400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық ҰОҚ "Ғарышқа математикамен бірге" ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырлған оқу қызметі "Ғарышқа математикамен бірге" тақырыбында тәрбиешілерге керек. Танымдық ойындар, тапсырмалармен танысуда ортаңғы топ бүлдіршіндерге көмегі зор. Аспан әлемі, планеталар туралы түсініктері кеңейеді. Әрбір планетаның тапсырмалары балалардың танымдық қабілеттерін арттырып, қызығушылықтарын танытады. Ой-өрісін кеңейтеді. Балалар бір-бірімен достық қарым-қатынастары кеңейе түседі. Тапсырмалар өз беттерімен орындау дағдалары қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ғарышқа математикамен бірге»

Мақсаты: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.

Барысы:

Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.


-Балалар біздер бүгінгі оқу іс-әрекетінде ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.
— Ғарышқа бару үшін бізге не керек?
— Зымыран. Зымыран-ракета

-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.
Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады.
— Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.
— Үшбұрыш – төбесі, кеудесі – төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш –деп балалар жауап береді.
— Міне, балалар зымыранымыз да дайын.

Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. Кеттік! (музыка ойналады)
— Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.
Жабынға аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді.
-Балалар, мына күн жүйесі. Онда 9 ғаламшар күнді айналып жүреді.

- Біз қандай ғаламшарда өмір сүреміз?

-Дұрыс. Жер ғаламшарында. Күнге ең жақын орналасқан Меркурий ғаламшары. Осы ғаламшарлардың бізге даярлаған құпия тапсырмаларын орындайық.

Меркурий тапсырмасы. «Кім зерек?»

1.кемпірқосақта неше түс бар? (7)

2.бағдаршамда неше көз бар? (3)

3.қолында неше саусақ бар? (10)

4.адамда қанша көз бар? (2)

5.жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

6. аспанда неше күн бар? (1)

7.неше жыл мезгілі бар? (4)

8.бір аптада неше күн бар? (7)

9.адамда қанша аяқ бар? (2)

-Балалар Меркурий ғаламшарының  тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді біздің осы ғаламшарда болғанымыздың белгісі ретінде туымызды қадап кетейік.

Шолпан ғаламшарының тапсырмасы. «Кім тапқыр?»

Бос орынға тиісті пішінді сал.

(алдарында берілген қағаздағы тапсырманы орындаңдар)

Жер ғаламшарының тапсырмасы. «Артығын тап»

(Артық нәрсені қоршап, неліктен артық екенін айтып беру)

Марс ғаламшарының тапсырмасы. «Ретін тап»

(сандар қатарын реттеу. Тура және кері санап беру)

Юпитер ғаламшарының тапсырмасы. «Ойлан, тап»

Қызықты сұрақтар.

1. Екі мысықтың аяғы нешеу? (8)

2. Үш сиырдың мүйізі нешеу? (6)

3. Мен жүріп келе жатып, еменнің тасасынан екі ұзын құйрық және төрт ұзын құлақ көрдім. Олар нелер және нешеу? (2 түлкі, 2 қоян)

4.     Әтеш алдымен 5, сосын тағы бір жұмыртқа салды. Барлығы неше жұмыртқа салды? (Әтеш жұмыртқа салмайды)

 

Сатурн тапсырмасы. «Кім шапшаң?»

Карточка бойынша есептер шығару.

Уран тапсырмасы. «Көршісін тап» ойыны

(слайдпен жұмыс)

Нептун тапсырмасы. «Сиқырлы қоржын»

(көздерін жұмып бір затты алып, сипаттап беру. Түсін, пішінін, көлемін)

Плутон тапсырмасы. «Цифрлар қайда жасырынған?»

(слайдпен жұмыс)

-Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік. Алдымен ойын ойнап жіберейік.

Дидактикалық ойын «Не жетіспейді».(Үлестірмелі материалмен жұмыс)
Өте жақсы ойынға қатыстыңдар. Жұлдыздарды алайық.
— Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді балабақшамызға қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге: Кеттік. (музыка ойналады) Балалар балабақшаға жетеді.

Балалар бой сергіту жаттығуын жасайық.
Тәрбиеші: — Балалар сіздердің білімдеріннің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды.
Сіздерге көп рахмет.
Балаларды мадақтау, бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі