Материалдар / Ашық ұйымдастрылған оқу қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастрылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
өзгеге көмек көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
427
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Ертегі кейіпкерлері!»

Мақсаты: Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсідерін қолданып, кейіпкерлерді атай алады.

Әдіс-тәсіл: Жұмбақ, ойын технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, топтық жұмыс.


Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу. (музыкамен)


Шаттық шеңбер:

Қуан, шаттан,алақай!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.


Ұйымдастырылу кезеңі:

Тәрбиеші: Балалар сіздердің көңіл-күйлеріңіз қалай?

Балалар: Тамаша!

Тәрбиеші: Сіздерге жұмбақ шешкен ұнайды ма?

Балалар: Ия!

Жұмбақ:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай мезгілде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Тәрбиеші: Жарайсыздар,тамаша жауабын дұрыс таптыңыздар.
Сұрақ-жауап: (өткенді қайталау)
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қазір қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

Балалар: Жылы, қалың киімдерімізді киеміз.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңіздерші.
Балалар: Қыста күн салқын болады, аяз болады, қар жауады, боран болады және т.б.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Қазір қандай ай?
Балалар: Қазір ақпан айы.
Тәрбиеші: Қыс мезгілі туралы тақпақ білесіздер ме?
Тақпақ:

Қыс айлары көңілді,

Ақ қар жапты өңірді.

Қар келді жеріме,
Төрлет қысым еліме.
Тәрбиеші: Жарайсыздар!


Негізігі бөлім

Ғажайып сәт
(Тәрбиеші есік қасында хатқа назар аударады)
Тәрбиеші: Балалар, қараңыздаршы бізге біреу хат әкелген. Қәне, ашып оқиық. Кімнен екен?
(Хатты ашып оқиды) Сәлеметсіз бе! Мен Машамын. Мен туралы ертегілерден естіген боларсыңдар. Мен, қысқы орманға серуендеп барғанмын. Ал мені Қыс ханшайымы ұстап, өзінің қарлы үйіне қамап қойды. Мында өте салқын.Үйіме барғым келеді. Атам мен әжемді сағындым. Мені құтқарыңдаршы!!! Тек орманда абай болыңдар!

(сөздер музыкамен айтылады)
Тәрбиеші: Машаны құтқарамыз ба? Қысқы орманға барамыз ба? Қысқы орманға енеміз бе?

Тәрбиеші: Қәне,бәріміз балабақша автобусына мініп, орманға аттанайық,Машамызға көмектесейік.

(автобуста билеттер ілініп тұрады)

Тәрбиеші: Балалар мұнда билеттер бар екен,соларды алып ,жнуарлардың атауларын атап, автобусымызға отырайық

Балалар:

Біз автобуспен жүреміз,

Әркез күліп жүреміз.

Қысқы орманға бәріміз

Жылдам бірге жетеміз!

Тәрбиеші: Қараңыздаршы орман қандай әдемі, жануарлар да ұйқыда жатыр екен. Бірақ орман ережелерін де естен шығармайық, жануарларды оятып алмайық, тыныш бір-бірімізден алыстамай, қауіпті аймақтарға өтпей, Машаны құтқарып, бақшамызға аман қайтайық .

Мына бағдаршаға назар салыңыздар балалар. Тура жүрсек орманға жетеміз,оңға өтсек басқа әлемге енеміз екен біз орманға барайық ия.

Орман ханшасы: Мен сендерді әркез бақылап жүремін, жақсы танимын. Бірақ жалғыз жүрген балаларды онша ұната қоймаймын. Маша менің сарайымда, маған ас әзірлеп,үйімді жинап жүр, құтқарам десеңдер алдымен менің тапсырмаларымды орындаңдар! Сендер жаңа жануарларды көрдіңдер ғой, енді маған көрген жануарларың бойынша тақпақ айтыңдаршы, сендерді сынап көрейін, содан кейін тапсырма орындаймыз. (тақпақтар)

Тәрбиеші: Балалар көрдіңіздер ме! Орманда болсын, көше де болсын жалғыз жүруге болмайды екен. Машаны бірге құтқарып, Ханшаның тапсырмаларын орындайық!

Орман ханшасы: Бірінші менің ертегі атаулары жасырылған жұмбақтарымды шешіңдер!

Жұмбақ: (барлық жұмбақтың жауаптары экранда мнемокесте бойынша және ертегі суреттері шығады)


Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан «Бауырсақ» ертегісі


Көкте,шетте секіріп,

Тыным ешбір таппайды,

Ерке-тотай шұнақтар,

Ешкі оларды мақтайды «Жеті лақ» ертегісі


Ормандағы жалғыз үй

Жануарлар тұрағы

Бәрі тату бірі дос

Орнатқан бізге көңіл-күй! «Үйшік» ертегісі


Орман ханшасы: Жарайсыңдар, неткен алғырсыңдар. Бәрін де дұрыс таптыңдар. Машаны құтқаруға сәл қалды. Келесі тапсырмам мынадай

Тәрбиеші: Үстел үсті ойындарын ойнату (ертегі кейіпкерлері атаулары бойынша) лепбук, теартланған , қол саусақтары арқылы

ПЕДАГОГ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН


Сергіту сәті

Ханшамен бірге (видео бойынша)


Тәрбиеші: «Келесі аңдардың іздері!» ойыны

Мақсаты: Жануарлардың атауларын атап,із салу.

ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАН ОЙЫН



ЕРКІН ОЙЫН

«Ертегі атауларын ата!»

Мақсаты: Кейіпкерлерді атап,оларға еліктеп дауыс немесе жүрістерін салу.

Орман ханшасы: Жарайсыңдар, ақылды екенсіңдер. Тапсырманы нық бәрін керемет орындадыңдар. Мен Машаны жіберейін тек келесіде жалғыз жүрме Маша. Өзіңе қауіп төндіруің мүмкін.

Сау болыңдар, балалар! Сендермен тапсырмаларды бірге орындағаныма қуанып тұрмын.

Тәрбиеші: Жарайсыздар, балалар! Мен сендермен мақтанам. Автобуысымызға отырып бақшамызға қайтайық.


Қорытынды:

Сұрақ-жауаптар.

1.Біз қайда бардық?

2.Кімді құтқардық?

3.Қандай кейіпкерлермен таныстық?

Бағалау.

Шеңберге тұрып (қоштасу)

Қане қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге
Күлімсірей қарайық
Қоштасып үлкендермен

Тобымызға қайтайық (сыйлық үлестіру)

-Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!