Материалдар / Ашық ұйымдастырылған іс әрекет "Білім ханшайымы қонақта"

Ашық ұйымдастырылған іс әрекет "Білім ханшайымы қонақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту, ойлау қабілеттерін шыңдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Шілде 2024
139
2 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы,

«Бақытты бала» балабақшасы

Тәрбиеші: Бисембаева Гүлім Дасқалқызы

Тақырыбы: «Білім ханшайымы қонақта»

Мақсаты: Қыс жайында жалпы балалардың білімдерін бекіту. Сурет арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту. Қысқы табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.Табиғатты аялап, әсемдікті көріп, сезінуге, айнала қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.

Көрнекі құралдар: «Қыс мезгілі», «Қысқы ойындар» тақырыбына сәйкес буклет,суреттер, үлестірмелі суреттер, қысқы киімдер, қысқы құралдар, қысқы орман көрінісі, ағаш түрлері (терек, емен, қайың, шырша )

Алдын ала жұмыс: Табиғат құбылыстарын бақылау, қыс мезгілі туралы жаттаған тақпақтарын қайталау.

Тәрбиеші: саламатсыздар ма, балалар, көңіл күйіміз қалай? Керемет! Әуенмен көрсету.


Жұмбақ жасыру:

1.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)


Дұрыс қар, қар қай мезгілде болады екен, қыста ғана болады. Қыста неше ай бар, қандай?

Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Дұрыс.

Бүгін аптаның қай күні, жұма күні.

Жұманың ерекшелігін білеміз бе? Иә, ата әкелеріміз мешітке барады, аналарымыз бауырсақ, жеті шелпек пісіреді.

Ендеше, мына суретке назар аударайық.


«Қыс мезгілі» сюжетті суретін ұсынады.

Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

Балалар суретке қарап, әңгіме құрайды.

Қыс мезгілі келді.Айналаны аппақ қар басқан. Адамдар қыстық киімдерін киген. Балалар қардан аққала соғуда. Ағаштар қандай өзгерістерге ұшыраған? Ағаштар жапырақсыз, шыршаларды қар басқан, бұтақтары майысып тұр.Себебі олардың бұтақтарын қар басқан. Терек, емен, қайың, шырша. Оларды биіктігі мен дініне қарап ажыратамыз. Терек биік, діні жіңішке. Емен діні жуан, қайың биік, жіңішке, шырша аласа, діңі жуан. Шыршаның түсі қандай? Түсі өзгере ме, өзгермейді. Қандай жануарлар көріп тұрмыз? Түлкі, қасқыр, аю ұйқыда жатыр, ия, ол қыс бойы ұқтайды. Тиін.

Айнала аппақ мамықтай нұрға бөленген. Балалар далада шанғымен сырғанап,ойнап жүр.

Балалар қардан аққала жасай бастады.Алдымен оның денесін, басын жасайды.Басына шелек кигізіп, көзін, мұрынын сәбізден жасаған. Қысқы киімдерді атайық,бас киім,қолғап, мойын орағыш,күртке, етік. Қысқы ойын құралдары шана, шаңғы, коньки , күрек.


Shape1

Артикуляциялық жаттығу тілге жаттығу жасаймыз:

Ыс-ыс-ыс, келіп жетті қыс.

Ар-ар-ар, жауады қар.

Яз-яз-яз, сақылдаған сары аяз.

Ран-ран-ран, соғады боран.

На-на-на, зулайды шана.

Жақсы, балалар, кәне сергіп алайық.

Сергіту сәті : «Қол соғу»

Қыс мезгіліне байланысты сөздер айтылса, қол соғасыңдар, басқа сөздер айтылса соқпаймыз, ия. Қар, жаңбыр, мұз, гүл, жапырақ, боран, моншақ, аяз, аққала, кітап, шана,т.б.

Тосын сый: топқа білім білім ханшайымы келеді:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл күйлерің қалай? Мен мектептен келген білім ханшайымы боламын. Сіздерді биыл мектепке барады деп естіп келдім. Мектепке барғыларың келе ме?

Балалар жауабы: иә, барғымыз келеді.

Білім ханшайымы: олай болса, мен бос келмедім. Сіздерге тапсырмалар ала келдім. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мектепке қабылданасыңдар.

Тәрбиеші: қош келдің, білім ханшайымы. Біздің балалар ақылды, білімді. Тапсырмаларды әрине орындайды. Сіз жайғасып отыра беріңіз. Кәне, балалар, білім ханшайымның тапсырмаларын қарайық.

1 тапсырма: 3 топқа бөлініп, дидактикалық ойындар ойнайды. . «Көлеңкесін тап» , «Дене бөліктерін тап», «Санап, белгіле» Жануарлардың көлеңкесін, дене бөліктерін және санын табады.

Shape2

2 тапсырма: дидактикалық ойын: «Пішіндерді орналастыр»Shape3

Shape4

Білім ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Келесі тапсырмам жануарлар жайлы кім тақпақ біледі?

Шахназ:

Түлкі деген қу ғой,

Жүрген жері шу ғой.

Жатып алып жағада,

Іздегені ду ғой.


Амир:

Ақ аю тоңбайды,

Мұзға аунап жатады.

Балықты аулайды,

Қызыққа батады.


Жансезім:

Ақ қоян ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ, сақ қоян.

Қаша берсең орманға,

Қорқағым деп ат қоям.

Білім ханшайымы: жарайсыңдар балалар, білімді ақылды екенсіңдер. Мен енді басқа да балалардың білімдерін тексеруге барамын. Сау болыңыздар, мектепте кездескенше!

Тәрбиеші: кәне балалар, орнымыздан тұрып, бойымызды жазып алайық. Қазір дала аяз, жер тайғақ, иә, сол үшін жұптасып жүреміз. Бір бірімізге қарама қарсы тұрамыз. Мына кедергі жолдардан абайлап өтеміз.

Жарайсыңдар , балалар! Орнымызға жайғасайық. Мына суретке қарайық. Қоян көңілсіз, иә, неліктен деп ойлайсыңдар? Қоянның сәбіздері аязға үсіп, жеуге жарамсыз болып қалған. Қояндарға сәбіз керек. Соған көмектеріңіз керек. Қоянға сәбіздер дайындайымыз ба? Алдарыңда түсі жоқ сәбіздер бар, сәбіздің түсі қандай болу керек, я сарғыш. Ендеше мына сарғыш жіппен түсін келтіреміз. Сәбізге сарғыш жіпті және басындағы жасыл шөбін орналастырамыз.


Тыныш әуен ойналады. Балалар жұмыс жасайды.


-Балалар, бүгін не жайлы әңгіме айттық, кайда бардық?

-Қыс жайлы, жануарлар ,ағаштардың түрлері.

-Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

- Ия, ұнайды

- Несімен қызық, несімен ұнайды деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауабы.

Қорытындылау, мадақтау.

 





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!