Ұйымдастырылған ашық
оқу‑қатынасы.
Тақырыбы: Мен
әлемді танимын.
Білім бөлімі: Таным, Коммуникация.
Оқу‑қатынасы:
Қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Балаларға телефон құрылғылары, олардың түрлері,
пайдасы мен зияны туралы түсіндіру. Дұрыс таңдау жасай алуға, өз
ойларын айта алуға, тұжырым жасай алуға үйрету. Түрлі ойындар мен
қойылымдар арқылы, схемамен сөйлем құрату арқылы балалардың сөздік
қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуді дамыту. Әлемді тануға, заман
талабынынан қалмай және дұрыс өмір сүруге
тәрбиелеу.
Әдіс‑тәсілдер: Сахналау, түсіндіру, сұрақ‑жауап,
ойын.
Оқу‑қатынас түрі:
Зерттеу, сахналық қойылым.
Билингвизм:
Телефон, сколиоз, оятқыш, есептегіш, ұялы,
сәулелі.
Мотивациялық қозғаушы:
Шаттық шеңбері
Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен Амандасып
алайық Бір жадырап қалайық Жүзімізге қараңыз Бал бұл жанған баламыз
Бізге қымбат күн шуақ Бізге қымбат бұл сабақ
‑Бұл оқу‑қатынасы несімен қымбат екенін қазір
білетін боламыз. Алдымен мына жұмбақты шешіп көрейік:
Шыр‑шыр етеді, Ұстай қалсаң сөйлеп кетеді.
‑Телефон. ‑Ендеше біз бүгін «Мен әлемді танимын» тақырыбында осы
төңіректе әңгімелесетін боламыз. Алдымен мынабір көріністі
тамашалап алайық.
Ұйымдастыру‑ізденушілік:
Сахналық №1
көрініс:
‑Балалар, мына көріністен не
байқадыңдар?
‑Балалардың телефонмен әңгімелескенін. ‑Дұрыс
айтасыңдар. Ал, қандай телефондармен сөйлесті? ‑Үй телефонымен,
сыммен жалғанған телефонмен, қалта телефонымен сөйлесті. ‑Қалай
ойлайсыңдар қай телефонмен сөйлескен тиімді болды? ‑Қалта
телефонымен сөйлескен тиімді болды. ‑Осы телефондардың қайсысы
қазір жиі қолданыста? ‑Қалта телефонын жиі қолданамыз. ‑Неге?
‑Өйткені онымен үйде де, даладада сөйлесе береміз. ‑Сым телефонмен
тек үй ішінде ғана сөйлесе аламыз.
‑Телефон бізге не үшін қажет? ‑ Сөйлесу үшін,
бір‑біріміздің хабарымызды білу үшін, бір бірімізге жаңалықтарды
айту үшін.
‑Енді осы телефонының қандай түрлері бар екенін
ойын арқылы анықтайық.
Д/О: «Суретінен таны»
Мақсаты: Телефон түрлерін ажырата алу, олардың қолданылу
көлемін білу.
Шарты:
Шашыраған қималардан телефонды құрау және олардың мүмкіндіктерін
айтып беру.
Ұялы телефон,
Смартфон‑компьютерге ұқсас болып келеді. Бейнекамера
теледидарлық бейнежазуға арналған. Құрылымы касеталы
бейнемагнитофонмен бірдей. СМС жазуға арналған. Соңғы кездері фото,
бейнекамера, интернет, ММС блутуз қосылған.
Жай телефон‑оның мүмкіндіктері шектеулі. Қоңырау шалады және
қабылдайды. Бейнекамералы
телефон‑сөйлесіп отырған адамды көре алады. Жай
телефонға ұқсайды.
‑Ал, енді осы телефондардың қандай мүмкіндіктері
бар?
‑Ұялы телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды,
ондағы күнтізбесін, оятқышын, еске салғышын, сағатын, есептеуішін,
қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және суретке, видеоға түсіргішін
пайдаланамыз.
Түсіндіру:
Балалар, ең алғаш 1875 жылы радиожелі арқылы байланыс жасауға
арналған құрал ойластырылған. Содан кейін 100 жылдан соң 1973 жылы
алғашқы ұялы телефон пайда болыпты. Оның салмағы 1 кг-нан артық
болған екен.
‑Біз телефонның пайдасы, түрлері туралы айттық,
енді оның басқа да қырларын қарастырайық. Ол үшін мына көріністі
тамашалайық. Алдымен бой сергітіп алайық.
Сергіту
Отыра, отыра үстелде Талып кетер беліміз
Орнымыздан тұра сап Оңға бір бұрылып Солға бір бұрылып Бір отырып,
бір тұрып Бір шынығып алайық Орнымызды табайық
№
2 көрініс
‑Бұл көріністен не ұқтыңдар?
‑Бала ұзақ уақыт компьютерде отырды. ‑Сосын
телефонмен ойнады.
‑Ал, осы дұрыс па? ‑Жоқ. ‑Әрине, бала үзіліс
жасап, демалып алуы керек еді. ‑Әрине, дұрыс емес. Демек,
телефонның пайдасымен қатар зияны да болады екен
я?
‑Қандай зияны бар?
‑Иммундық жүйе зардап шегеді. ‑Баланың дамуы
баяулайды. ‑Ұйқы бұзылады. ‑Жүйке жүйесі бұзылады. ‑Омыртқаға кері
әсер етеді. Сколиоз ауруына шалдығады. ‑Көру қабілеті нашарлайды.
‑Қатерлі ісік ауруына шалдығуы мүмкін.
‑Сонда не істейміз?
Схемамен жұмыс. Мақсаты:
Суреттегі белгілерді танып, тақырып бойынша
сөйлем құрай білу.
‑Қалта телефонын 16 жастан асқан кезде ұстау
керек. ‑3-4 минуттан артық сөйлеспеу керек. ‑Сәулелену қуаты төмен
ұялы телефонды таңдау керек.
‑Балалар, көрдіңдер ме, әр нәрсенің өз шегі болады
екен. Біз сол шектеулерді естен шығармауымыз
керек.
‑Ал енді қорыта келгенде осы оқу қатынасымыздың
неге қымбат екенін түсіндіңдерма?
Рефлексивті‑түзетушілік:
‑Қане не ұқтыңдар? ‑Ұялы телефонмен ұзақ
ойнамауды. ‑Ұялы телефонмен ұзақ сөйлеспеуді. ‑Ұялы телефонды дұрыс
таңдауды. ‑телефон бер деп жыламауды.
‑Кімге не ұнады? ‑Маған көрініс ұнады. ‑Маған
құрастыру ойыны ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Телефонның пайдасын, зиянын, атқаратын қызметін
біледі, айта алады; Түсінеді: Телефон құрылғыларын дұрыс қолдануды, олардың
қолданылу аймағын; Қолданады: Схема бойынша сөйлей алуды, телефон құрылғыларын
дұрыс таңдауды, алған білімдерінен тұжырым жасай
алуды;