Материалдар / Ата -анаға тағзым.

Ата -анаға тағзым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ат анам,туып өскен жерім,жастық шағым, туралы. Ата анама деген сағынышым және олардан алған тәрбием жайлы болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2022
474
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-анаға тағзым

Ата-анамызды ардақтап өту- біз үшін үлкен мақтаныш.Әке –бала үшін әрқашан биік тұлға.Қасиетті Қазығұрт тауының бауырындағы Төле би ауданының Алғабас ауылында әкеміз дүниеге келіпті.Әкем сол өңірде оқып,жетіледі. Ауылдың өрімдей ,әлі 18 жасқа толар толмас шағында әкеміз Ұлы Отан соғысына аттанады.Болашағының баянды бақыты,Отаны үшін майданға аттанады.Соғыс даласында жүрген әкем Райымқұл «Туған жерден бір уыс топырақ бұйырған жігітте арман барма?» -деп, сан рет Аллаға жалбарынған екен.Соның шапағаты шығар Отанына , отбасына, еліне аман –есен оралғаны. Ол кезде мамандардың тапшы кезі.Қиындықтарды қайратқа жеңдіріп: «Екі дүниеде де ,бақытты болғың келсе білім жи»,-деген даналық сөзді ұстанып еңбектенеді.Сол туған жерінде мал дәрігерлік жұмысын жалғастырған.Әкеміз сол ауылда мұғалім болып қызмет жасап жүрген Шолпан атты қызбен жанұя құрады.Шолпан анамыз бен әкеміз адал еңбектерінің жемісін көріп ,үлгілі отбасы болып,бала сүйген.Өмірге 4 ұл,2 қыз дүниеге әкеледі.Бірақ та арада ұзаққа бармай Шолпан ана өмірден өтеді.Ананың орны қашанда биік. Мектепте жемісті қызмет етіп,қаншама шәкірттерге білім берген Шолпан ана 33 жасында өмірден өтіп,артында қарт анасын,әкемізбен өрімдей жас балдары қала берген.

Өмір заңы . Әкеміз Райымқұл екінші отбасын құрады.Үлкен шаңырақтың ең кенжесі мен боламын. Әкеміз біздің анамыз Ұлтайды жар етіп алады.Анам Ұлтай өмірге 4 ер бала, 3қыз дүниеге әкеледі. Барлығымыз үлкен шаңырақта тату-тәтті, бір –бірімізге өте бауырмал,мейірімді болдық.Әкеміз бізді тәрбиеледі,оқытты,ұлдарын ұяға,қыздарын қияға қондырған ,әкелік парызын өтеген ,бақытты әке.Арқа сүйер ата-анамыздың бары әрбір адамзат баласы үшін мерей .Алайда бәрі бір Алланың қолында . «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген сөз текке айтылмаса керек.Үйдің айналасына қарасаңыз,қандай керемет! Үйдің маңына 30 түп алма өрік, 20 түптей жаңғақ ағашы,айнала жайқалған терек .Оның барлығын әкеміз уақтылы баптайтын.Оның әр жылғы жемісі барлық бала шағасына, бүкіл ауылға жететін. Асқар таудың шыңы әкеміз ,оның бауырындағы кәусар бұлағы –анамыз бізге бақытты өмір сыйлады. Біз олар еккен баудың гүлдеріміз. Ата-анамыз 13баланы тәрбиелеп 40 тан астам немере 30-ға жуық шөбере сүйіп отырған «Алтын алқалы ана» Бақытты өмір сыйлаған әке-шешемізге әрқашан қарыздармыз.Әкеміз зейнеткерлікке шықсада аудан,ауыл аймақта мал жане егін шаруашылығының өркендеуіне, халықтың,тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына бар ғұмырын арнады. Еңбегі әр кез бағаланып келген.Бізді өсіріп баққан, жетілдірген ата-анама, аяулы жандарға жақсылық жасай алдымба? –деген сұрақ жиі мазалайды. Мен ата-ана жүрегінің жылылықпен ізгілікке ,ал өмір жолдарының өнегеге толы екендігін айтпақ болдым.Жатқан жерлеріңіз жарық болсын,періште нұрларыңыз шалқысын.

Адам өмірінде дұрыс жол табуы үшін тек күннің жарығы емес,жан жарығы да қажет.Ата-анамыз біздің өмірден дұрыс жол табуымызға қамқорлық жасады. Уақтысында әкеміз ұл-қыздарына : «сендер менің жұмылған жұдырығым секілдісіңдер,әрқайсыңның өз орындарың бар.Бірің –ақылшы,екіншің -еркем,үшіншің –қолғабысым,қалғандарың қорғаным.Сендер бес саусақтай біріге аласыңдар,бірақ бөліне алмайсыңдар. Өйткені бойларыңда әке-шешелеріңнен дарыған адамгершілік қасиет бар. Сол сендерді біріктіреді»,- деп айтатын .Тау етегінде туылып,тауға қарап өскен ұрпақтың болмысы биік болатыны анық.Балалық шағымыз қасиетті Қазығұрт баурайында өтті.Табиғат сұлулығына әсте көз тоймайды. Сол алақандай ауылды жағалай қоршаған таулар,арнасынан асқан мөп-мөлдірбұлақ суынан көбейген өзеннің бойында «Алғабас» ауылы орналасқан. Қара шаңырақ –қазақ салтында атадан балаға мұра болып ауысатын әке үйі,үлкен шаңырақ.Жазда ауылға барып, аға-жеңгелеріміздің мейрімділігіне,қамқорлығына риза боп қайтамыз.Киікотымен ыстап,әбден өзіне келген саржайлаудың сары қымызын ішіп,қолдың сарымайын,құртын,қаймағын жеп, саф таза ауамен демалып қайтамыз.Әрбір адамның өміріндегі ең бір жауапты кезең –болашаққа нық қадам жасау боп табылады.Ол үшін адамды арман тек алға жетелейді.Білім жүйесінің жаны да,жүрегі де,тірегі де –ұстаз.Ұстаз мамандығы –әрбір мамандықтың анасы.Сондықтан да ұлылықтың басында ұстаз тұратыны анық.Бүгінгі шәкірт- ертеңгі жаңа әлем,біздің болашағымыз.Әкеңнің қаны,ананың сүтімен келген мінезді өзгерте алатын зор күш қуат адам рухында жатыр.Ол білім алу,көп оқу,талмай үйрену және тәрбиелі адам болуға ұмтылу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ