Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашықтәрбие сағаты: "Денсаулық - зор байлық" 1 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Денсаулық – зор байлық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық
– зор байлық»
Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір
сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту,
сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы,
әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер,
слайдтар.
Барысы:
Шаттық шеңберде балалар
тұрады: бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық
тілейді.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады»,
- деп мұғалім қорытынды жасайды.
-Балалар, бүгін біз Дарамен
бірге денсаулық әлеміне саяхатқа шығамыз.
- Олай болса, топқа бірігейік. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл
деп топтар аталады.
1. Ой ашар
сұрақтары:
Слайд - Балалар,
енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың. (Сабын)
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да. (Сүлгі)
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, өзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
Балалар, демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Денсаулық –зор
байлық»
1 аялдама «Тазалық әлемі»
Оқушылардың денсаулық туралы
тақпақтарын тыңдайық:
Аружан
Қанекей балалар
Қаз-қатар тұрыңдар
Ойнайық-күлейік
Жанға саулық тілейік
Денсаулық маңызы
Түсініп көрейік.
Денсаулық зор байлық
Екенін білейік.
Санжар
Бұл бала қай, қай
бала?
Қарашы үстіне,
Бір кіршік түстіме көзіңе
Тап-таза ақ қаздай
Киімі мұнтаздай
Жарайсың балақай
Дейміз біз мадақтай
Рамазан
Бұл
бала қай, қай бала?
Қарашы үстіне,
Бет-аузы кір айғыз
Аяқ қол жарылған
Батпаққа малынған
Ұятай балақай
Дейміз біз мадақтай
Айару
Балақай!
Денсаулық – ол күлуің,
Болсаң да әлі қаршадай:
Көңіл-күйің жадырай.
Ойнау үшін шаршамай,
Елжас
Денсаулық-ол жүруің,
Оқу үшін мектепте,
Ешбір жерің ауырмай.
Ашу үшін тәбет те,
«Басты байлық – денсаулық»-
Құру үшін сен сауық
Бабаң айтқан даналық.
Жанболат
Керек жақсы денсаулық.
Сақта жолын сен тауып,
Денсаулық ол шыныққан
Осы шақтан балалық.
Барлық денең мүшесі.
Сүлухан
Болар барлық мүшең сау,
Денсаулық ол тыныққан
Жүрсе жылдар бойында,
Жұйке-тамыр жүйесі.
Баяндалған осынау
Ережелер ойында
- Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.
-Балалар, деніміз сау және
күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап,
ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу
жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек ,
деніміз сау болады.
Балалар, енді тақтаға назар аударыңдар. Бейнесюжетті тамашалайық.
Ойымызды ортаға салайық:
Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?
Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?
Тапсырмалар: (Постер
қорғау) суреттер беріледі, оқушылар қажеттісін жабыстырып
қорғайды.
1топ. Дұрыс
тамақтану
2топ. Зиянды және пайдалы
іс-әрекеттер
3топ. Спорт- денсаулықтың досы
Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
-Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны
білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің
көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі
ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі
түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
- "Тәні саудың -дені сау"
демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның
жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де
сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық
тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен
алғыс аласың, достарың да көп болады.
Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста!
Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп
уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз
керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап,
ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу
жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек ,
деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің
күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді
мұқият орындауымыз керек.
1. Тісті күніне екі рет
тазалауымыз керек .
2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
3. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.
4.Жаңғақты тіспен шақпау керек.
5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.
6.Тәттіні көп жеуге болмайды.
7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы
керек.
2. Шығармашылық жұмыс
(оқушылар оқып береді)
- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел
білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің...
2.Жан ауырса - тән азады,
Қайғы басса - жан азады.
3.Емнің алды - еңбек.
4.Ауру желмен келіп, термен шығады.
5.Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
6.Азған денеге ауру үйір.
7.Қайғы қартайтады,
Қуаныш марқайтады.
«Дәрумендер әлемі»
Сәбіз:Мен сәбізбін, сәбізбен Қауын: Мен қауынмын,қауынмын
Емдік қасиет көп менде Емделем десең дәрімін
Егер жесең өзімді Бүйрек асқазан,жүректі
Көрсетермін көзіңді Жазамын нерв ауруын
Қарбыз: Мен қарбызбын,қарбызбын Пияз: Мен пиязбын, пиязбын
Күннің көзін сүйемін Тұмауды тез қуамын
Ауырса бауыр,бүйрегің Пайдалансаң жөтелге
Көмегімді беремін Балмен қосып өзімді
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды.
Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа
келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25
грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы
жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл
еттер пайдалы.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын
күшейтеді.
Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді.
Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K
витамині бар.
Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға
азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің
қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз
етеді. Бүйректерге пайдалы.
3. Сергіту сәті (әр топтан
ортаға бір оқушы шығады)
Ойын: «Иісіне қарай
ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап
алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау
қажет.
-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл –
дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу
керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың
құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне,
ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына
көмектеседі.
«Дәрігер мен бала» атты
көріністі тамашалайық.
Есік қағылады. Ішке бала
кіреді.
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соны жей саламын.
Дәрігер:- Нені ұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен
ауырады? Себебін айтып, кеңес
беріңдер.
«Спорт әлемі»
2 оқушы хабарлама жасайды:
1- оқушы:- Халық даналығында «Денсаулық - зорбайлық» деген сөз бар.
Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген.
Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген,
садақ тарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын
жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып,
бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден – ақ
білген.
2- оқушы: -Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».
- Олай болса, кезекті спорттық
сайыстарға берелік.
І. Қол күрес – білек күштерін
сынау.
Қорытынды сөз: -
Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ
болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды,
білімді, адал болып)
- Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы.
Слайд «Кім тапқыр?» Оқушылар оқып, іледі.
Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е - Емнің алды - еңбек.
Н - Негізгі байлық - денсаулық.
С - Саулық - байлық негізі.
А - Ас – адамның арқауы.
У – Уланудан сақтан.
Л - Ластың досы - шыбын.
Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.
Қ - қотыр қолдан жұғады.
- Ал, балалар, деніміз сау
болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын
ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т.
б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен
тәрбие алдыңдар.
-Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа
экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты жолдауында
денсаулыққа, спорт пен туризмге көп көңіл бөлінген, Қазақстандықтар
спортқа тартылсын және де спорттық кешендер салынсын. Дәрі -
дәрмектердің 50% өзімізден шығарылуы тиіс делінген. Бұл -
үкіметіміздің ұрпақ денсаулығына қатты көңіл бөліп отырғандығы. 7-
сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні мерекесі. Бұл күні барлық
халықтар осы айтулы мерекені атап
өтеді.
- «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Тұжырым: Тәуелсіз ел
тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.
Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
-Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау дене
Азат ақыл
Адал көңіл