Материалдар / Ата- аналар жиналысы хаттамасымен
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата- аналар жиналысы хаттамасымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы жасалған ата-аналар жиналысының жоспары хаттамасымен. Шығу парағы және сауалнамасы бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2024
91
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі»

Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі» атты жиналысымызға хош келдіңіздер! Құрметті ата - аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол - менің балаларым»- деген екен. Әрбір ата - ана баласының денсаулығы мықты, ең жақсы болуын, талапты болып өсуін арман етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін анықтау.

Жоспары:

1.Миға шабуыл.

2. ІІІ-тоқсан білім қорытындысы

3. Ата-аналарды топқа бөлу

4. Топқа тапсырмалар беру (постер қорғайды)

5. Ситуациялық сұрақтар

6. «Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» әдісі

7. Қорытынды: Рефлексия

Барысы:

1.Миға шабуыл «Қара жәшік» әдісі

«Сәлемдесу» тренингі.

2. ІІІ- тоқсан білім қорытындысымен таныстыру.

3. Ата-аналарды топқа бөлу. Балаларының суреті бойынша тауып ата анасы отыру қажет.

4.Бүгінгі сіздермен жиналыс өткізуімнің басты мақсаты – ата-ана – мектеп-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді дана халқымыз. Ендеше бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі-өз отбасы. Олай болса отбасының бала тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелерімен алмасу арқылы сіз бен біз боп ой бөліссек.

Алдымен топ басшысын сайлап, топта жұмыс істеу ережесін құрып алайық:

ЕРЕЖЕЛЕР: 1. Бір - бірімізді тыңдаймыз; 2. Жаныңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста боламыз; 3. Уақытты үнемдейміз; 4. Белсенділік көрсетеміз; 5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз; 6. Өз ойымызды ашық айта білуге үйренеміз;

5. Екі топқа тақырып беріледі.Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Бала тәрбиесінде мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?

II—топ. Балаға сапалы білім беруде мектептің рөлі қандай? Уақыты 7 минут.

6.Жеке тапсырма беру. Ситуациялық сұрақтар: Ата аналар үстел үстіндегі үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1.Мұғалімдер күнде сізге балаңыздың сыныптағы балаларды ұратыны туралы шағым айтады. Сіздің әрекетіңіз?

2 . Балаңыз мектептен сынып жабдығын рұқсатсыз үйге алып кетеді, сіз оны үйге барғанда көресіз. Сіздің әрекетіңіз?

3. Балаңыз үйге келгеннен кейін бірден үй тапсырмасын орында деп тапсырма бересіз, сіздің балаңыз үй тапсырмасын тіпті оқығысы келмейтінін және еш нәрсеге қызықпайтынын айтады. Сіздің әрекетіңіз?

4.Сіздің балаңыздың сабаққа ынтасы нашарлап кетті, мұғалімдер, сынып жетекші тарапынан шағымдар жиі айтылады, балаңыздың сабаққа барғысы келмейді. Сіздің әрекетіңіз?

5. Балаңыз күнде таңертең мектепке бармаймын деп жылайды, не істейсіз?

6. Балаңыз дүкенге кірген кезде қымбат нәрсе сатып алып бер деп ерегесіп тұрып алды, сіздің ақшаңыз жоқ. Сіздің әрекетіңіз? Осы қылығы бірнеше рет қайталанып отыр.Сіз не істейсіз?

7. Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?)

Уақыты 2 минут.

(әр ата ананың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

7.«Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» әдісі

1. Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтар тыңдап, қарап жүрсізбе? «иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз; «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасайма? егер «ия» десеңіздер қолдарыңызды жоғары көтересіңіздер. егер «жоқ» десеңіздер сол қолдарымызды төмен ұстайсыздар.

3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз? егер «әке» десеңіздер қолды, алдымызға созамыз. егер «ана» десеңіздер, жымиыңыз. егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

8.«Рефлексия» (қорытындылау) Шығу парағы:

«Міне, осымен «Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі» атты жиналысымызды қорытындылай келе. Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде. Ата-анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі. Көңіліне көп жұбаныш, Гүлденіп ой - өлкесі, - деп, Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген. Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап, тәрбиелейік және біздер олардың ең бастысы үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Ана-әке әнін бірге шырқау. Келгендеріңізге рахмет!





Шығу парағы:

1.А.Т.Ж.___________________________________________________________

2.Жиналыс сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

3. Жиналыс барысындағы өзініздің жұмысынызды бағалаңыз_____________________________________________________

4.Мұғалімге ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қолы____________



Сауалнама

А.Т.Ж.

1.Балаңыздың аты-жөні?

2. Балаңыздың туған күні?

3. Мұғалімінің толық аты- жөні?

4. Тәрбиешісінің толық аты- жөні?

5. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

9. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

10. Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?

11. Балаңыздың сыныптағы достары?

12. Балаңыз сабақтан бос уақытта немен шұғылданады?

( мектептің атауы )

Ата-аналар жиналысының

х а т т а м а с ы



Сынып :

Күні:

Қатынасқан – ата-ана.



Күн тәртібінде :

1.Миға шабуыл. Сәлемдесу тренингі

2. ІІІ-тоқсан білім қорытындысы

3. Ата-аналарды топқа бөлу

4. Топқа тапсырмалар беру (постер қорғайды)

5. Ситуациялық сұрақтар

6. «Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» әдісі

7. Қорытынды: Рефлексия.



Ата -аналар жиналысы «Миға шабуыл» әдісі негізінде басталды. «Қара жәшік » әдісі арқылы ата-аналар өз бойындағы нетгативтерін , жаман қасиеттерін қара жәшікке салып , бір- бірімен «Сәлемдесу» тренингі арқылы амандасты.Кейіннен сынып жетекшісі ІІІ – тоқсан білім қорытындысымен таныстырды.Ата-аналарға әрбір бала туралы білімі , тәртібі , қызығушылығы туралы сынып жетекшісі баяндап берді.Одан кейін балаларының суреті бойынша тауып ата анасы топқа бөлінді. Екі топқа сұрақтар берілді , сол арқылы ата-аналар өз ойларын ортаға салды.Кейін ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Балалары туралы сауалнама толтырды..«Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» әдісі негізінде сұрақтарға жауап берді.Жиналыстың қорытынды бөлімінде шығу парағын толтырды.



Қаулы:

1.Ата-аналардың мектеппен байланысы үнемі қадағалансын..

2.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үнемі назарда ұсталсын.





Сынып жетекшіісі:

Ата-аналар комитетінің төрайымы :

Хатшы:







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!