Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Домбыра сазы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Домбыра сазы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды музыкалық аспаптармен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2021
750
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұймдастырылған оқу қызметі: Музыка

Өтпелі тақырып: «Салт – дәстүрлер және фольклор»

Тақырыбы: «Домбыра сазы»

Мектепалды даярлық топ «Қарлығаш»













Музыка жетекшісі: Алиева Мираш Мұратбековна
















Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка Уақыты: 16.03.2020

Топ атауы: «Қарлығаш» мектепалды д.т

Өтпелі тақырып: «Салт – дәстүрлер және фольклор»

Тақырыбы: «Домбыра сазы»

Мақсаты: Музыкалық аспаптарды танып біледі. Аспаптардың тембріне қарай ажырата алады. Аспаптарда еркін ойнайды. Әннің құрылымын ажыратып, әнді таза орындайды. Оркестр, күй терминдерін біледі.

Әдіс-тәсілдері: айту, тыңдау, ойын, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.

Көрнекі құралдар: музыкалық аспаптар, көрнекіліктер, үн таспа, күй сандық, интерактивті тақта т.б.

«Аспаптар» әнімен балалар залға кіреді. Балалар мен әуенді сәлемдесу.

  • Қуан шатттан алақай

Қуанатын күн бүгін,

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң балалар

Сәлем бердік, сәлем бердік сіздерге

Сәлем бердік, сәлем бердік, сәлем бердік сіздерге!

  • Балалар, сендердің бүгінгі көңіл күйлерің қандай?

  • Керемет!

  • Балалар , сендер саяхаттқа шыққанды жақсы көресіңдер ме?

  • Жақсы көреміз!

  • Ендеше бүгін біз аспаптар дүкеніне саяхатқа барамыз! Кәне , сапқа тұрайық. Жол қысқарсын деп , өзіміздің білетін бір әнімізді айта жүрейік.

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз» И.Нүсіпбаев.(бір айналып келу)

  • Балалар , дүкенге де келіп қалдық.

  • Саламатсыңдар ма балалар? Қош келдіңдер аспаптар дүкеніне.

  • Саламатсыз ба, дүкенші апай!

  • Сендер саяхаттап жүрсіңдер ме?

  • Иә.

  • Бұл аспаптар сатылатын дүкен. Мұнда әр түрлі музыкалық аспаптар сатылады. (стол үстінде домбыра , барабан , сыбызғы , асатаяқ , металлофон , цитра , бубен , маракас , гитара , аккордион , қоңыраулар т.б.)

  • Мынау домбыра аспабы ,домбырамен күй тартады , ән де айтады.(барлық аспаптармен балаларды таныстыру)

  • Балалар музыкалық аспаптардың ішінде өзіміздің ұлттық аспаптарымыз да бар екен. Осы ұлттық аспаптармен таныстырмас бұрын мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырғым келіп тұр.

  • Жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

  • Иә , жақсы көреміз!

  • Олай болса жақсылап тыңдаңдар.

  1. Дауысы бар жаны жоқ ,

Шертсең күйі , әні көп.

Құлағын он бұра ,

Ол не . . . . . ( Домбыра )

(Тақтадан жасырулы тұрған аспаптардың суретін шетінен ашып көрсету)

2. Бас құлақ мойны бар ,

Үп – үлкен шанағы бар ,

Ысқыш пен ысқанда ,

Әндетіп шығар үні бар. ( Қобыз

  1. Тілшікті аспап,

Қобыздай асқақ,

Ерекше үні бар ,

Бұл қандай аспап? ( Шаңқобыз )

  1. Ел қорғайтын ерлікке

Әуенімен шақырған

Батылдыққа елдікке

Әуенімен шақырған. ( Дабыл )

  1. Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар

Әуезінен жеті тарау үн шығар

Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар

Бұл қандай аспап ? ( Жетіген )

  1. Сазымнан жасалған

Өрнектеп қашалған

Сырнайдың үніндей

Бұлбұлдың біріндей. ( Сазсырнай )

  1. Өн бойында сырғалар

Қақсаң нәзік үн шығар. ( Асатаяқ )


- Балалар бұл аспаптарды қандай аспаптар дейміз ?

- Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары .

- Дұрыс айтасыңдар.

Балалар мына домбыра аспабымен тек күй тартып қана қоймай әнді де айтуға болады екен. Домбыра аспабы туралы қандай ән білеміз?

- «Қасиетті домбыра » Бота Бейсенова.

- Балалар , әнді орындағанда мұқият тыңдап орындаймыз , әннің неше шумағы, неше қайырмасы бар екеніне назар аударып орындаймыз. Ән соңында

«Әннің құрылымын тап» ойынын ойнату. ( Қ /О құрылымды ойын)

( балаларды екі топқа бөліп , біреуіне дөңгелек пішінді , екінші топқа үшбұрыш пішіндерді үлестіріп беру. Орындаған әннің шумақтарын дөңгелекпен , ал қайырмасын үшбұрышпен тақтаға көрсетіп іледі.)

  • Балалар, әннің құрылымын дұрыс құрдық па ?

  • Дұрыс құрдық.

  • Жарайсыңдар.

  • Балалар, осы аспаптардың біріге отырып бір шығарманы орындауын «оркестр» деп атайды екен. Қәзір бәріміз оркестрдің орындауында Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдаймыз.

Күй тыңдау «Ата толғауы» Н.Тілендиев.

  • Күйді мұқият тыңдап ондағы аспаптардың үнін мына карточкідегі суреттер арқылы ажыратамыз. (балаларға аспаптардың суреті бар карточкілерді таратып беру.) шығарманы тыңдап қай аспаптың дыбысын естісек сол суретті жоғары көтеріп көрсетеміз.

  • Балалар оркестрдің құрамында қандай аспаптар бар екен ?

  • Домбыра , қобыз , тайтұяқ , асатаяқ , дабыл, қоңырау , сазсырнай , жетіген т.б.

  • Ал енді мына тақтадағы әдемі үйшікке көңіл аударайықшы. Мұнда кімдер тұрады екен? Бұл үйде музыканттар тұрады екен. Олардың қандай аспапта ойнайтынын өздерің тауып көріңдерші.

Дидактикалық ойын: «Музыкалық үйшік» ( П /Ж ойын)

( ширманың артында әр түрлі аспаптарды кезектестіре ойнап , балалардан қандай аспап ойналғанын сұрау. Дұрыс тапқан бала аспап суретін үйшік терезесіне қыстырады.)

  • Сонымен балалар бұл үйшіктегі музыканттар қандай аспаптар тартады екен ?

  • Домбыра, гитара , металлофон , барабан , баян , асатаяқ , т.б.

  • Дұрыс таптыңдар балалар, енді бәріміз ортаға шеңбер құрып сергіту жаттығуын жасап жіберейікші « Сергіту»

  1. Қолға қамшы аламын ( қолды көтеру )

Атқа мініп шабамын ( атқа шабу қимылы )

Құрық сілтеп асауға ( қолды көтеріліп ырғалу )

Мен атамдай боламын. ( қолды жоғары көтеру )


  1. Алтыбақан тербелер ( қолды тербелту )

Алға артқа шайқала ( алға артқа жылжыу )

Қызғалдақтар жайқалар ( қолды көтеріп ырғалу )

Қандай әсем айнала ( екі жаққа созу )

  • Ал балалар бүгінгі танысқан аспаптарымыздан оркестр құрып , бірге ән шырқап көреміз бе? Кәне өздеріңнің қалаған аспаптарыңды тездетіп ала қойыңдар. (балалар аспаптарды алып дөңгелене тұрып музыка жетекшісімен қосылып орындайды )

Аспапта ойнау : «Келіншек күйі» халық күйі

  • Жарайсыңдар балалар , сендер аспаптыда жақсы ойнадыңдар.

( әр баладан қандай аспапта ойнағанын сұрап шығу )

Рефлекция:

  • Балалар , сонымен бүгін біз қайда бардық ?

  • Аспаптар дүкеніне саяхатқа.

  • Саяхат сендерге ұнады ма ?

  • Ұнады.

  • Қандай аспаптармен таныстық, қандай ойын ұнады?

  • Оркестр деп нені айтамыз?

  • Сендер әнді де ,ойынды да жақсы орындадыңдар, аспаптарда ойнап жақсы оркестр құра білдіңдер. Мен сендерге өскенде Құрманғазы аталарың мен Дина апаларыңдай күйші болыңдар деген тілекпен мына сыйлықты ұсынғым келіп тұр. ( кішкене домбыра суреттерін сыйға тару )

  • Енді бақшамызға қайтайық.

  • Сау болыңдар!

( әуенмен балалар залдан шығып кетеді)

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!