланып келеді. 

Қазақтың ұлдары ғарышқа ұшты

1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - қазақтың тұңғыш ғарышкері Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ал 1994 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге жалға берілді. Осы жылдың шілдесінде ғарышқа екінші қазақ Талғат Мұсабаев ұшты, бірақ ол Ресей федерациясының азаматы ретінде ұшқан еді. Ғарышқа екінші рет ұшып барған соң Талғат Мұсабаев Ресей федерациясының батыры және Қазақстанның «Халық қаһарманы» атағына ие болды. Сонымен бірге, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов 2015 жылы 2 қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен Астана уақыты бойынша 10:38-де 10 күнге ғарышқа ұшты.  

1993 жылы 12 қарашада ҚР Президентінің 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығару туралы Жарлығы жарық көрді. Тұңғыш рет ақша бетінде әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов, Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан бейнелері жарық көрді.

2006 жылы Бәйтерек бейнесімен жарық көрді. Қазақстанның тарихын ғана емес, сәулеті мен табиғатын да сыйғызуға тырысқан. Теңгенің бетінде ашық алақан, тұңғыш президенттің қолы, әнұранның ноталары басылды.2011 жылдан бастап жаңа дизайндағы валюта айналымға шықты. Бір жақ бетінде «Қазақ Елі» монументі мен ұшып бара жатқан кептерлер жарияланды. Екінші жақ бетіне суретшілер Алматы қаласының, Ертіс өзенінің,Үстірт жазығының панорамасын бейнеленді

"Болашақ" бағдарламасы 5 қараша, 1993

Қазақстан1993 жылы сол кездегі Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Осы жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастар оқуға жіберілді. Осылайша, талапты әрі талантты қазақтың жастары әлемнің түкпір-түкпірінде білім алуға мүмкіндік алды. Бүгінге дейін 14 мыңға жуық стипендия тағайындалған. Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр» деген еді. 

Семей ядролық сынақ полигоны жабылды

1991 жылдың 29 тамызында Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлығы шықты. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге айналды. Ал 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады. 



Астана Ақмолаға көшірілді

1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Ақмолаға шығарып салу салтанатты рәсімі өтті.

Ал 1998 жлдың 10 маусымында әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Алайда, 2006 жылдан бері елорда күні 10 маусым емес 6 шілде күні кеңінен аталып өтуде

1998 жылдың 6 мамырында ҚР президентінің жарлығы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімімен Қазақстанның жаңа елордасына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы мен медалі табысталды. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 маусымында бірқатар шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен өтті.



2011 жылы Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өтті 

Қазақстан Қысқы Азия ойындарын қабылдаған төртінші мемлекет. Бұған дейін төртжылдықтың ең ірі форумы Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореяда өтетін еді. Сонымен қоса, Қазақстандағы ойындардан бастап Азиаданың меншікті алау оты пайда болды. Ең бастысы, Азияның шартарабынан жиналған үміткерлер бүгінгі заман талабына жауап беретін тамаша спорт кешендерінде сайысқа түсті. Ашылу салтанаты ұйымдастырылған “Астана Арена” стадионы, “Алау” мұзайдыны, “Қазақстан” спорт сарайы, республикалық велотрек, Алматыдағы Балуан Шолақ сарайы, таудағы әйгілі “Медеу”, халықаралық трамплиндер кешені, “Шымбұлақ”тау базасы, “Табаған” , Сарбаздар сайындағы шаңғы-биатлон кешені бүгінде қазақ халқының иігілігіне айналды. Спорттың 11 түрін қамтыған Ақ Азиада ойындарының телекөрсетілімін 500 миллион көрермен тамашалады. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.

Халықаралық ұйымдарға мүше болды

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанса, 22 мамырда ЮНЕСКО құрамына енген болатын. Ал 2010 жылы Қазақстан Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтвмақтастық Ұйымына төрағалық етіп, желтоқсан айында елімізде саммит өткізілді. 2015 жылы 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.

2017 жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

2017 жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО" көрмесі ұйымдастырылды.  Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. 

2019 жыл жастар жылы болып жарияланды

2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осылайша, Жастар жылы аясында жас қазақстандықтарға жеңілдікпен баспана алуға мемлекеттік бағдарламалар, сонымен қатар кәсіп ашып, үкімет тарапынан түрлі гранттық бағдарламалар ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев президент ретінде өкілеттігін тоқтатты

2019 жылы 19 наурызда Қазақстанды 28 жыл бойына басқарған еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент ретінде өкілеттігін тоқтатты. Сөйтіп, Орта Азиядағы тақтан өз еркімен бас тартқан тұңғыш президент атанды. Дегенмен, ол Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне, бұдан бөлек елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие. Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі.

Президенттік кадр резерві жасақталды

Астана атауы «Нұр-Сұлтан» болып өзгерді

2019 жылы сол кездегі уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтәп, Қазақстан астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгертілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланды

2019 жылы 9 маусымда елімізде кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті болып сайланды.  

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды 

2019 жылы 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы қаулыға қол қойды. Оның құрамына 44 адам кірді. Кеңес жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін билікке жеткізіп, маңызды стратегиялық проблемаларды талқылайды. Соның негізінде заңдарға ұсыныстар мен өзгерістер енгізіледі.

Осыған дейін Ұлттық кеңестің төрт отырысы өткен болатын. Соңғы жиында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы кеңестің билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналғанын және оның мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың жүзеге асуына күш салып келе жатқанын атап өтті. ҚР кеңесте пандемияға қарамастан елімізді дамытудың өзекті мәселелері тұрақты түрде талқыланатынын, бірнеше маңызды бастама жүзеге асырылғанын, сондай-ақ, қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың түрлі салаларын реформалауға қатысты жаңа ұсыныстар әзірленіп жатқанын айтты.  

2020 жылы Еріктілер жылы болып жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. "Мен еліміздің әрбір өңіріне волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін. Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шараларды қабылдайды. Біз оған зор мән береміз. Алайда Еріктілер жылы кезекті науқан емес. Осыны халыққа түсіндіруіміз керек", - деді ол республикалық волонтерлік фронт-офистің ашылуында. 

 Ал мемлекет басшысы Еріктілер жылының жабылуына арналған жиында бұл жыл біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем тарихында аса күрделі кезеңдердің бірі болғанына қарамастан, «қайырымды істер» жалпыұлттық идеясы он мыңдаған қазақстандықтың қайырымдылығы мен жанашырлығының арқасында өмір шындығына айналғанын атап өтті.  

Еріктілер жылы несімен есте қалды 

Барлық аймақта Еріктілердің фронт-офистері ашылды

Еріктілер саны 100 мыңнан асты

«Birgemiz» жалпыұлттық бастамасы аясында мұқтаж жандарға қөмек көрсетілді

«Qamqor», «Saulyq», «Sabaqtastyq» жобалары жүзеге асырылды

«Қайырымдылық» туралы заң жобасы әзірленуде

ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА АРНАЙЫ ГРАНТТАР БӨЛУ ЖҰМЫСЫ
ЖАЛҒАСАДЫ

1-оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
2-оқушы:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де талай қорлық азаппенен.
3-оқушы:
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.
4-оқушы:
Тәуелсіздік – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егемен, сан ұлты бар.
5-оқушы:
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
6-оқушы:
Қазақстан – туған Отан, алтын бақ,
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария,
Қазақстан – мейірім, ана, жер қымбат,
Атады әлі тағы да бір таң күліп,
Жүректерде арман отын жандырып.
Қазақстан бізді туған ұлы Отан,
Жайнай бер сен жайнай бер сен мәңгілік!
7-оқушы
Бізге берік ұлы достық,
Бірлік құрып тілек қостық,
Ұлы мақсат биігіне, Дос жолына жүрек тостық.
Достық – біздің тірегіміз,
Бірге соғар жүрегіміз.
Оттай ыстық бір-біріне
Одақтасқан ұлы елміз!
Қортынды: «Ыстық орындық» әдісі. Берілген әдіс проблемаларды талдау дағдыларын дамытуға, өз ұстанымын негіздеуге көмектеседі. Жүргізілу реті: бір білім алушы барлық білім алушылардың алдында орындықта отырады, қалғандары жарты шеңбер құрып отырады. Жүргізілу алгоритмі: Бір оқушы алға шығып, өз ойын айтып, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Өзіндік көзқарасы бар білім алушыларға немесе сұраққа қосымша қосатын ойы бар оқушыларға шығып жауап беруіне болады. Білім алушылар белгілі бір адамның рөліне кіріп ойнай алады.

- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз

Ж. Молдағалиев:

                         Өткеніңді еске алсаң,

                         Өскеніңнің белгісі.

                         Өткеніңді ұмытсаң,

                         Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарыңашық, жарқынболсын, Тәуелсізелдің азаматтары!





















































































1991 жыл:

  • 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

  • 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.

  • 2-қазанда Байқоңырдан «Союз-ТМ-13» кемесімен ғарышқа қазақтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ұшты.

  • 29-тамызда ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.

1994 жыл:

  • Талғат Мұсабаев «Союз ТМ6» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

  • 5-желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Рессей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.

  • Наурыз айында ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

  • ҚР парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» заң жобасын қабылдады.

1995 жыл:

  • ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.

  • 1-наурызда Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты.

  • 30-тамызда еліміздің Ата Заңы жаңа Конституция қабылданды.

1996 жыл:

-25 мамырда Қазақстан Республикасы және Рессей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

- ұлы ақын,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жылы деп аталып өтті.

1997 жыл:

  • Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы болып саналды.

  • -20-маусым «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.

  • Көші-қон және демографиялық агенттігі құрылды.

  • 10-желтоқсан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.

  • ҚР «Тіл туралы» заңы қабылданды.

  • Білім заңы қабылданды.

  • 11-желтоқсан Қазақстан халқына «Қазақстан 20-30» жолдауы қабылданды.

2002 жыл:

  • Елімізде денсаулық жылы болып жарияланды

  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ЕурАзЭК Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.

  • «Астана-Бәйтерек» монументі салынды.

  • Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өткізілді.

  • Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.

2013 жыл:

  • «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

  • 2013 жылы EXPO 2017 өткізу құқығын алдық.

2016 жыл:

  • Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл

  • Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы аталып өтті

  • Қазақстандықтар олимпиадада барлығы 17 медаль (3 алтын,5 күміс,9 қола) алып, ел спорты тарихында жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

  • 2017ж

  • 2018ж

  • 2019ж

  • 2020ж

  • 2021ж Тәуелсіз Қазақстан 30жыл



































Тақырыбы: Тәуелсіздік жырлары
Мақсаты: а) еліміздің тәуелсіздік алғалы 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту
б) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
в) туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, медиапроектор, үнтаспа
Барысы: Кіріспе
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік туы көтерілгенде дүниеге келген, қазақ перзенті, бүгін 20 жаста. Тәуелсіздік – сенің абыройың, намысың, иығындағы қалқаның, маңдайындағы жұлдызың, төбеңдегі айдарың, қабағыңа біткен айбарың. Ендеше, халқым, Тәуелсіздігіңнің ғұмыры ұзақ болсын!

2-жүргізуші: Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айырықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі мерекелі жыл. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 20 жыл күллі қазақтың арман – тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 20 жыл, ұлы мерекеміз құтты болсын!

1-жүргізуші: ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдық шежіресіне ой жіберейік.

• 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
• 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
• 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
• 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді.
• 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерімізді қабылдады.
• 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды.
• 1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында ерекшк күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Ән «Айналдым елім»
1-оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Би «Сүгір»
2. Мәнерлеп оқу сайысы.
2-жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ХХІ ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
Аман бол, жаңа ғасыр – жаңа заман,
Аман ба, жаңаша күн жарқыраған.
Азат күн, арман ғасыр, мәңгі паш ет
Қазақтың қасиетті ел екенін.
Кезекті мәнерлеп оқу сайысына берейік.
«Тәуелсіздік»
«Тәуелсіздік монументі»
«Тәуелсіздік тұғырынан таймасын»
«Туған еліме»
«Тәуелсізбін»
«Туған жер»
«Тәуелсіз Қазақстан» Күй «Ата толғауы»
«Брежнев алаңында оқылған өлең»
«Айбыны асқақ елім бар»
«Егеменді Қазақстан»
«Тәуелсіздік» Ән «Нұр Астана»
«Тәуелсізбін мен бүгін»
«Қазағым менің»
«Тәуелсіздікке тарту»
«Тәуелсіздік жолы»
«Тәуелсіздік бізге оңай келмеді»

Сайыс қорытындысын шығару үшін әділ-қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
3. Қорытынды
Алаулаған жанарыңнан нұр тамып Бүгін сені күллі дүние жүр танып. Көк байрағың желбірейді көгіңде Әнұраның әлемде жүр шырқалып.
Тәуелсіздігімізге тұғыр болатын саналы да, тәрбиелі, білімді азамат болу – жас өреннің басты парызы. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі армандап өсіп келе жатқан талапты Ұрпақтың еншісі – сол
Тәуелсіз Болашақ.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы

1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді ел деп жарияланды. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осыдан 45 минут өткен соң Түркия Республикасы бірінші болып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін таныды. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 



ҚР Мемлекеттік рәміздері бекітілді

1991 жылы Мемлекеттік рәміздер — әнұран, елтаңба және туды жасауға конкурс жарияланып, 1992 жылдың 4 маусымында ҚР президенті "ҚР мемлекттік туы", "ҚР мемлекеттік елтаңбасы", "ҚР мемлекеттік әнұраны туралы" заңға қол қойыл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!