№11 ортаңғы топтағы ашық
ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық
картасы
Білім беру
саласы: Коммуникация
Бөлімі: Қазақ
тілі
Тақырыбы: Қонжыққа
көмектесеміз.
Мақсаты: Балалардың өткен тақырыптар
бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1. Білімділік: Білетін сөздерін қайталату,
сөз ішіндегі төл дыбыстарды дұрыс айтып, сөзді толық айта білуді
қалыптастыру. Сұраққа жауап беруді,
байланыстырып сөйлеуді жетілдіру.
2.
Дамытушылық: Сөздік қорды, зейінді, есте
сақтауды, көруді, дұрыс сөйлеуді, мәнерлеп айтуды
дамыту.
3.
Тәрбиелік: Бір-біріне көмектесуге баулу.
Үлкендерді құрметтеуге, татулыққа, ұйымшылдыққа, тілге деген
қызығушылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу,
сұрақ-жауап, тілдік жаттығулар, саусақ ойыны, мнемотехника,
дидактикалық ойындар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жабайы аңдардың
суреттері немесе макеттері, ойыншықтар, қорап, доп, отбасы мүшелері
бейнеленген қолғап, музыкалық орталық, үйдің макеті, аю мен
қонжықтың киімдері
Сөздік
жұмыс: қонжық, үй, қарындас,
сіңілі
Алдын-ала жұмыс: «Менің әжем» әнін
жаттау.
Қызмет
кезеңдері
|
Мұғалімнің
қызметі
|
Балалардың
қызметі
|
Мотивациялық - қозғаушылық
|
Балаларды шаттық шеңберіне
шақырады (мұғалім шеңбердің дәл ортасында тұрып, қолындағы допты
балаларға лақтырып, олардың көңіл-күйлерін
сұрайды).
Балаларды отырғызады (сол
кезде саз әуенімен маймаңдай басып қонжықтың әжесі
кіреді).
-
Балалар, бұл аю
ғой.
-
Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
-
Сәлеметсіз бе,
аю!
-
Балалар, мен қонжықтың
әжесімін ғой. Сендер не істеп отырсыңдар?
-
Біз қазақ тілін үйреніп
отырмыз.
-
Онда мен дұрыс келіппін.
Менің қонжығым қазақ тілінен тапсырмаларды орындай алмай жылап
отыр. Естисіңдер ме? Бізге мына тапсырмаларды орындауға
көмектесіңдерші.
-
Жарайды, онда мен қонжығыма барайын. «Балалар
көмектеседі»- деп айтып, қуантайын. Рахмет. Сендер барлық
тапсырмаларды орындап болған соң, бізді
шақырыңдар.
|
Саз әуенімен залға кіреді.
Шеңбер құрып тұрып, допты қағып алып мұғаліммен амандасады,
сұрағына жауап береді.
Мысалы:
-
Сәлеметсің
бе!
-
Сәлеметсіз бе,
мұғалім.
-
Сенің атың
кім?
-
Менің атым –
Демид.
-
Сен неше
жастасың?
-
Мен төрт
жастамын.
Балалар өз орындарына отырады.
Қонжықтың әжесін көріп қуанады. Онымен амандасады. Қонжықтың
әжесінің мәселесін тыңдайды. Қонжық сөзін 2-3 рет қайталап
үйренеді. Қонжықтың тапсырмаларын орындап беруге даяр екендерін
айтады.
|
Ұйымдастыру
шылық –
іздеушілік
|
Қонжықтың
сөмкесіндегі бірінші
тапсырманы орындауға
шақырады.
«Үйде кім
жоқ?» дидактикалық ойынын
ойнатады. Шарты: Мұғалім бес саусақты
қолғапта бейнеленген отбасы мүшелерін таныстырады. Олардың барлығы
бір үйде тату-тәтті тұратынын айтады. Одан кейін көздерін жұмып
отыруды өтінеді. Сол кезде бір саусағын бүгіп, отбасының бір
мүшесін жасыра қояды. Балалар мұғалімнің нұсқауы бойынша көздерін
ашқанда «Үйде кім жоқ?» деген сұрақ қояды. Олар сұраққа толық әрі
дұрыс жауап берулері керек.
Қонжықтың
сөмкесіндегі екінші
тапсырманың «Дұрыс ата» деп аталатынын
хабарлайды.
«Дұрыс
ата» дидактикалық
ойыны. Шарты: Мұғалім
қорапшадан жабайы
аңдарды кезекпен
алып
шығады. Балалар оларды дұрыс атау керек. Одан кейін жалпылап атауы
қажет. Мысалы:
-
Мынау
не?
-
Мынау –
арыстан.
-
Мынау қандай
аю?
-
Мынау - ақ
аю.
Қонжықтың сөмкесіндегі сары
допты балаларға көрсетіп, сергіту
сәтінде «Доп,
доп...» өлеңін айтып, өлең сөздеріне
сәйкес қимыл-қозғалысты көрсетуді өтінеді.
Қонжықтың
сөмкесіндегі үшінші
тапсырмаға да келіп жеткендерін
айтады.
«Кім сөйлемді дұрыс
құрастырады?» дидактикалық
ойыны. Шарты: Балаларға сөмкеден
шыққан тірек суреттерді көрсетіп, олармен таныстырады. Осы тірек
суреттерді пайдаланып, «Сен не жейсің?» сұрағына жауап беру қажет
екенін түсіндіреді.
Қонжықтың
сөмкесіндегі төртінші
тапсырманың өте қызықты екенін
айтады.
«Дауысы бойынша
анықта» дидактикалық
ойыны. Шарты: Мұғалім музыкалық
орталық арқылы әр түрлі жануарлар мен құс
тардың дауысын балаларға
тыңдатады. Балалар жылдам ненің даусы екенін
айтады.
|
Балалар отбасы мүшелерін
атайды, сұраққа толық әрі дұрыс жауап беруге
тырысады. Мысалы: Үйде анам
жоқ.
Балалар мұғалім көрсеткен
жабайы аңдарды хормен атайды. Сұрақтарға жауап береді. Оларды бір
сөзбен жалпылап атайды. Мысалы: Мынау – ақ аю. Аю, қасқыр,
арыстан – жабайы аңдар.
Балалар орындарынан тұра
қалып, бой сергіту жаттығуын сөзіне сәйкес көрсетіп айтып шығады.
Мысалы:
Топ, топ,
топ,
Доп, доп,
доп.
Доп,
жоқ!
Қап, қап,
қап,
Тап, тап,
тап!
Балалар тірек суреттерді
пайдаланып,
сөйлемдерді құрастырып
айтады. Мысалы: Мен бауырсақ
жеймін. Мен нан жеймін.
Балалар дауыстарды естіп,
ненің даусы екенін жылдам ажыратады. Мысалы: піл, мысық,
торғай, сиыр, қарға, ит, қой, қасқыр
|
Рефлексивтік –
түзеушілік
|
Белсенділік танытқан барлық
балалардың атын атап шығады. Одан кейін аю мен қонжықты шақыру
керектігін айтады (Аю мен қонжық маймаң басып саз әуенімен
кіреді).
Қонжық:
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-
Қонжықтың әжесі, қонжық біз
барлық тапсырмаларды бірлесіп орындадық. Қонжық, сен әжеңді
ренжітпе! Қазақ тілін үйренгің келсе, бізге кел.
-
Жарайды, келемін. Мен әжемді
жақсы көремін.
-
Балалар, сендер әжелеріңді
жақсы көресіңдер ме? Олай болса, өз әжелеріміз туралы ән айтып
берейікші.
Аю мен қонжық балаларға рахмет
айтып шығып кетеді. Балалармен қоштасады.
|
Балалар бір-біріне алғыс
айтады. Балалар хормен «Аю, қонжық» деп 2-3 рет шақырады. Қонжықпен
амандасады. Әже туралы әнді қимыл-қозғалыспен көрсетіп айтып
береді.
Менің әжем
мейірбан,
Мені жақсы
көреді.
Қажетіне
жарасам,
Жас балаша
күледі.
Ля-ля-ля-ля
Менің әжем
әдемі.
Аю, қонжықпен
қоштасады.
|
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі:
1.отбасы
мүшелерін, жабайы аңдарды, үй жануарларын, жабайы құстарды қазақша
атауды;
2.сұраққа
толық, нақты жауап қайтаруды;
3. тірек
суреттер арқылы сөйлемдерді құрастырып айтуды;
4. өлеңді
мәнерлеп жатқа айтуды.
Қандай
түсініктерді игерді:
1.Адамдардың бір-біріне көмектесу керектігі туралы
түсінікті;
2.Қазақ
тілін жақсы білудің пайдасы туралы ұғымды;
3.
Үлкендерді сыйлау, құрметтеу жөніндегі ұғымды
Меңгерген дағдылары мен
іскерліктері:
1.сөздерді мұқият тыңдап, оларды дұрыс қайталай
білуді;
2.ойындарды шарттарына сәйкес орындауды;
3.бой
сергіту жаттығуын сөзіне сәйкес айтып көрсетуді.