Материалдар / Ата - аналар жиналысы 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата - аналар жиналысы 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға ата-аналар жиналысын өткізу үшін көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
3850
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-Ана жиналысы.

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алу таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Ситуация тудыру, сұрақ қою арқылы жол ережесін білуге баулу, ой - өрісін дамыту.

Жолда ережесімен таныстыру.

Жиналыс барысы:

Сәлеметсіздер ме? Бүгінгі жиналысқа қатысып отырған ата-аналар және құрметті қонақтар . Бүгінгі ата-аналар жиналысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр. Жиналысымызды бастамас бұрын бәріміз үлкен шеңбер жасап бір- бірімізбен танысып алайық!

Ата-аналарды шеңберге қойып өзінің атын және бір сын есім айтқызу, орындарына отырғызу.

Өзімді толық таныстыру: Аты – жөнім

жасым

білімім

статус

стаж



Бүгінгі жиналыс барысында қарастырылатын өзекті мәселелер:

  • Балалардың жол көлік апаттары салдарынан жарақаттануының алдын-алу.

  • Менингитті алдын алу

  • Жаңа жылдық ертеңгілік, қысқы демалысты ұйымдастыру.

  • Жемқорлыққа қарсы күрес.

  • Әртүрлі



Балалардың жол көлік апаттары салдарынан жарақаттануының алдын-алу.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын жол апаттарында 1,2 млн. астам адам қаза тауып, шамамен 500 адам жарақат алады. Қалаларда, мегаполистерде авто-мото-көлік санының артуына байланысты балалар 3 есе жиі жарақат алады.

Жолда жүру кезінде жол-көлік оқиғаларының салдарынан қаншама адамдар жарақаттанып жатады.

Жарақаттың сүйек сынуы,ауыртып алуы,жаралануы,күю сияқты түрлері болады.Сынықтардың сүйектің морт бөлінуі ,қақ жарылуы,опырылуы,шытынауы сынған сүйектердің шашылып қалуы сияқты түрлері болады. Сондай-ақ тамырлардың,жүйкелердің зақымдануы,бұлшық еттердің езіліп қалуы және басқада жағдайлардың болуы мүмкін.

Ал жара немесе күйік болса,спирт,йод ерітіндісімен жуып,таңу қажет.Кейбір кезде киімін жыртып,шешіндіруі қажет болады.

Жаяу жүргіншіні автокөлік қаққан кезде жарақаттанған мүшенің көгеруі,ісінуі,қан тамырларының жарылып,қан кетуі соққының зардабынан мидың шайқалуы,адамның есінен айырылуы ықтимал.Мұндайда,әсіресе,кейінгі жағдайда жарақаттанған адамға тыныштық керек. Жедел жәрдем шақыру 103.


Жол-көлік оқиғалары кезінде жарақаттануды алдын алуға болатын факторлармен таныстыру:

Мамандардың пікірі бойынша, егер төменде көрсетілген негізгі қауіп-қатер факторларына жұмыла ықпал етілетін болса, жол-көлік жарақаттануы оқиғаларының көбінің алдын алуға болады:

  • жол жүрушілердің барлығының жол жүру ережелерін білмеуі және сақтамауы;

  • мас күйінде көлік жүргізу;

  • шлем, қауіпсіздік белбеулері мен балаларға арналған креслоларды пайдаланбау;

  • қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкес келмейтін жолдар мен жол инфрақұрылымын салу;

  • автомотокөлік санының артуы;

  • рульде отырып және көшеден өтерде, телефонмен сөйлесу;

балалардың жарық сәулесін түсіргіштері жоқ, елеусіз киімдерді киюі.

Жол қауіпсіздік ережелерімен таныстыру:

Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.


Жол көлік оқиғаларының түрлері келесі

- соғылыс;

- аударылу;

- кедергіге соғылу;

- жаяу жүргіншіні соғу;

- велосипедшіні соғу;

- тұрақта тұрған көлікті соғу;

- көлік-арба соғу;

- жануарларды қағып кету;

- жолаушылардың құлауы;

-тағы басқа жағдайлар.


Әрбір ата-ана балалардың тез дамып, әрі арнайы назар аударуды керек ететінін ұмытпағаны жөн. Балалар жүретін ортада жоғары жауапкершілік болу керек. Біз тұратын қоғам тек үлкендерге арналған, мұнда балалар үшін қауіпті жағдайлар өте көп. Осы тұрғыда 18 жасқа дейінгі балалардың әр кезеңінде болатын ерекшеліктерді де ескере отырып, қоғамда балалар емін-еркін қауіп-қатерден аулақ өсу үшін үлкен шаралар жасау қажет. Дегенмен кез-келген ата-ана өз перзенті үшін жауапты және қауіпсіздік шараларын естен шығармаулары тиіс.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібі бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.


Менингитті алдын алу

Мектеп медбикесіне сөз беру.

«Тазалық машинесі» атты сергіту сәті.

Аналарды жұптап ортаға 4 жұп шығару. 1-жұп сипап уқалайды, 2-жұп мытып, массаж жасайды, 3-жұп айналдырады, 4-жұптың біреуі құшақтап, сығады, біреуі қатысушы адам.

Жаңа жылдық ертеңгілік, қысқы демалысты ұйымдастыру.



Жемқорлыққа қарсы күрес.

Әртүрлі.

Тренинг «Бірлікті нығайту.» «Орындық» техникасы.

Шеңбер құрып қолдарын алдында тұрған адамның иығына қою керек.

Қазір сіздерде барлығы ойдағыдай шығу үшін бір бірлеріңізге сену керек. Мен уш дегенде бір бірлеріңіздің алдарына отырасыздар. Егер біреу құлап қалса демек арттағы адамға сенбегеніңіз, не алдыдағы адамды менсінбегеніңіз/неге менин алдыма сен отыру керексин деп ойлауы/

Шыққан орындыққа қолды жоғары көтеріп бір біріне шапалақтау. Орнымыздан тұру.

Қымбатты аналар нағыз бірлескен топқа сүйеу керек емес, біз бір бірімізге тіреуміз, сенімдіміз. Ендеше осы көңілді сәтте жиналысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Бір бірімізбен тату, бірлігіміз жарасқан болсақ оқушыларымыз бізден үлгі алады.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!