Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Қыстың қызықты сәттері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Қыстың қызықты сәттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыстың қызықты сәттері

Мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, сөздерді байланыстырып айтуға, сурет мазмұнына әңгіме құрауға үйрету; танымдық, шығармашыл қасиеттерін, тілін, сөздік қорын, қызығушылығын арттыру, дидиактикалық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту;табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, балаларды бірігіп ойнауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: үлгі сурет, ұлпа қарлар, доп

Билингвалды компонент: қыс-зима, қар- снег, ақ мамық-белый пушистый, аққала-снеговик.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбер:

Тәрбиеші балалармен бірге шеңберге тұрады:

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенмен,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз,

Сәлем дейміз үлкенге.

Тәрбиеші: Дала аязболып тұр, ал үйде жып-жылы, сондықтан біздің гүлдеріміз жайқалып өсіп тұр.

Музыка ойналады.

Айзере: Боран соғып кетті. Ой мен қорқамын.Әжем мұз ханшайымы туралы айтып еді, өзі сондай тас жүрек.

Тәрбиеші: Бұл не? Қорықпаңдар балалар, егер де ол келетін болса, біз оны ыстық пешке салып жібереміз, ол еріп кетеді. Қыс мезгілінде неше ай барын білесіңдерме? Қысьтың да өзінің қызықты ойындары бар.

  • Балалар, мен кішкентай кезімде сырғанақ тебуді ұнататынмын. Сырғанақты біз қардан жасағанбыз. Сендер білесіңдер ме, сырғанақты сөздерден де қүруға болады.

Олай болса, далаға шығып сырғанақ жасайық. Музыка ойналады. Балалар саппен жүреді.

  • Дидактикалық ойын: «Сырғанақ жасаймыз» Шарты: «Қандай?» деген сұраққа жауап беру керексіңдер. (Қыс: суық, аязды, қаһарлы, боранды, қарлы, жылы)

  • Қар: аппақ, жеңіл, үлпілдек, суық, әдемі, жабысқақ.

  • Көңіл-күй: қуанышты, жабырқаулы, мерекелі, көңілсіз.

Жарайсыңдар, балалалр,сырғанағымыз биік болып шықты.

  • Балалар, суретте қандай мезгілбейнеленген?

  • Балалар, көңіл-күйлерін қалай?

  • Аңсар не істеп жатыр? (Сурет бойынша әңгіме)

  • Балалар, суретке қарап, қыс қыс мезгілі туралы әңгіме айтып береді.

Сергіту сәт:

  • Балалар, орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.

Ішік, пима, қолғап бар

Арада жоқ тоңғақтар

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймы, алақай!

  • Қыстың күні балалар далада көп жүрсек біз тоңамыз, тоңған кезде тілімізде тоңады. Дұрыс сөйлей алмаймыз, қазір біз жаттығуды орындап, тілімізді жаттықтырамыз.

Тіл ұстарту:

Ша-ша-ша

Жап-жасыл шырша

Ар-ар-ар

Қандай аппақ қар

Ыс-ыс-ыс

Келіп қалды қыс

(Балалар қатты, орташа, жәй екпінмен қайталап айтады)


Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.

(балалар қимылмен көрсетед)

Тәрбиеші: Тыныш, бұл жерде біреу келе жатқан сияқты.

Қарақшылар: Сендер бұл жерде не іздеп жүрсіңдер?

Балалар: Біз қыс мезгілін тамашалап жүрміз.

Қарақшылар: Болмайды, бұл менің жерім, сендер менің тапсырмаларымды орындасаңдар, мен сендерді әрі қарай жіберемін.

Балалар, қыс мезгілі туралы кім мақал-мәтелдер, халық болжамын білесіңдер ме?

Ойын: «Ойлан тап»

Мақал-мәтел.

Мезгілі жетсе..........

Қыстың....................

Жақ сайға қонады.........

  • Жарайсыңдар, балалар, мақал-мәтелдідерді жақсы білесіңдер, енді халық болжамдарын есімізге түсірейк.

Ағашты қрау басса.........

Тұман түссе...............

Қыс қарлы болса.........

Қарақшылар: Ой, қар борап кетті. Енді сендер қалай жетесіңдер. Мен жолды білмеймін, ал менің досым біледі.

Бұғы келеді: Балалар, қарлы бораннан қорықпаңдар. Қардың қасиетін білесіңдер ме?

Тыныс алу жаттығуы:

Балалар, біз ұлпа қарлар өте жеңіл екенін білесіңдер, енді ұлпа қарларды бір-біріне қоссақ қатты қар болады.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қар лақтыру» (қағазды умаждау)

Рахмет, саған бұғы. Біз де өз балабақшамызға жетіп алдық.

Тәрбиеші: Балалар, біз әртүрлі шыршаларды көрдік, енді біз бәріміз ақ кағаздан шыршаны қиып жасаймыз. Боран соғады. Мұз ханшайымы келеді! Мұз ханшайымы, рахмет саған сау бол!

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау, қыс суретінің қиындыларын сұрақ арқылы құрастыру.

  • Балалар, бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?

  • Несімен ұнады?

  • Қандай тапсырмалар орындадық?

Балалар өз өздерін бағалайды, марапаттау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2021
488
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі