Материалдар / Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі Бөлім: 8.4А Көбею Чек егдьлг қол босамай кетті рақмет өзіңеде құтты болсың өмір
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2022
733
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі

Бөлім:

8.4А Көбею

Педагогтің аты-жөні:

Бейсенова Гүлжан

Күні:


Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: 15 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.1.3 ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклін салыстыра алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануының ерекшеліктері неде?


2. Ашықтұқымды және

жабықтұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін атаңдар. Оларда спора түзіле

ме? Олардың негізгі көбею мүшелері қандай?


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.


1-тапсырма

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

1. «Бүр, тұқым, мегаспорогенез, микрогаметогенез, микроспорогенез,

мегагаметогенез» деген түсініктерге анықтама береді.


2. «Тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінде ядролық фазаларының ауысуы» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?


3. Жасушалар қандай әдіспен бөлінген кезде тұқымды өсімдіктерде гаметалар түзіледі?


4. Ашықтұқымды өсімдіктердің аталық, аналық гаметалары және микро-, мега споралары қашан, қайда (қандай құрылымдарда), қашан түзіледі?


5. Жабықтұқымды өсімдіктердің аталық, аналық гаметалары және микро-, мега споралары қашан, қайда (қандай құрылымдарда), қашан түзіледі?



Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-тапсырмаларды талқылайды;

-сұрақтарға жауап береді.


8-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері. Суреттер

Мультимедиалық тақта

Түрлі қаламдар



2-тапсырма

Оқулықта берілген қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.Жеке сұрақтар ,жеке жұмыстар

1. Неліктен тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінде гаплоидты кезеңі көрінбейді және жеке құрылым ретінде қатыспайды?


2. Ашықтұқымдылардың бүрлері қандай қызмет атқарады?


3. Жабықтұқымдылардың гүлі қандай қызмет атқарады?


4. Ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ұрықтануы, гаметалары мен спораларының түзілу үдерісі қайда жүретінін салыстырады.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-Тапсырманы салыстырады;

-Сұрақтарға жауап береді.


8-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері


3-тапсырма

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Жасушалардағы хромосомасанын, митоз және мейоз, микро- және

мегаспорангийлер, гаметалар, зигота, ұрықтану, көпжасушалы эмбрионды көрсете отырып, «гүлді өсімдіктердің тіршілік циклі» деген сызба сызады.


2. Жасушалардағы хромосома санын, митоз және мейоз, микро- және мегаспорангийлер, гаметалар, зигота, ұрықтану, көпжасушалы эмбрионды көрсете отырып, «ашықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі» деген сызба сызады.


3. Ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың көбеюіндегі айырмашылықты көрсетіңдер.

4. Ашықтұқымдылардың көбеюін сипаттап береді.


Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

- Сызба сызады;

-Тапсырманы сипаттайды.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23


Түркістан облысы Отырар ауданы Ғани Мұратбаев шжжом Биология пәні мұғалімі Бейсенова Гүлжан



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!