Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық саласы бойынша мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
382
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

«Достық» МКҚК бөбекжай-бақшасы

тәрбиеші Жеткергенова Дана Дарханкызы



Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі



Күні: 26.11.2020ж

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: «Тыныс алу жаттығулары!»

Мақсаты: Шынықтыру шараларын жүргізу арқылы тыныстайды, тыныс алу жаттығуларын орындай алады.

Әдіс-тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ойын, денсаулық технологиялары.


(Әуенмен балалар залға кіреді, залды айнала шеңбер жасап тұрады)

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар көңіл-күйлерің қалай?

Балалар: Көңіл-күйіміз жақсы.

Тәрбиеші: Балалар қараңыздаршы, бізге қонақтарымыз келіп отыр,ұстаздарымызбен амандасып алайық!

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Амандасамыз біз!

Балалар: Амандасады

Тәрбиеші:

Күн сәулесі ашылып,

Күннен сәуле аламыз!

Шынықтырып денені,

Біздер мықты боламыз!


Жалпы дамыту жаттығулары:

(Балалар шеңбер бойымен тізбектеліп жүреді.)

Балалар тәрбиешімен бірге қозғала отырып, қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүреді, қолды жанға созып, өкшемен жүреді.

  • Аяқ ұштарын иық деңгейіне келтіріп, оң жаққа-сол жаққа бас айналдырамыз;

  • Қолды иыққа қойып алды-ртқа айналдырамыз;

  • Қолымызды қайшылаймыз;

  • Белге арналған жаттығуларды жасаймыз;

  • Аяқтарымызды сермеп алма-кзек жаттығулар жасаймыз;

  • Отырып тұру;

  • Секіру;

  • Жай жүріс тыныс алу.


Өтпелі тақырып: «Еңбектеу»

Бөрене арқылы орындық аяқтары арасымен еңбектеу дағдыларын қалыптастыра алады.


Тәрбиеші: Ой, жарайсыздар,балалар!

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: «Күз» мезгілі

Тәрбиеші: Балалар жердегі жатқан не нәрсе деп ойлайсыздар?

Балалар: Бұл,жапырақ!

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыздар,бұл-Жапырақ!

Тәрбиеші: Дұрыс-ақ,балалар жарайсыздар! Жапырақты бәріміз бір деммен үрлеп көрейікші, қане маған көмектесесіздер ме?

«Жапырақ үріп,

Жел соқты,

Шу-шу-шу!» (балалар үрлейді)

Тәрбиеші: Балалар,біз жапырақты қалай қозғалттық?

Балалар: Үрлеп қозғалттық

Тәрбиеші: Көрдіңіздер ме, балалар. Тыныс алу арқылы біз көп дүниелер жасаймыз. Тыныс алу біз үшін өте маңызды. Тыныссыз өмір сүре алмаймыз! Енді балалар біз тыныс алу жаттығуларын жасап, тыныс алу жолдарымызды жақсарту үшін арнайы жаттығуларымызды жасаймыз ба?

Тәрбиеші: Жарайсыздар,балалар! Сендерге көп рахмет!

Енді денемізді шынықтырып,бәріміз шеңбер бойымен жүріп,жаттығуларымызды жасайық!

(Балалар шеңбер бойымен тізбектеліп жүреді.)

  • Шеңбер жасап тұрып, қолды жоғары, төмен үйшік жасап қимылдатамыз(мұрынмен тыныс алып, ауызбен шығаруды ұмытпайық) (3-4рет);

  • Қолымызды кеуде тұсына ұстап, (мұрынмен дем алып,) ауызбен демді жоғары көтеріп шығарамыз.(3-4);

  • Қолымызды жоғары көтеріп аяқ ұшымен тұрып,төмен түсіреміз. Тізеге төмен қарай еңкейеміз.(3-4);

  • Аяғымызды жиып,созылу жаттығуларын да жасайық(3-4);

  • Барлығымыз отырып қолымызды кеудеге қойып дұрыс дем алайық!


Негізгі бөлім

Қане бәріміз берге (педагог жетекшілігімен бірге)

«Күннің көзін ашайық» ойынын ойнайықшы

Шарты: Фетрадан жасалған күнді мақтадан бұлттардф домалатып үрлеп ойнайды.


(құрылымдалған ойын)

«Қағаз кеме!» ойыны

Шарты: Суда жүзген кемелерді, жағаға қарай үрлеп итереміз.

(еркін ойын)

«Допты қақпаға соқ» ойыны

Шарты: Арнайы үрлегіш таяқшалар арқылы кезекпе-кезек үрлеп,қақпаға допты үрлейді.

Енді шарды алып үрлейіп,үлкен шар жасайық.


Қорытынды:

  1. Қандай жаттығулар үйрендік?

  2. Қандай ойындар ойнадық?


Балаларды мадақтау

Тәрбиеші: Өте жақсы ,балалар! Бір –бірімізді ОТ ШАШУ мен қолдап жіберейі.

Балалар:

-Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болыңыз!


Шеңбер бойымен сап түзеп шығады (сыйлық үйлестіру)


Күтілетін нәтиже:

  1. Білуі: Саппен жүру ережелерін,шеңбер бойымен тұруды біледі.

  2. Меңгеруі: Тыныс алу жаттғуларын меңгереді.

  3. Жасай алуы: Мұрынмен тыныстай отырып, тыныс алу жаттығуларын орындайды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!