Материалдар / Ата -аналарға ұлттық тағам мәдениеті туралы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата -аналарға ұлттық тағам мәдениеті туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты тамақтану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2023
286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Байқаудың атауы: «Ата-аналарға ұлттық тамақтану мәдениеті туралы»

Оқушылар және олардың ата-аналарымен ұлттық тамақтану мәдениеті туралы жүргізілетін сабақтардың әдістемелік құралы


Автордың аты – жөні:

Атымтаева Калдыгуль Каримолдаевна

Астана қаласы «М.Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназия»

Аманат көшесі, 5

Лауазымы:бастауыш сынып мұғалімі

Ұстаздың мекенжайы, электронды поштасы, телефон нөмірі

Атымтаева Калдыгуль Каримолдаевна

Нұр – Сұлтан қаласы, Мұстафина 21/5

электронды поштасы: atymtayeva_k@mail.ru87781747253

«Дұрыс тамақтану туралы әңгіме » бағдарламасындағы жұмыс өтілі 1-жыл

Автор қолданатын бағдарламаның бөлігі: «Дұрыс тамақтану формуласы»






















Автор қолданатын бағдарлама тақырыбы: «Ата-аналарға ұлттық тамақтану мәдениеті туралы»


Байқауға ұсынылған жұмыс қай жастағы оқушыларға арналған: ата-аналар, 7-8 жас


Байқау жұмысының ұйымдастыру нысанының (нысандарының) атауы:

әдістемелік құрал


Байқау жұмысы қайда жүзеге асырылды: сыныптан тыс жұмыс



Қандай білім беру және тәрбие міндеттерін шешуге мүмкіндік береді:


Әдістеменің міндеттері:

- ұлттық тамақтану мәдениеті туралы түсініктерді дамыту;

- салауатты тамақтану мәдениетін, ұлттық мәдениетті құрметтеуді, басқа ұлттық мәдениеттерге құрметпен қарау;

- педагогикалық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салты мен ұлттық тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастыру үшін отбасында қолайлы ортаны ұйымдастыру;

- ұлттық тағам мәдениетінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру ортасын ұйымдастыру, ата-аналар арасында педагогикалық мәдениетті қалыптастыру;

- мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру мәселелерінде

ата-аналардың білімін арттыру.

Байқау жұмысының жаңалығы мен бірегейлігі:

Бұл оқу құралы коучинг түрінде өткізілетін теориялық және практикалық сипаттағы 5 сабақтан тұратын курсты қамтиды. Әр сабақ 2 сағаттан тұрады. Барлығы: 10 сағат. Курстың бесінші сабағы қорытынды болып табылады. Ол сынып жетекшісіне жобаны ұйымдастыру қаншалықты сәтті болғанын анықтауға көмектеседі.

Жоба алынған дағдылар мен іскерліктерін өмірде қолдануға, сондай-ақ жобаның барлық қатысушылары: мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасында тамақтану мәдениетін дамыту бойынша одан әрі жұмысты болжауға мүмкіндік береді.





Мазмұны

I. Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------------4

II. Негізгі бөлім------------------------------------------------------------------------------ 6

Сабақ әзірлемелері

1-сабақ. Ұлттық тамақтану мәдениеті------------------------------------------------------7

2-сабақ. Қазақтың ыстық тағамдарының ерекшеліктері------------------------------8

3-сабақ. Сүт өнімдері және олардың ағзаға пайдасы----------------------------------10

4-сабақ. Шайға арналған тағамдар және олардың пайдалы қасиеттері-----------11

5-сабақ. Жобаларды бірлесіп қорғау-----------------------------------------------------12

III. Пайдаланылған дереккөздердің тізімі-----------------------------------------------15

IY. Қоcымша--------------------------------------------------------------------------------- 16



































Кіріспе

«Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектептің «Ұлттық тағам мәдениеті және БІЗ» жобасына ата-аналарды тарту мақсатында «Ата-аналарға ұлттық тағам мәдениеті туралы» әдістемелік құрал әзірленді.Аталған құралды әзірлеуге түрткі болған мәселе-мектеп оқушыларының дұрыс тамақтанбай,түрлі ауруларға шалдығуы.Ал тамақтану отбасынан басталатындықтан,бұл жобаға ата-аналарды тартуды жөн көрдім.

«Ата-аналарға ұлттық тамақтану мәдениеті туралы» әдістемелік құрал сынып жетекшілеріне балалардың ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға арналған.

Мектептегі жұмысымыздың жүйесін қалай құрдық?

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы негізінде біз мектепте үш бағыт бойынша «Ұлттық аспаздық мәдениет және біз» жобасын іске қосқымыз келеді.

Барлық үш бағытты бір уақытта жүргізу ұсынылады.

Бірінші бағыт «Ұлттық тамақтану мәдениеті және балалар», бұл оқушылармен факультатив бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Екінші бағыт – «Ұлттық тмақтану мәдениеті және ата-аналар» – аталған Бағдарлама аясында ата-аналарға дәріс, кездесулер өткізу.

Үшінші бағыт – «Біздің күшіміз-бірлікте» ата-ана, бала және мектептің бірлескен жұмысы.

Күтілетін нәтиже: ата-аналар мен балалардың ұлттық мәдениет туралы түсініктері қалыптасады. Жоба барысында алған білім, дағдылары өмірде қолданылады. Үрдіске қатысушылар ұлттық тамақтану мәдениетін дұрыс тамақтанудың негізі екенін біледі. Сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдары арқылы халықтың салт-дәстүрімен, тарихымен, мәдениетімен танысады.

Отбасы – тәрбиенің негізі. Ал ата-аналардың салауатты тамақтанудың педагогикалық және ұлттық мәдениеті мәселелерінде сауатты болуы және процестің белсенді қатысушылары болған жағдайда ғана жобаның табысты болуы шарт.

Әдістемелік құралдың мазмұны ата-аналар жиналысында, дәрісханаларда жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл оқу құралы коучинг түрінде өткізілетін теориялық және практикалық сипаттағы 5 сабақтан тұратын курсты қамтиды. Әр сабақ 2 сағаттан тұрады. Барлығы: 10 сағат. Курстың бесінші сабағы қорытынды болып табылады. Ол сынып жетекшісіне жобаны ұйымдастыру қаншалықты сәтті болғанын анықтауға көмектеседі.

Жоба алынған дағдылар мен іскерліктерін өмірде қолдануға, сондай-ақ жобаның барлық қатысушылары: мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасында тамақтану мәдениетін дамыту бойынша одан әрі жұмысты болжауға мүмкіндік береді.

Сабақтарды әр тоқсанның басында өткізген тиімді.

Бұл нұсқаулықпен мұғалімдер де, сынып жетекшілері жұмыс істей алады.

Мақсаты: ата-аналарға педагогикалық мәдениетті, ұлттық мәдениетті және аспаздық дәстүрлерді зерделеу мен сақтауға дайындығын қалыптастыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

- ата-аналар арасында ұлттық тағам мәдениетіне негізделген педагогикалық мәдениет пен салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру;

- дұрыс тамақтанбау себептерінің бірі болып табылатын балалар денсаулығының проблемасына ата-аналардың назарын аудару;

-ата-аналарда салауатты өмір салты мен үйде тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастыру үшін ортаны ұйымдастыру қабілетін дамыту;

-ата-аналар мен балаларды қазақтың ұлттық аспаздық мәдениетімен таныстыру;

- отбасындағы этномәдени тәрбие мәселелерін шешуге ата-аналарды тарту.

Мәселе: балалар мен ата-аналарда қазақтың ұлттық тағамдары дұрыс тамақтанудың қайнар көзі екендігі туралы ақпарат жоқ.

Өзектілігі: теңдестірілген тамақтанудың болмауы, дұрыс тамақтанбау салдарынан балалар ауруларының өсуі.

Зерттеу нысаны: оқушылармен өткізілетін сабақтар кешенінде ата-аналарға арналған тренингтік әдіс пен коучинг курсын ұйымдастырудың тиімділігі және процеске барлық қатысушылардың бірлескен әрекеттері.

Зерттеу пәні: процеске қатысушылардың іс-әрекетінің тиімділігі.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: тренингтер, коучингтер.

Практикалық маңыздылығын бағалау.

Бастауыш мектеп оқушылары ең жоғары оқу қабілетімен және педагогикалық әсерлерге бейімділігімен сипатталады. Бұл кезеңде білім, білік, дағды, мінез-құлық тәсілдері, қалыптасып келе жатқан мінез-құлық қасиеттері ерекше күшті және жеке тұлғаның одан әрі дамуының негізі болып табылады. Бұл іргетастың бір бөлігі – ұлттық мәдениетпен танысу. Оның құрамдас бөлігі – ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыру арқылы жас ұрпақтың денсаулығын сақтау.

Қазіргі ақпараттық кеңістік адамға қажетті біліммен қарулануға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Жүйелі және кешенді тәсіл қажет. Мақсатты түрде ұйымдастырылған

педагогикалық процесс қатысушыларға ақпаратты саналы түрде қабылдауға және оны

өмірде іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Өмірмен байланысты білім ғана табысты болады.

Ата-аналар балаларымен бірге отбасылық тағам мөлшерін саналы түрде қалыптастыруды үйренеді, оларда ұлттық аспаздық мәдениет мәселелеріне белгілі бір көзқарас қалыптасады, олар өз тәжірибесі арқылы балалардың бойына сіңіреді.

Мектепте дұрыс тамақтану туралы білім мен дағдыларды меңгерген балалар бұл білімдерін үйде, ата-аналарымен бірге іс жүзінде бекітеді. Ата-аналар өз кезегінде ұстаздармен бірлесіп, мақсатты түрде әрекет етеді. Курс ата-аналар мен балалардың мәселеге көзқарасын, оған деген көзқарасын көрсететін бірлескен жобаларды қорғаумен аяқталады, курстардың оқу нәтижелері де көрініс табады. Нәтижесінде ортақ мақсатты көздейтін екі жақты процесс ұлттық аспаздық мәдениетті қалыптастыруда белгілі нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Таңдалған тақырыптың негіздемесі

Құндылықтарды қайта бағалау жүріп жатқан шақта ұлттық тамақтану мәдениеттің ерекшеліктерін білмеуден балалар да, ересектер де «зардап шегеді». Сондықтан ұстаздар мен ата-аналар бала бойына ұлттық тамақтану мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметті мүмкіндігінше ерте ояту керек. Ол біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

Халқымыздың озық дәстүрлеріне, оның ежелден келе жатқан тамырына қайта оралу қажет. Ол үшін балалардың да, ата-аналардың да ұлттық тамақтану мәдениетін тәрбиелеу жұмысының жүйесін әзірлеу қажет болды. Сондықтан ата-аналарға арналған курстар ұйымдастыру қажеттілігі туындады.

Сабақтардың әзірлемесі, олардың сипаттамасы, әрекет ету принциптері.

Ата-аналармен өткізілетін курс салауатты тамақтану мектеп бағдарламасының бөлігі болып табылады. Әрбір сабақ ақпараттық және практикалық бөлімнен тұрады. Сондықтан коучингтік әдіспен тренингтер түрінде сабақтар өткізу сіздің мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі. Ата-аналардың материалды қабылдау және меңгеру деңгейін анықтау үшін әр сабақта үй тапсырмасы беріледі. Бұл ата-аналарға алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға, тиісті қорытынды жасауға және нақты қадамдар жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, курс ата-аналарға тамақтану мәдениеті ұғымын меңгеруге, ас мөлшерін(рацион) дұрыс ұйымдастыруды үйренуге және балалардың тамақтану

мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектепте дұрыс тамақтану туралы білім мен дағдылармен қаруланған балалар бұл білімдерін үйде ата-аналарымен бірге бекітеді. Ата-аналар өз кезегінде ұстаздармен бірлесіп, мақсатты түрде әрекет етеді. Нәтижесінде ортақ мақсатты көздеген үш жақты процесс тамақтану мәдениетін қалыптастыруда белгілі нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.

Коучинг әдісімен 5 тренинг әзірлемесі (әрқайсысы 2 академиялық сағат)

1-САБАҚ

Тақырыбы: Қазақтардың ұлттық тамақтану мәдениеті.

Мақсаты: ата-аналарды ұлттық тамақтану мәдениеті мәселелеріне тәрбиелеуге және дұрыс тамақтану арқылы балалардың денсаулығын сақтауға ықпал ету.

Міндеттері:

Денсаулық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде балалардың дұрыс тамақтануының маңыздылығы туралы ата-аналардың түсініктерін қалыптастыру.

Ата-аналардың бала денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Жиналыс жоспары:

1. Қазақтың ұлттық тағамдарының даму тарихы.

2. Қазақтың ұлттық тағамдары

3. Технологиялық бөлім.

4. Тағамды дайындау мен безендірудің рецептін, технологиясын жасау.

5. Тамақтың калориясын есептеу және тағамдардың технологиялық картасын жасау. Деректер сипаттамасы және энергетикалық құндылығы

Жиналыс барысы.

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Жобаның, курстың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

(Барлық ата-аналар шеңбер түрінде ортаға ауыстырылған партаға отырады.)

2. Тақырыптың өзектілігі

Бұл тақырыптың өзектілігі – халықаралық қатынасты дамыту мен нығайтуға шығармашылық бағытталу. Біздің заманымызда әртүрлі ұлт пен дін өкілдерінің арасындағы толеранттылық мәселесі өзекті болып отыр. Қазақтың ұлттық тағамдарында халықтың жан дүниесі, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі көрініс тапты. Ежелден қазақ халқының ең ерекше қасиеті қонақжайлылық болған. Қадірлі қонақты жылы қарсы алып, ең құрметті орынға отырғызып, үйдегі бар жақсылықты сыйлады.

2. Негізгі бөлім.

1. «ИӘ/ЖОҚ» әдісі.

Әдістің мақсаты: қатысушылардың мәселеге көзқарасын, ұстанымын, алдағы жұмысты болжау үшін ақпаратты білу деңгейін анықтау.

Әдісті өткізу: қатысушылар сыныптың ортасында бастапқы орындарында тұрады. Олардың оң және сол жағында «ИӘ/ЖОҚ» пікірлері бар.Мұғалім сабақтың тақырыбына қатысты мәлімдемелерді оқиды. Қатысушылар өздері келісетін позицияға ауысады.

Мәлімдеме:

- Ұлттық мәдениеттің не екенін жақсы білемін;

-Ұлттық аспаздық мәдениеттің не екенін білемін;

- Ұлттық тағам мәдениетінің негізі – дұрыс тамақтанудың негізі;

- Қазақ халқының аспаздық дәстүрлерін білемін;

-Қазақтың тағам мәдениетін білгім келеді;

-Ұлттық тағам мәдениеті отбасылық рационымызға айналады;

- Ұлттық тағамдарды жаңғырту қажет;

- Үйдегі негізгі тағам-ұлттық тағам.

Бұл әдістеме бойынша мұғалімнің қорытындылары және одан әрі жұмыстың мақсатын анықтау

2. «Джигсо» әдісі. Топтық жұмыс.

Мақсаты: ұлттық тағамдардың даму тарихы, қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктері, ыдыстарды дайындау және безендіру технологиясының дамуы, деректердің сипаттамалары және ыдыстардың энергетикалық құндылығы туралы мәліметтерді зерттеу.

Әдісі: топ мүшелерін 1,2,3,4 деп санау арқылы төрт топқа бөлу. (№1 бір топқа, №2 екінші топқа және т.б.). Жұмыс топтарында белгілі бір мәліметтер зерттеледі. Содан кейін осы ақпаратпен барлығы бастапқы топқа оралады және топтың басқа мүшелерін олардың мәліметтерімен таныстырады. Нәтижесінде аз уақыт ішінде үлкен көлемдегі ақпарат алып,тақырыпты игереді.

Жұмыс топтарына арналған тапсырмалар:

1-топ – ұлттық тағамдардың даму тарихы туралы мәліметтерді меңгерту;

2-топ – қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктері туралы;

3-топ - тағам дайындау және безендіру технологиясын әзірлеу,

4-топ – тағам түрлерінің сипаттамасы мен энергетикалық құндылығы.

Бастапқы топтардағы ақпаратты қорытындылау.

«Джигсо» әдісінің қорытынды бөлімі «Бір сөз» бойынша әр топтан қорытынды шығару. Шығару сұрақтарының негізі:

-Зерттелген мәліметтерден кейін дұрыс тамақтанудың бастауы ұлттық тағам мәдениетінде жатыр деп ойлайсыз ба?

-Сіз ас мәзіріне қосуға және оны үйіңізде тамақтану мәдениетіне айналдыруға дайынсыз ба?

Бір сөйлемдегі рефлексия.

Үй жұмысы:

-бүгінгі сабақты ескере отырып, жаңа рационды талқылау;

- отбасы мүшелерін ұлттық тағам мәдениеті туралы ақпараттандыру және отбасы мүшелерінің ұлттық тағам мәдениетімен байланысты жаңа рационды қабылдауға дұрыс көзқарасын қалыптастыруға көмектесу;

-ұлттық тағаммен отбасылық фоторепортаж.

2-САБАҚ

Тақырыбы: Қазақтың ыстық тағамдарының ерекшеліктері.

Мақсаты: тағамның дайындалу ерекшелігімен, оның калориялылығымен, тағамдық құндылығымен танысу; осы тағамға байланысты дәстүрлерді оқып үйрену.

Кездесу жоспары:

1. Қазақтың ұлттық тағамы.

3. Технологиялық бөлім.

4. Тағамды дайындау мен безендірудің рецепті, технологиясын жасау.

5. Тағамның калориясын есептеу. Деректер сипаттамасы және энергетикалық мәні

Кездесу барысы:

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Жобаның, курстың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

2. Тақырыптың өзектілігі: қазіргі үй шаруасындағы әйелдерге, әсіресе жұмыс істейтін әйелдерге ыстық, атап айтқанда, бірінші тағамдарды (сорпалар) дайындау, уақыт табу қиын. Ал қазақтың ұлттық тағ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!