ашық ұоқ. тақырыбы: Мысықтың басынан кешкендері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық ұоқ. тақырыбы: Мысықтың басынан кешкендері

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰОҚ балабақшадағы МАД топтарына арналған. Сауат ашу сабағына арналған. Ойын сабақ "Мақтақыз бен мысық " ертегісінің желісі бойынша өтіледі. ойын барысында дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы балалардың түсінігі қалыптасады. ойын сабақ жеңіл әрі балаларға қызықты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған ойын қызметі.

Тақырыбы: Мысықтың басынан кешкендері..

Міндеті: Ойын арқылы балалардың дыбыс, буын сөз, сөйлем туралы түсініктерің кеңейту. Еңбекқорлыққа, мақсатқа жетуге талпынуға тәрбиелеу.

Ресурстар: Мақтақыз бен мысық ертегісі кейіпкерлеріінің атрибуты, “Шертпек” ойын тақтасы,үлестірмелі материалдар.

Барысы:

Шаттық шеңбері: Ақылы бар баламыз, Айтқан тілді аламыз. Білімді боп өсеміз, Нағыз адам боламыз.

Тәрбиеші: Қандай білімді, нағыз адам боп өсіп келе жатқанымызды бүгінгі ойынымызда білетін боламыз, балалар!

Дауласып мысық пен тышқан кіреді.

Мысық: Мынау өзі пи‑ пи дегеннен басқа ештеңе білмейді. Сөйтіп алып менен сұрап қояды ғой өзі.

Тышқан: Мен баяғы тышқан емеспін дедім ғой, енді сенен қорықпаймын. Егер менен дән алғың келсе, бидай мен дән сөзін буынға бөліп бер.

Мысық: Достар, маған көмектесесіңдер ме?

Балалар. Иә!

Бидай, дән сөздерін буынға бөледі. Неше буын бар екенін айтады.

Тышқан: бидайың да, дәніңде міне бір зат. Ендеше неге дәнде бір буын, бидайда екі буын?

Тәрбиеші: Қане, балалар, түсіндіріп берейік.

Бала: Егер сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дән сөзінде бір дауысты, бидай сөзінде екі дауысты дыбыс бар.

Тышқан дәнді мысыққа береді. Мысық дәнді алып тауыққа келеді.

Тауық: ә‑ә, келдің бе? Маған қәзір дәннен бұрын мына жұрыртқаларыма не болғанын білгім кеп отыр. Олар екі түске боялып кеткен және мына ұяшықтарға кезек кезек секіріп жүр. Себебін біле алмай отырмын. Соны біліп берші.

Мысық балалардан көмек сөрайды.

Балалар: қызыл түс дауысты дыбыс, көк түс дауыссыз дыбыс болуы мүмкін дейді.


















Тауық: Онда мына ұяшықтарға қандай дыбыстар қойып, қандай сөздер шығаруға болатынын көрсетіңдер!

Жеке жұмыс: әр балада осы кесте болады, балалар ұяшықтарға қызыл және көк түсті дөңгелектер бояп салып, сөздерді Қызыл және көк түсті дөңгелек дыбыстармен сөзді белгілейді.

Мысалы: Тауық, жұмыртқа сөздерін. т.с.с.

Тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны алып дүкеншіге келеді.

Дүкенші: ә‑ә, мысық, келдің бе? Менің қәзір ішім пысып отыр. Дүкенімде мына ойыншық бар, («Шертпек» ойынын көрсетеді) кел оданда ойнайық!

Мысық: Ойынды менің достарыммен ойнаңыз, олар маған көмектесіп жатыр.

Дүкенші: Жарайды. Ойынның шарты былай: мына асықты шертіп қай ұяшыққа түсірсеңдер, сол ұяшықтағы тапсырманы орындайсыңдар.

Бірінші тапсырма: буындарды оқу.

Екінші тапсырма: Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық (Орындарынан тұрады) Үлкен шеңбер құрайық (Қол ұстасып шеңберге тұру) Ортаға алып мысықты (Мысық ортаға шығады) Көңілді би билейік. Алақанды ашамыз (Алақанды керіп ашады) Тілмен оны жалаймыз (Алақанды ауызға жақындатып жоғарыдан төмен сипайды) Еркелейміз мысықша (мойынды би қимылымен оңға және солға иіп бұрады. Қол белде) Бұраламыз қуана (құйрықтарын бұлғаңдатады) Жүгіреміз орынға.(Орындарына отырады)

Үшінші тапсырма: Адасқан әріптер немесе орнын тап. “Доп” сөзі шыңады.

Төртінші тапсырма: “Асық” сөзіне дыбыстық талдау жаса. 4 әріп, 4 дыбыс бар, 2 дауысты, 2 дауыссыз.

Бесінші тапсырма: Мен ақылды баламын сөзінде қанша сөз бар?

Дүкенші: Жарайды ала ғой сағызды.

Мысық сағызды алып қыздарға келеді.

Қыздар: Мысық сен сағызды алып келгенше біз кітап алып білім ала бастадық. Оданда сен бізбен бірге отырып мына тапсырмаларды орында. (Кітаппен жқмыс)Тапсырмаларды орындап болған соң қыздар су береді. Суды алып ағашқа келеді.

Ағаш: Мысық, күз келіп жапырақтарым түсіп шашылып кетті. Кейбіреулері тіпті бөлініп қалды. Сол бөлінген жапырақтарды жұптап берші.

Балалар тағыда мысыққа көмекке келеді. Жерде жатқан жарты жапырақты алып артындағы буынның жартысын табады. (Мысалы бір жарты жапырақтың артында «та» буыны тұрса ол соған сәйкес сөз болатын буынды табады «у» сонда тау сөзі шығады.) Топта қанша бала болса сонша жарты жапырақ керек болады. ба‑ла, а‑па, а‑ға, ша‑на,та‑ға, а‑та, та‑на, ә‑ке, кө‑ке т. с. с.

Ағаш жапырақ береді. Мысық жапырақты алып сиырға келеді.

Сиыр: Мысық, сен келгенше менің сүтім ағып таусылатын болды ғой. Білмеймін сүтім үзіліп, үзіліп мынадай болып ағып жатыр,‑ деп шелекті береді. Шелекте кесте болады. Кесте мынадай.

(Мына жерге сыза алмай қойдым. Қағазға сызып ватсаппен жіберем)

Кестені көріп не кесте екенін апай мен балалар түсіндіреді.

Тәрбиеші: бадлалар, бұл нені білдіретін кесте?

Бала: Ол сөйлем.

Т: Сөйлем қандай болады?

Б: Сұраулы, жай, лепті немесе бұйрықты сөйлем болады.

Т: ендеше осы кестелер бойынша сөлем құрап сөйлесейік. (Әр бірге отырған екі балаға бір кесте беріледі. Сол кестеге қарап балдар диалог құрады). Мыс: ‑Жандос, сенің жасың нешеде?

менің жасым бесте.

екеуміз жасты екенбіз ғой.

Қандай күшті!

Осындай бағытта балдар кестеде берілген сөз санына қарай сөйлем айтып диалог құрады. Диалог қатық туралы болсада болады. Бір жұптың диалогын схеманы көрсетіп тұрып тыңдау керек.

Сиыр қатық береді. Қатықты алып мақтақызға келеді.

Мақтақыз: Мысық сен жай ғана қатық іздеп келмедің. Әр кейіпкерге келген сайын сауатың ашыла түсті. Мен бәрін көріп байқап отырдым. (Құйрықты қайтарады)

Қорытынды: Балалар, бүгінгі ойын әрекетімізде бізге кім келді? –Мысық.

Мысық неге келді? –Көмек сұрап келді.

Біз не істедік? Оған көмектестік.

Бүгінгі ойынымыздан не үйрендік? –Дыбыс, буын, сөз, сөйлемнің не екенін. Дыбыстан буын құралатынын. Буыннан сөз құралатынын. Сөйлемнің түрлері болатынын. Сөздің қалай буынға бөлінетінін.

Кімге не ұнады? Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтижелер:

сөздерге дыбыстық талдау жасайды: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтайды;

сөздерді буындарға бөледі, олардың саны мен ретін анықтайды;

берілген буынға сөз құрастырады;

сөздегі буындардың санын анықтайды;

сөйлем сөздерден тұратынын біледі;

берілген кестеге сай сөйлемдер құрастырады;

қаламды дұрыс ұстай алады;

дыбыстардың белгілерін ажыратады (дауысты/дауыссыз);

қолды жазуға дайындауға берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2024
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі