Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Үй жануарлары мен олардың төлдері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Үй жануарлары мен олардың төлдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл Ұйымдастырлған оқу қызметі мектепке дейінгі ұйымдағы ортаңғы топтағы тіл кемістігі бар балаларына арналады.Сондай-ақ логопедтерге көмекші құрал ретінде ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2021
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қосымша №5

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары және оның төлдері . (Саусақ қимылдары арқылы театрландыру).

Мақсаты: үй жануарлары мен төлдерін бір- бірінен айырып, атауларын анық айтуға үйрету. Үй жануарларының пайдасы туралы түсіндіру, Кішіпейілділікке, сыпайылыққа , үй жануарларын сүйе білуге, оларды қамқорлауға тәрбиелеу.

Коррекциялық мақсаты:Саусақ жаттығулары арқылы түрлі психологиялық үрдістерін ояту. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: «Қаланың», «Жайлаудың» суреттері, үй жануарларының суреттері, ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдер:ауап, саусақ қимылдары арқылы театрландыру.

Барысы:

Мотивациялық-қозғаушылық

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келді. Ата-бабамыз әркез келген қонақтарды жылы шырыймен қарсы алған . Бізде қуаныштымыз. Келген қонақтарға «Қош келдіңіздер» айтып, төрге шығарайық.

-Қонақтармен амандасып алайық. Ол үшін біз саусақтарды атаймыз. Бас бармақ біз өзіміз, қалған саусақтар – қонақтар. – Сәлеметсыздер ме , қонақтар! ( Бас бармақ әрбір саусақпен бірігіп амандасады.)

Ұйымдастыушылық-ізденістік

- Балалар, біздің туған жеріміз қалай аталады

- Степногорск қаласы.

- Олай болса туған жер туралы ән айтайық.

Дала гүлге толатын,

Атам- әжем тұратын,

Мен ауылды, мен ауылды сүйемін.

Көше гүлге тұнатын

Әкем- шешем тұратын,

Мен қаланы, мен қаланы сүйемін.

( Әнді айтқан кезде пианино ойнағандай саусақпен қимыл жасайды.)

Артикуляциялық жаттығулар.

«Жымию», (Қонақтарды көңілді қарсы аламыз)

«Сағаттың тілі» ( қонақтар таңдана жан- жағына қарауда)

«Кесе»( қазақы салт- дәстүр бойынша дәм ұсынамыз.

«Ат шауып келеді»( қазақ халқы келген қонаққа – шапан жауып, ат мінгізген)

Қонақтар бізбен бірге ертегі-театрын тамашаласын.

«Адам мен жануарлардың достасуы»

Саусақ театры.

(Әр жолды балалар саусақ қимылдары арқылы көрсетіп отырыды.)

Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ерінбей еңбектеніп үй салады. Үйінің айналасын түгелдей шарбақпен қоршап алған. Шарбаққа түрлі гүлдер отырғызып өсіреді екен. Кеш түссе болды, есігін кілттеп алатын болған.Қанша еңбектенсе де әлгі адам жалғысырай береді. Күндердің күнінде, әлгі адам дос іздеп сапарға шығады.

Біраз жүрген соң жылқыны кездестіреді.- Сен кімсің? Мен дос іздеп жүрмін. Егер қарсы болмасаң, дос болайық - дейді.

- Ио-ио, жәрайды, мен саған ауыр жүктеріңді көтерісіп көмек бере аламын,- дейді жылқы.

Екеуі келе жатып итке кездеседі.

- Ав-Ав, қайда барасыңдар, мені де өздеріңмен бірге ала кетіңдерші ,- деп жалынады ит.

- Адам, жылқы, ит үшеуі келе жатса ешкі кездеседі.

- Мә-мә-ә , менде сендермен дос болайыншы,- дейді ешкі. Мен сендерге тәтті сүт беремін.

Барлығы жүріп келе жатып , үлкен өзенге тап болады. Арғы бетіне өтейін десе өткел жоқ екен. Ешқайсының судан жүзіп өтуге батылы бармайды да, өткел салуға бел байлайды. Өткел көпір арқылы жүріп, адамның үйіне жетеді.

Міне, содан бері бұл жануарларды «Үй жануарлары» – деп атап, адаммен бірге өмір сүріп, достықтары нығайя түсіпті.

Жайлауға саяхат.

Балалар, біздің ата-әжелеріміз қайда тұрады?

- Жайлауда.

Ендеше қонақтарымыз жайлауды да тамашалап көрсін.

Психогимнастика.

Барлығымыз жүріп келеміз.

Айналамыздан жайқала өскен биік ағаштар ( қолды жоғары созу)

Алдымыздан жел соқты.( ш-ш-ш, салқын леп)

Ағаштар тербеліп теңселеді. Жел жәйлап соғып тұр.(с-с-с жылы леп)

Міне, біз жайлауға да келдік. Бізді үй жануарлары қарсы алуда.

Ойын: « Не қалай дыбыстайды?» ( Үн таспаға үй жануарларының дауысы жазылып алынған).

Балалар дыбыстарды ести отырып, қай малдың даусы екенін анықтайды.Және олардың қалай дыбыстайтынын сөйлеммен айтуын талап етеді.

Мө-мө-ө , сиыр – мөңірейді.

Мә-мә-ә , қой-ешкі – маңырайды.

Ио-ио-о, жылқы – кісінейді.

Бө-бө-ө , түйе – боздайды.

Ав-ав, ит – үреді.

«Қайсысы ненің төлі?» ( Сызба арқылы біріктіру)

Әр балаға үлестірме суреттер беріледі.

Түйе-бота, жылқы-құлын, сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі-лақ.

Сергіту сәті:

Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма , шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

«Қима суреттерді құрастыру». Бес бөлікке бөлінген суреттерді құрастыру, атау және олардың адамға қандай пайдасы бар екенін айту.

Біз бүгін нелермен таныстық?. Оларды бір атаумен қалай атаймыз?

Рефлекциялық-түзетушілік : Мнемотехника арқылы мақалды қайталату.

Малды теппе, ақты төкпе.




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!