Материалдар / Асық үйірмесін жүргізудің авторлық бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Асық үйірмесін жүргізудің авторлық бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қссымша білім беру мекемелерінде және орта мектептерде асық үйірмесін жүргізуге арналған әдістемелік құрал
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ

«Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК











«Асық ойыны» үйірмесінің бағдарламасы

Әзірлеген: Есимжанов А.К























СЕМЕЙ - 2022

КІРІСПЕ


Бүгінгі жастардың мемлекет қамын ойлайтын ертеңгі ел ағалары екенін ескерсек, олардың азаматтық санасы бүгіннен бастап ұлттық болмыспен ұштаса дамуы керек. Осы мақсатты іске асыру үшін ұлттық мәдени мұраның озық үлгілерінің бірі болып табылатын ұлттық ойындарды өткізуді дәстүрге енгізу қолға алынды.

Ұлттық ойындардың ішінде аса танымалысы - асық ойыны. Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі. Сондықтан ғасыр бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір қызғылықты ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің тиімді құралы ретінде ұтымды пайдаланған жөн.

Асық ойынын 3-4 жастағы баладан қарияға дейін ойнай алады, және жас, не жыныс айырмашылығына қарамай бір ойынға қатыса береді.

Ойын - жарыс, не жаттығу өткізуге арнайы орынды талғамайды,

үй ішінде, ашық алаңдарда, мектеп, балабақша бөлмесінде өткізуге болады.

Асық ойнаған бала жылдамдық пен ептілікті, шыдамдылық пен сабырлықты, тәртіп пен мергендікті жастайынан санасына сіңіреді.


Асық ойнаған озар


Ұлттық болмыста ешқандай басы артық дүние болмайды. Ол ойын бола ма, әдет-ғұрып, салт-дәстүр бола ма, бәрі де адамның өзінің өскен ортасына сай, жан-жақты жетілген азамат болуына көмектеседі. Асық ату - көшпелі халықтардың, әсіресе, қазақ ұлтының ежелгі кезден келе жатқан ойыны. Жалпы балалардың ойыны болып есептелсе де, оның басқа түрі болмағандықтан ба, әлде өзінің қызықтығынан ба, бірақ оны ағы да, қарасы да, үлкені де, жасы да, батыры да, биі де ойнаған. Соған байланысты оның түрі де көп далада ойнайтын түрлері, үйде ойнайтын түрлері. Асық ату бұл негізінен ауыл балаларының сүйікті ойыны десек, қателеспейміз. Біріншіден, ол бірін-бірі достасу-сыйласуға, бірін- бірі қадірлеуге, ұйымшылдыққа, тәртіпке үйретсе, екіншіден көз мергендігіне, қол мергендігіне үйреткен.

Енді тағы бір айтатаын нәрсе – халқымызда «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар» дейтін сөз бар. Ол кезде асық ойнады, доп ойнады. Ол - бүгінгідей футбол сияқты халықаралық деңгейге шыққан, кәсіпке айналмаған кез. Қазір ол спорттың түрі болып, жұрт одан мамандық алып, жұрт одан күнкөрісті түзеп, кәсіп етіп жүр. Сол кезде олай емес еді. Бұл ойынның түр есебі ретінде ғана бағаланған, ал бала бүкіл өмірін, ұзақ күнгі тірлігін ойласпайды, сондықтан да баланың ойын бүгінгі тірлікке, күнкөріске аудару үшін әлгіндей мақалды шығарған. Жоғарыда айтып кеткендей, асық ойыны мергендікке көз мергендікке, қол мергендікке, дос болуына, ұйымшылдыққа, төзімділікке үйретеді, соның бәрі - ғажап дүние.

Бұл дүние қазір өзгерген. Адамның түсінігі де, таным түсінігі де, қабылдау мүмкіндіктері де үлкен. Әлемдік спорт ойындары түрлері бір жүйеге келтірілген, сондықтан «біздің ауылда былай ойнайтын еді, біздің ауылда былай ойнайды» дегенді қалдыру керек. Қазақтың ұлан-байтақ даласының төрт аясы мындаған жер шақырым ғой, әр өңірде асықтың әр-түрлері ойналған. Солардың бәрін қорытып алып, ортақ ережесін шығару керек. Сөйтіп, ойынды бір ұлттық түріне айналдыруға болады.

Асық ойынын әлемдік деңгейге шығару керек. Түрік халқы атауының бәрі асық ойнай алады. Бұны тек жетілдірсе, болғаны.


Асық қазақ балаларының ең сүйікті ойыны


Асық ойыны Қазақ балаларының ең сүйіп ойнайтын ойыны болған. Бұл ойын балаларды мергендікке, төзімділікке баулиды. Қазақтың өмірінде мал шаруашылығы қандай маңызды болғандығының бір дәлелі осы асық ойыны. Асық уақ малда қой, ешкіде, киікте, тау текеде болады. Асықтың бір кереметі оны ешкім қолдан жасап жатпайды. Табиғи нәрсе. Оның жақсы салмақты түрлерінен сақа жасайды. Қазақта «Қой асығы болғанмен қолыңа жақса сақа тұт, жасы кіші болса да ақылы асса аға тұт»деген мақал бар. Бір нәрсенің дайын екенін білдіретін «Сақадай сай» сөз тіркесі де бар. Қазақ баласы тумай тұрып-ақ ырым етіп асық жинаған және асықты ұл бала ойнағандықтан балаларымыз ұл болсын деп ырым еткен. Жолаушы адамның жолдан аман оралуына асық үйірген. Асықтың Алшы, Тәйке, Бүк, Шік, Омпа деген жақтары болады. Оның ішінде алшы жатысын өте бағалаған.Өмірде жолы болған дәулетті адамдарды «Асығы алшысынан түсіп тұр» деп айтқан. Қазақтың ұлттық ойыны ретінде ережесін жазып, спорт ойынына енгізсе, болашақ ұрпақтарымыз бекем, әрі мерген, әрі төзімді қасиеттерге ие болар еді. Біздің ұрпақ осы асық ойынының артықшылығын көзбен көрген ұрпақ.

Асық ойнайтын тақыр алаң жасау үшін сауыншы шешелеріміздің сиыр қораларын тазартып беріп, сабақтан бос демалыс кездерінде талай асық ойынының қызығын көруші едік-ау. Асық ойыны балалар үшін ең қажет ойын.

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


  1. Ереже асықтан жарыс өткізу шарттарын реттейді

Асық ойыны балалардың бойында қазақ халқының тарихи- мәдени мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулиды, қазақтың ұлттық ойындарын білуге құштарлығын арттыру мақсатында өткізіледі.


  1. Асық ойынында қолданылатын негізгі терминдер:

Асық – арқар, таутеке, қой, ешкі, елік, киіктің асық жілігімен жіліншегінің (сирағының) ортасындағы шағын сүйек;

Алшы асықтың қырынан тұрғанда ойығы үстіне, ал тегістеу, тәйке жақ беті астына қарап түскен қалпы;

Тәйке асықтың алшыға қарама-қарсы түскен қалпы;

Бүк (бүге) асықтың дөңес жағының жоғары қарап түскен түрі;

Shape1

Шік (шіге) асықтың қуыс жағының жоғары қарап түскен түрі;

Shape2

Омпы (омпа,оңқа) асықтың ашасы бар жағының жерге қадалып түскен түрі;

Шоңқа асықтың омпыға қарсы жағымен жерге қарап түскен

Shape3
түрі;


Кеней (кенай) жаппай ойынға немесе ұтысқа салынатын жай қарапайым асық;

Shape4 Құлжа құлжаның (таутекенің) асығы;



Shape5 Топай сиырдың асығы;




Сызық, шеңбер ойын барысында асық тігілетін орындар;


Көн, көмбе асық тігілетін жердің атаулары;


Қарал, қаралық ойын тәртібіне сай келмейтін іс-әрекет, яғни адал ойнамау деген сөз;


Табан, адым ойында қолданылатын өлшемдер;


Қағу, қаржу, иіру, шерту, басу, тап басу асық ойындарында қолданылатын әдістер мен тәсілдер;


«Үй ішілік» («тақта ойыны»), «далалық» («алаң ойыны») ойнау орнына қарай ойын түрлері;


«Алшы», «Қаржу», «Бес табан» ойнау әдісіне қарай аталатын ойын түрлері;


«Шыр» – кенейлерді бір жерге тігіп, ұтысқа ойналатын асық ойынының аты.

ІІ. АСЫҚ ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ


1. Асық ойынының кезеңдері және кезеңдердегі ойын түрлері


Асық ойыны әр өлкеде әр түрлі ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталған ойын түрін

«үй ішілік» немесе «тақта ойыны» және «далалық» немесе «алаң ойыны» деп екіге жіктеуге болады.

Осыған орай асық ойыны жалпы 3 түрі: тақталық ойынның 1

түрі, алаң ойынының 2 түрі бойынша өткізіледі.

Ойын жарысы келесі екі кезеңнен тұрады:

І кезең - өңірлік іріктеу кезеңі; ІІ кезең ақтық кезең.

Әр кезеңдегі сайыс жеке жарыс ұстанымы бойынша және төменде көрсетілген ойын түрлерінен өтеді:

  1. «Қаржу» (тақталық ойын) ойыны;

  2. «Бес табан» (алаң ойыны) ойыны;

  3. Шыр «Алшы» (алаң ойыны) ойыны.

Әр ойын түріне әр топтан бір баладан ғана қатысады.

«Алшы» ойынына топ капитандары қатысады.

Екі кезеңдегі жеңімпаздар ұпай немесе асық саны бойынша анықталады.


Ойын тәртібі


Әр ойын түріне қатысушылар өтінімі жасалады. Алаң ойыны барысында қатысушылар тізімдегі кезек бойынша төртеуден ортаға шығады. Алдымен тізімдегі алғашқы төрт ойыншы шығып бастайды. Әрқайсысына тізімдегі орнына сәйкес

«1», «2», «3», «4» сандары белгіленген сақалар таратылып

беріледі. “Тақталық” (үй ішілік) ойын басталар алдында ойын жургізуші олардың сақасын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе – екінші, бук түссе – үшінші, шік түссе - төртінші болып асық ататын болады. Егер екі баланың, үш баланың, немесе төртеуінің де сақасы бір қалыпта түссе, кезек ретін нақты белгілегенге дейін сақалар қайта иіріледі. Ойын соңында ең көп ұпай немесе асық жинаған бала жеңімпаз болып танылады.

Ойыншы ортаға шақырылған жағдайда дайын тұруы керек. 2

минуттан артық кешіксе, ойыннан шығарылады.

Ойын барысында дөрекілік танытқан, тәртіпке, ережеге бағынбаған ойыншы ойыннан шеттетіледі. Бас төреші қажет деп тапса, тәртіп бұзған ойыншыны жарысқа қатыстырудан бас тартуға құқылы. Осындай жағдайда ойыннан шығарылғандарға ешбір орын берілмейді.


Ойын түрлері ҚАРЖУ (қақпақыл)

Бұл ойын үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – көн киіз немесе кілем үстіне төреші бес асықты арасына шақтатып шашып тастайды (1 сурет). Ойыншыөзінің қолындағы қолайлы асығын жоғары лақтырып жіберіп, киіз үстіндегі

бір асықты іліп алып, жоғарыдан түсіп келе жатқан өз асығын жерге түсірмей қағып алады, жаңағы жерден алған асықты жерге қойып, тағы да өз асығын жоғары лақтырып, жерден екінші асықты іліп алып, жоғарыдағы өз асығын қағып алады. Осылай үшінші, Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!