Материалдар / Ата - аналарға кеңес: Балаға бейімделу кезінде қалай көмектесу керек?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата - аналарға кеңес: Балаға бейімделу кезінде қалай көмектесу керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың балабақшаға бейімделуіне ата - аналарға психологиялық көмек. Балалар балабақшаға жеңіл, орташа, ауыр бейімделуден өтеді. Балаларды балабақшаға бергенде алғашқы күндері 2 сағатқа, одан кейін түске дейін балаларды қалдыру керек. Бірден толық күнге қалдыру балаларға үлкен психологиялық соққы. Балалар бейімделу кезінде температура, салмақтың төмен түсуі, тәбеттің нашарлауы т.б. болуы жиі кездеседі. Балаларға ата - аналар балабқша жайында жағымды мағлұмат айтуы керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2021
1777
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балаға бейімделу кезінде қалай көмектесу керек?

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы

7 «Айналайын» бөбекжайы

Оразбаева Жансая Амантаевна

Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек.Олай етпесе күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Бейімделудің үш түрі бар.

-жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

-орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде;

-ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді.


Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды.

Үйреншікті қалыптан тыс бөтен ортаға баланы қалай тез бейімдеуге болады, педагог – психологтардың айтуынша баланың балабақшаға баруы өте маңызды,балабақша балаларды мектепке ой –өрісін жетілдіріп қана қоймай,психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан дайындайды.Тәрбиеші ең алдымен баланың ата – анасымен танысу керек,баласының мінезін,үйде немен айналасатынын,не істей алатынын, немен ойнайтынын,нені жақсы көретінін,нені жақсы көрмейтінін сұрап әңгімелесу керек. Өзге ортаға кірігу үшін,басқа балалармен атын сұрап танысуды үйрету керек. Баланың көзінше балабақшаны, балабақша қызметкерлерін, күн тәртібін мақтап, әңгімелеп, қызығушылығын тудыру қажет.Баланың жаңа ортаға қалай бейімделуі үйдегі күн тәртібіне байланысты баланы туғаннан белгілі бір уақытта ұйықтатып,әдемі ертегі оқып беріп,қалыптастыру керек.Балабақшаға келер алдында бала бойында қалыптасуы тиіс:

- өз бетінше тамақ жеу.

- түбекке отыру.

- киіне алу.

-барлық мәдени – гигиеналық қабілеттерге оң көзқарасты болуы.

Ал,баланың үйдегі тәртібін реттеу үшін,бала бақшаға апарып тастаймын,- деп қорқытуға болмайды деп айтпауға ата –анасына ескертіңіз . Керісінше,оны жиірек құшақтарына қысып, пікір алмасуы керек ата - аналар.Сөйтіп балабақшаны өзінің екінші үйі деп ұғынуға мүмкіндік жасау керек. Неғұрлым бала кішірек болса,дайындықты жақсы жүргізу соғұрлым маңызды.Ол үшін балаларға қызықты ертегіні әңгімелеп, сахналап беру керек тәрбиешілер.Бала оны қызықтап тыңдайды,кішкене бөбектер көбіне аңдарды жақсы көреді,қандай аңды таңдайтынын бала өзі таңдасын.Ертегінің сюжетін жобамен былай алуға болады, баяғыда бір кішкентай мысық болыпты,ол өте әдемі,сүйкімді жұмсақ екен, оны мамасы қатты жақсы көріпті, күндіз мамасы екеуі достарымен бірге қыдырады екен, бір күні олар көп балалар шулап, көңілді ойнап жатқан балабақшаның қасынан өтіпті, мысық қатты қызығады,сонда мамасы айтыпты:бұл жерде балалар күні бойы бірге қызық ойындар ойнайды деп,осындай ертегілерді қызықтырып айтуға болады. Сондықтан балаларға әр түрлі қызықты ойындар,саусақты жаттығулар ойнатуға,өлеңдер және тақпақтар ертегілер айтқызуға көп көңіл бөлу керек,сонда балаға көбірек қызықты болады.Кейбір балалар үйренбеген ортасында тамақтанып,ұйықтай алмайды,мұндай жағдайда баланың өз ойыншығын алып жүруін қадағалаған жөн.

Кейбіреулері үшін үй жағдайынан басқа орынға ауысу, таныс адамдарымен,ойыншығымен қалысып келесі бір ортаға тез үйренісіп жатса, ал басқалары үшін үлкен күйзеліс.Мінез құлығындағы өзгеріс, көңіл күйінің болмауы жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады.Кез келген балаға алғашқы рет балабақшаға бару –үлкен күйзеліс әрине қасында өзі үйренген жақындарының болмауы,әрқашан қолдайтын ата – анасының жанынан табылмауы, мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы, танымайтын ересектерді көруі және оларды тыңдау,өздеріне жат ыдыстан тамақтануы, үйренбеген төсекке жатуы 2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға,басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге,қалағанын сұрауға,ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз,бөгде адамдардан қорқатын да балалар кездеседі.Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі – үлкен сын.Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас болса, бала ортаға тез бейімделеді. Ата – анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет, баласын тіркеу барысында ата – ана балабақша тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуіне қандай көмек көрсету керектігінен хабардар болуы қажет.Ата – аналармен тәрбиешілер бейімделу кезеңінің ұзақтығы мен әсерін әртүрлі жағдайлармен алдын ала танысулары керек. Егер баланы ерте бастан күн тәртібіне үйреткен болса,өздігінен әжетханаға сұрана алатын болса,ұнтақталмаған немесе әртекті тағамға дайын болса,ойыншықтармен ойнай алатын болса, басқа балалармен тіл табыса алатын болса,тәрбиешіге сенімді болса,онда бейімделу кезеңінен жеңіл өтетіні анық, ал егер керісінше бала бұл жағдайларға дайындалмаған болса, кейбір жағдайда жүйке жүйесінде олқылықтар болған болса, онда өкінішке орай, ондай баланың жаңа ортаға бейімделу үрдісі қиындай түседі. Топ тәрбиешісі біріншіден балабақшаға келе бастаған балалардың психикалық дамуымен және физикалық деңгейі жағынан өздерінің қабілеті бүгін паровоздың өзі Айжан болады! Үнемі қайталау барысында балалардың есімдері есте сақталады, ал ойындар барысында (тәрбиеші жетекшілігімен) физикалық қарым – қатынасқа түседі, үлкен назар балалар ойынымен жетекшілік етуге бөліну керек, қарапайым ойыншықтармен әртүрлі сюжеттерді көрсете білу қажет. Қайталау нәтижесінде балалар оны толықтырып өзгерістер енгізу нәтижесінде ойын қалыптаса бастайды. Ал ойыншықтармен ойнай алатын бала әрқашан үнемі жақсы көңіл күйде болады, басқа балалармен жақсы қарым – қатынасқа түсе береді, ең алдымен олардан әртүрлі іс – әрекеттерді қайталау барысында, ал одан кейін басқа ойынсыз – ақ тілдесе алады. Белгілі болып отырғандай, біріншіден өз құрбыларымен және үлкендермен қарым – қатынасқа еркін түсе алатын, өз бетімен және басқа балалармен ойнай алатын балалар тез бейімделеді. Көптеген балабақшаларға ата – аналар бірінші аптасында толық емес күнде балаларын әкеледі, шамалы уақытқа (әдетте түске дейін) тек қыдыру мақсатында.Осындай қысқа кездесулерден кейін бала ата – анасыз қалуға, шамалы уақытқа,одан кейін уақыт созыла келе өз еркімен қалдыруға болады. Оныншы күннен бастап, бала қалыптасады. Өйткені бала көбін танып, басқа топ балаларын қарап үлгереді және ең бастысы – барлығының ата – анасы оларды алып кететініне көз жеткізеді.Бала психологиялық тұрғыдан, ешкім балабақшада қалмайтынын, оларды ата – аналарының алып қайтатынын түсінуі керек. Кейбір балалар үйренбеген ортасында тамақтанып, ұйықтай алмайды.Баланың топты ортада анасыз қалуы үшін санаулы күндер өтуі қажет. Балаға төсек орнын алдын ала көрсетіп,басқаларда солай жататынын айту керек. Топпен жұмыс жасау барысында, кездесулер кезінде бөгде адамдардың болғанын аптаның алғашқы күндерінен бастап шектеген дұрыс.Сол аралықта балалар өз ортасымен, тобымен, ойыншықтарына үйренісіп, өз топ тәрбиешілерімен танысып, құрбыларымен қарым – қатынасқа түседі.

Қалыпты бейімделу кезеңінің негізгі ерекшеліктері.

Көңіл – күйі бұзылуы.Жылауға бейім болу,еркелік, кейбір балалардың төмен көңіл – күйі, мазасыздық, ашушаңдық, балалардың агрессивті болуы (ұзақтығы бір аптадан бір жарым айға дейін).

Ұйқының бұзылуы. Балалар ұйқысының нашарлауы жиі байқалады, кешке оңайшылықпен көз ілмейді, ұйықтар алдында жылауы мүмкін. Таңғысын қажетті уақытта оларды ояту қиынға түседі. Кейбір балалар балабақшада күндіз ұйықтай алмайды, шаршағандықтан кешке тез ұйқыға кетеді, басқалары мазасыздықтан сағат 10 – 11 ге дейін тыныш ұйықтай алмайды.Ұйқының жетіспеушілігі балалардың көңіл күйіне әсер етеді және жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді ( ұзақтығы 1 айдан 2 айға дейін).

Тәбеттің бұзылуы. Балалар өздеріне үйреншікті емес, таңсық тағамдарды беру салдарынан нашар тамақтанады.Үй жағдайында ұнтақталған тағамдарға үйренген балаларға балабақшадағы тағамның белгісіз құрамы үйреншікті емес. Жоғары жүйке қозуының нәтижесімен қосылып кейбір балаларда бұл асқазан шек жолдарының бұзылуына әкелуі мүмкін, іштің ауруларына, ықылық тиюіне, кей жағдайларда тамақ аллергияларына ( ұзақтығы бір жұмадан бір айға дейінгі аралыққа созылуы мүмкін.

Мінез – құлықтағы олқылықтар. Балалар бастапқы даму сатыларына қайтып оралғандай, нашар ойнайды, ойындар қызықсыз бола бастайды, аналарынан тіпті үйде де ажырай алмайтындай болып қалады, бөтен адамдарды жатырқай бастайды. Кейбіреулерінде өзіне – өзі қызмет көрсету икемі кете бастайды, гигиеналық икемдер ( олар дәретке сұрана алмайды, қол жуу қажет болған жағдайда қиындықтар туа бастайды және т.б. (ұзақтығы бір аптадан бір айға дейін).Бейімделу кезінде осындай ерекшеліктер болады. Сондықтан бейімделу кезеңінде балаларға осындай көмектер беріп отыруымыз керек.



.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!