Материалдар / Ата - аналармен жұмыс: Баяндама "Жаңартылған бағдарламаның берері мол"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата - аналармен жұмыс: Баяндама "Жаңартылған бағдарламаның берері мол"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - аналармен жұмыс: Баяндама "Жаңартылған бағдарламаның берері мол" тақырыбындағы ата - аналар жиналыс жаңартылған бағдарлама бойынша өткіздім. Жалпы бағдарламаның негізгі мақсаты жөнінде ата - аналдарды толық танысты, және өз көзқарастарын айта білді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жаңартылған бағдарламаның берері мол»

Мақсаты:

           12 жылдық білім беру туралы,жаңартылған бағдарламаның мақсаты 5 күндік оқу, критериалды бағалау және жаңадан шыққан оқулықтардың ерекшеліктерін түсіндіру. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Өз баласына үлгі болу керек екенін, шебер сынып арқылы көрсету.

Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы –  заман талабына сай бағдарлама. 

   Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып , алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады. Бағдарлама сауат ашу, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен оқушының тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Математика, жаратылыстану, дүниетану сабақтарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделеді, оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқан сайын зерделенетін материалдар мен білім қайталанып отырады.

Бүгінгі таңда оқушыларды заманауи әдіс–тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды тәрбиелеу  қажет.Сондықтан жаңартылған білім беру заман талабы екенін білуіміз қажет.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. [3] Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады. 

Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.






























Ата -аналар жиналысы:

Тақырыбы: «Жаңартылған бағдарламаның берері мол»

Мақсаты:

           12 жылдық білім беру туралы,жаңартылған бағдарламаның мақсаты 5 күндік оқу,критериалды бағалау және жаңадан шыққан оқулықтардың ерекшеліктерін түсіндіру. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.

Түрі:  топтастыру

Көрнекілігі: карточка, дөңгелектер, нақыл сөздер, қағаз қалам, слайд, желім, геометриялық фигуралар, шарлар.

 Жоспары:

1.  Тренинг: шаттық шеңбері, топқа бөлу

2.  Кіріспе сөз :(Баяндама) Жаңартылған бағдарламаның берері мол

3.  Ата аналармен ойын өткізіледі. «Біз суретшіміз» постер қорғау.
4 Қорытынды.

 Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.

Тренинг: Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бір бірімен өз есімдерінің алдына жақсы қасиеттерін қосып айтып танысады.Содан кейін ата аналар топқа бөлінеді.Мен жаңартылған бағдарламаны қолдаймын.


1-ТОП-мен жаңартылған

2-ТОП-бағдарламаны

3-ТОП-қолдаймын

«Үміт еткен көзімнің нұры балам» дегендей, ата- ананың басты қуанышы- бала.

1-сынып оқушылары 1-2 тоқсанда бағаланбайды.Жаңартылған бағдарламаның бір ерекшелігі критериалды бағалау, яғни критерий қою арқылы балмен бағалау сіздерге түсінікті болу үшін топтарға тапсырма беремін, сол тапсырманы критерий қою арқылы бағалаймыз.

Тапсырма: «Біз суретшіміз» Топта бірлесе отырып аюдың суретін салу.
Салып болған соң критеримен таныстыру.
1.Параққа орналасуы.
2.Бояудың яғни түстердің үйлесімділігі.
3.Шын аюға ұқсауы.
1-ден 10-ға дейінгі балмен бағалау.

Шәкіл: 1-3ке дейін –«3», 4-7-«4», 7-10-«5»

Әр критеридің балын қосып бағасын шығару.

    Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Қорытынды:

Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни

 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

Сөзімді қортындылай келе:

Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп, күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап кішіне сүйе білетін,

Білімді жинап,дүниені шолатындай,

Балаларыңыз көз қуаныштарыңыз,

Үлкен азамат болып өссін!

 









































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!