Материалдар / Ашық ҰОҚ Қызықты математика
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық ҰОҚ Қызықты математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ҰОҚ сайыс түрінде өтеді. Балаларды шапшандыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелей отыра,тапсырмаларды орындайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
361
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қызықты математика

Тақырыбы: Қызықты математика

Мақсаты: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау бойынша өткен білімдерін бекіту.Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру

Сабақтың әдісі тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу.

Көрнекілік: сандар,әртүрлі фигуралар, суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер; Армысың, мейірімді аспан

Армысың қайрымды Жер,

Армысың шұғылалаы алтын күн,

Армысың балабақша,

Армысың достарым.

Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айтама?- Кәне, бізде қайырлы таң тілейік.

Қайырлы таң көздерім,

Қайырлы таң құлақтарым,

Қайырлы таң саусақтарым.(Көздерін,құлақтарын уқалайды. Қолдарын шапалақтайды)

-Жарайсыңдар балалар бүгінгі күніміз жақсы болсын, орынымызға отырайық.

-Бүгін бізде ерекше оқу қызметі болады балалар

Қызықтыру сәті:әуенмен «Білім ханшайымы» келеді.

Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар?

Балалар: сәлеметсіз бе.

Білім ханшайымы: Балалар мен мектептен келген «Білім ханшайымымын». Сіздерді мектепке барады деп естіп келдім. Мектепке барғыларыңыз келеме?

Балалар: Ия

Білім ханшайымы: олай болса мен сіздерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге сіздерге тапсырмалар ала келдім.

Тәрбиеші: қош келдің Білім ханшайымы. Біздің балалар ақылды және сіздің берген тапсырмаларыңызды қуана орындайды. Сіз жайғасып балаларымыздың білімін тамашалап отырыңыз. Ендеше балалар Білім ханшайымы қандай тапсырмалар әкелді екен қарайық.

1-тапсырма:

  1. Жылдың төрт мезгілін ата?

  2. Қазір жылдың қай мезгілі?

  3. Бір жылда неше ай бар?

  4. Бір аптада неше күн бар?

  5. Бүгін аптаның нешінші күні?

«Шардың түсімен жыл мезгілдерін сәйкестендір» (қызыл,ақ,сары,жасыл)

2-тапсырма: 1 ден 10-ға дейін тура және кері санау. Екі тілде санау (орысша,ағылшынша)

Сергіту сәті:

Он қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бәрін қоссақ он саусақ,

Болашаққа жол ашпақ.


3-тапсырма:Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

  1. Кестені толтыр (екінші қатарға суретін сал, үшінші қатарға суреттен пішінін тауып қой)

  2. Текшемен пішін жасау ойыны (үстел үстінде текшелер тұрады. Әуен қойылады,балалар әуенге қосылып блейді де, әуен тоқтағанда үстел үстіндегі текшелерден геометриялық фигуралар жасайды)

4-тапсырма: «Көршісін тап»



5-тапсырма: «Салыстыр < > = » (үлкен,кіші,тең)

6-тапсырма: «Санның ретін тап»

7-тапсырма: «Логикалық есептер»

  1. Үш қоянда неше құлақ бар?

  2. Аю пілден кіші қояннан үлкен. Қай аң ең үлкен? (Піл)

  3. Дүкеннен анам екі сопақ доп сатып әкелді, біреуін ініме берді, неше доп қалды?

  4. Аккула балық,ал дельфин теңіз жануары. Олардың қандай ұқсастықтары бар? (Суда өмір сүреді)

  5. Фудболкада қанша тесік бар?

Санамақ:

  1. Бір, екі, үш

Түрлі түсті қарандашты,

Мен қолыма аламын.

Бес-ақ түсті болсадағы,

Мен әдемі саламын.

Бір-төгілді аспаным

Екі-шөбім көктеді.

Төртінші қою түспенен

Парақта үй гүлдеді.



  1. Бір-дегені білеу

Екі-дегенім егеу

Үш- дегенім үскі

Төрт- дегені төсек

Бес- дегенім бесіе

Алты-дегенім асық

Жеті- жегені желке

Сегіз- дегенім серке

Тоғыз- дегенім торқа

Он- дегенім оймақ

Он бір- қара жұмбақ



  1. Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды .

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.



Білім ханшайымы: балалар сендер менің сұрақтарыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер. Бір бірлеріңе көмектестіңдер, сендер мектепке дайын екенсіңдер. Сондықтан мен сендерге тәтті тарту әкелдім. Енді мен басқа балабақшаға барамын, сау болыңдар балалар. (Әуенмен білім ханшайымы шығып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер ашық оқу қызметіне белсене қатыстыңдар, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!