Материалдар / Ашық тренинг сабақ "Жарасымды педагогтар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тренинг сабақ "Жарасымды педагогтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
педагтардың қарым-қатынасын жақсартуға арналаған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
583
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтарға арналған психологиялық

«Жұбымыз жарасқан әріптестерміз» тренингі

Мақсаты: Бұл тренинг педагогикалық ұжымды ынтымақтастыруға, қарым-қатынас дағдысын дамытуға, өз-өзіне деген сенімділігін, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған. Тренинг жаттығулары педагогтардың бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады. Тұлға аралық қарым-қатынасты жақсарту, ұжымда демократиялық деңгейді көтеру.

Міндеттері:
Топта жағымды психологиялық климат қалыптастыру;
Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту;
Педагогтардың коммуникативтік біліктілігін арттыру.

Ұйымдастыру бөлімі
1.Сәлемдесу

Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр бір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып, бүгін бірінші рет көріп тұрғандай ерекше етіп таныстырады. Мысалы: «Менің атым Айман. Мен – мұғаліммін. Бүгін көңіл-күйім өте тамаша!»

2.«Кім екенін тап» ойыны
Мақсаты:Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған бетерді жетекші жинап, араластырады да,арасынан біреуін алып дауыстап оқиды .Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді
3.Ой толғау: «Сіздің ұстанымыңыз қандай?»

Қажетті құралдар: сұрақтар жазылған карточкалар

Барысы: « Мен мұғалім ретінде : кешегі,бүгінгі күнгі және болашақтағы ұстанымдарым»

Барлық мұғалімдертопқа бөлініп отырады. Әр бір топқа алдын ала дайындалған карточкалар таратылады. Бұл карточкаларда өмірлік ұстанымдар жазылған. Әр бір топ берілген сұраққа жауап бере отырып, өз ойымен бөлісуге тиіс. Дайындыққа: 2 минут, әр бір топқа сөйлеуге: 2 минут уақыт беріледі.


«Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»

«Білім кілті ізденісте»

«Дүниедегі ең оңай нәрсе-біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе-өзіңді -өзің түсіну»

«Білсе білім-күнде бақыт кісіге,

Үлкен атақ содан келер кішіге»

«Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»

«Көкіректе сәулесі жоқтың,көңілінде сенімі жоқ.»

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»

«Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер».«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап».

«Өмірдің әр сәтінен сабақ ал!»

Жүрекке жол таба білу.

Алынбайтын асу,бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ.

Тәртіпке бағынған құл болмайды.

Желге қарсы жүрсең ғана жетістік туы желбірейді.

Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға.

Біреуді сынамас бұрын өзіңе назар сал.

Жүрексіз істелген жұмыстың нәтижесі жемісті болмайды.

4."Алып" ойыны.
Мақсаты:Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Екі тәрбиеші қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіншісінің оң
аяғына байлайды, сөйтіп бір белгіленген жерге барады.
Немесе: үш, төрт, т.б. педагогтарды бірге байлайды, сосын олар
бірге жүруге тырысады. ( бақаға ұқсап секіреді).

5.«Су толы тәрелке» жаттығуы
Мақсаты: топта өзара түсінісушілікті қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларды арттыру.
Тапсырма: тренигке қатысушылар көздерін жұмып, үндемей отырып шеңбер бойымен отырып су толы тәрелкені бір-біріне береді.
Жаттығуды талқылау сұрақтары:
Сіздің ойыңызша қолыңыздан не келмеді?
Оны қалай түзетуге болады?
Жаттығу орындау барысында қандай эмоцияларды басыңыздан өткердіңіз?

6. «Баланс» жаттығуы.
Қатысушылар кағазға шеңбер салады. Ол шеңберді үш бөлікке бөлу керек. Әр бөлікке кәсіби жұмысыңыз, үйдегі жұмысыңыз, жеке өміріңіз қаншалықты орын алатынын бөліп көрсету керек.
— Айырмашылықтар бар ма?
— Оларды жақындатуға болады ма?
— Ол кімге немесе неге байланысты?

7. «Сурет салайық» 

Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз.Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырғандығы байқалады.

8.«Көпшіліктің көңілінен шығу қиын!» аңызы.
Әкесі, баласы, есегі үшеуі күннің ыстық кезінде Кешанның шаң басқан көшесімен келе жатады. Әкесі есектің үстінде отырады, баласы болса жетектеп келе жатады. «Бейшара бала, оның кішкене аяқтары есектің артынан зорға ілесіп келе жатыр.Балаңды аямай қалай ұятың жетіп, есектің үстінде келе жатырсың» деп бір жолаушы айтады. Әкесі жолаушының сөзінен кейін есегінен түсіп, баласын отырғызады. Бір кезде алдарынан тағы бір жолаушы кездесіп «Ұялсаң қайтеді, сұлтан сияқты есекке отырып алыпсың, кәрі әкең болса артыңнан жаяу келеді» дейді. Бала бұл сөздерден кейін , әкесін жанына алады. «Мұндай сұмдықты кім көріпті? Мына жас пен кәрі жатып ішерлер, бейшара малды аямай, үстіне мініп алыпты» дейді бір жолаушы әйел. Бұл сөзді естіген әкесі мен баласы есектен түсіп алға жүре бергенде тағы бір жолаушы «Мынау есектерің әбден жалқауланып бітіпті ғой, ең болмаса біреуіңді үстіне мінгізіп алып жүрсе болады ғой» дейді. Әкесі бір шөкім шөпті есегіне береді де, қолын баласының иығына қойып «Біз не істесек те, кайткен күнде де біздің жасағанымызды жақтырмайтын адамдар табылады. Сондықтан, не істеу керектігін біз өзіміз шешуіміз керек!».


Қорытынды: тренингке қатысушылардың алған әсерелерімен бөлісу, рахмет айту.




Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №49 ЖОББМ педагог-психологі Тлепова Рысгуль Дюсенгалиевна



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!