Материалдар / Ашық ұоқ "Түрлі түсті мұздар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұоқ "Түрлі түсті мұздар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұоқ "Түрлі түсті мұздар" ортаңғы топ Тәжірибе жасау арқылы судың түрлі түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2022
261
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Айналайын» бөбекжайы









Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы:Түрлі түсті мұздар.

Т әрбиеші:Досаева А7А7







Приозерск қаласы



«Жұлдыз» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеумет».

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі «Қоршаған ортамен танысу»

Тақырыбы: «Түрлі түсті мұздар».

Мақсаты:

Білімділік: Судың сұйық және қатты күйде болатындығын түсіндіру.

Дамытушылық: Тәжірибе жасау арқылы судың түрлі түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету.

Тәрбиелік: Жансыз табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: су,мұз,құтыдағы мұз, кейіпкер Аққала,түрлі түсті бояулар,қылқалам,қол сүрткіш,ыдыстар.

Сөздік жұмыс: Мұз

Билингвальды компонент: су-вода, мұз-лёд, қар ұшқындары-снежинки.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі

Мотива

циялық-қозғау

шылық



Балалар, бізге ғажайып қонақ Аққала келді. Бір қолында қар жинағы, ал екінші қолында мұз салынған құтысы бар.

Шаттық шеңбері «Танысу»

-Сәлеметсіз бе, Аққала !

-Амансыздар ма, балалар, мені танисыңдар ма?

-Менің атым Аққала.

Ал, сенің атың кім?..............(қар кесегін балаларға беріп аттарын сұрайды, қонақтарға әдемі көңіл күй сыйлайды).Балалар орындарына отырады.

Мұзды балаларға ұстатып мұз қатты, сырғанақ және суық екенін айтады.





Балалар Аққаламен амандасады, қызығушылық көрсетеді.


Балалар аттарын айтады.Менің атым Алинұр.

Балалар мұзды қолдарымен ұстап қатты, сырғанақ, суық екенін айтады.


Ұйымдастыру

шылық-ізденістік






Балалар қолдарымен мұзды ұстап көреді.

-Қолдарымыз тоңды саусақтарымызға жаттығу жасайық.

Қарды қолмен жинайық,

Саусақтарымыз шаршады.

Алақанды ысқылаймыз,

Ал енді жылытамыз.

Тәрбиеші:Балалар Аққаламыз алып келген мұзы еріп кетіпті,су болыпты.

-Балалар, банкілерге не құйылған?

Су қандай?Мөлдірлігі соншалық, оның іші жақсы көрінеді. Кім мөлдір суды жақсы көреді? Барлығың жақсы көреді екенсіңдер.

Суды қайда қолданамыз?

Таза суды ішеміз, тамақ дайындаймыз, ыдыстарды жуамыз,өзіміз жуынамыз.

-Суда нелер тіршілік етеді?

Енді біз түрлі-түсті бояу қосып суды араластырамыз. Енді түрлі түсті судан түрлі түсті мұз жасаймыз.

-Суды мұзға айналдыруға бізге Аққала көмектеседі. Өйткені Аққала суықты жақсы көреді.Мына қалыптарға суды құйып, Аққалаға берейік (Аққала суды қатыруға шығып кетеді).

Су қатты суықта және де тоңазытқышта да қатады.

Билингвальды компонент: су-вода, мұз-лёд, қар ұшқындары-снежинки.

Сергіту жаттығуы.

Музыка қойылады.

-Қазір біз «Қар ұшқыны» биін билейміз.

Аққала келіп, судың мұз болып қатқанын айтады. Тәрбиеші мұзды шыны ыдысқа салып балаларға көрсетеді.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» Шарты:төрт топқа бөлініп, әр топтүрлі-түсті мұзды қасықпен алып, тәрелкелерге салады.

-Мұз қандай? (суық, қатты, түсі сары, қызыл, көк және жасыл)

Мұзды Аққалаға орманға беріп жіберейік, ол ормандағы шыршаларды безендірсін. Аққала балалармен қоштасып кетеді.




Қолымен қар жинайды,

саусағын ашып жұмады.

Екі алақанды бір-біріне ысқылап, аузымен үрлейді.


-Су

-Мөлдір, таза.

Мен жақсы көремін.

Менде жақсы көремін.

-Таза суды ішеміз,тамақдайындаймыз,қолымызды жуамыз, жуынамыз.

-Таза суда балықтар тіршілік етеді.

Бақылайды.


Су қатты суықта және де тоңазытқышта да қатады.




су-вода, мұз-лёд, қар ұшқындары-снежинки.





Қайталайды. су-вода, мұз-лед,қар ұшқындары-снежинки.

Музыка әуеніне сай би билейді.

Балалар ойынды қызыға ойнады.

Балалар мұздың суық, қатты екенін, түсі сары, қызыл, көк,жасыл екенін айтады.


Балалар Аққаламен қоштасады.

Рефлек

сиялық-түзетушілік

-Жарайсыңдар, балалар! -Балалар, бізге қонаққа кім келді?

-Біз не істедік?

Судың неге айналғанын көрдік.

Бізге Аққала көмектесті, ол кісіге көп рақмет деп айтайық. Балалар суды Аққала мұз етіп қатырады екен және суды тоңазытқышқа қойсақ та қатады екен.


-Аққала қонаққа келді.

-Бірнеше түрлі түсті мұз жасадық.

-Мұзға.

Балалар су сұйық және қатты күйде болатын- дығын тұжырымдайды және суды аязға қатырса, мұз шығатындығына көздері жетеді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: суды түрлі түсті етіп бояуға болатындығын.

Түсінеді: су және оның күйлері туралы ұғымды.

Қолданады: тәжірибе жұмыстарын бақылай отырып, іс- тәжірибе дағдыларын.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!