Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ата -аналармен дөңгелек үстел
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Бала отбасының-айнасы»-дөңгелек үстел
Мақсаты: Ата-аналар арасында бала тәрбиесіне қатысты пікір таластыра отырып,
балаға деген махаббаттың күшін сезіндіру. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырумен қатар, отанға,туған еліне деген патриоттық, сүйіспеншілік қарым- қатынасты нығайту.
Түрі: Дөңгелек үстел
Қатысушылар: Ата-аналар
Қажетті құрал-жабдықтар: жылулық сыйлайтын жүрекше,
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар!
«Не ексең сол шығады, әрі мол шығады» деп әйгілі, атақты Ғабиден Мұстафин айтқандай, бала- отбасының айнасы. Демек, баланы отбасынан тануға болады, яғни ата-анасың бір- бірімен, ата-анасының баласымен қарым қатынасы қандай екенің өз көзқарасынды қалыптастыруға болады.
-Міне, бүгін
мен сіздермен, «Бала -отбасының айнасы» тақырыбында дөңгелек
үстелді өткізгелі тұрмын.
Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне
шақырамын.
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
-Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің балабақшамыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
1.Танысу:Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Самалмын . Ал, мен ақкөңіл Нұржамалмын... Олай болса барлығымыз алдымызда тұрған мына үш түсті есікті таңдап,орнымызға жайғасайық.
2. «Үш түсті –үш есік» -ата-аналарды дөңгелек үстел басына жайғастыру.
Құрметті ата-аналар бұл түсті есіктер жәй ғана есік емес, әр түсті есіктің сіздерге айтар өз кеңесі бар.
Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар түрлі идеяларға толы жандар. Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыздар.
Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз. Балаға қатал талап қоясыз. Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіздер.
Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз. Бала тәрбиесіне жиі көңіл бөлгеніңіз дұрыс деп кеңес береміз.
3. Ата-аналар арасында пікірталас,ой салу
Ата-ана бала үшін үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан ата-аналар мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр. Әрбір ата-ана өз ойларын ортаға салып,пікірлерін білдірсе деймін.
1.«Баланың өскенде жақсы,өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенде сіздің пікіріңіз?
2.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде балабақша жауапкершілігі басым ба?
3. -Елбасы жыл сайынғы өзінің жолдауында жастардың патриоттық тәрбиесіне баса назар аударады.Елбасының тапсырмасымен 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.
- Отбасында баланың өз отанын сүюге,туған жерге деген патриоттық сезімін ояту мақсатында осы «Мәңгілік ел»- идеясына көзқарастарыңыз қандай?
4. Ойын: «Адамгершілік - жылы
жүректен»
Бала - ата - ананың жастық шағының айнасы. Баланың әр қимылынан кей
кездерді өзіміздің де бейнемізді сеземіз. Себебі ол біздің бауыр
етіміз, өн бойына өз жылуымыз бен қаталдығымызды құйып, баптап
отырған гүліміз.
- Олай болса, құрметті ата - аналар, адамгершілік қағидаларын бала
жүрегіне қалай сіңіреміз. Өз ойымызды мына тілшелерге жазып, бала
жүрегіне апаратын жол жасайық.
(Ата - аналарға тілше қағаздар үлестіріледі. Ата - аналар өз
ойларын үлкен жүрекшеден тақтада ілулі тұрған баланың бейнесіне
қолдарындағы тілшелер арқылы жол табады.)
5. Дидактикалық ойын: «Отбасылық махаббат үйі»
Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй өз отбасынды жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.
Олар: парасаттылық, тапқырлық,махаббат,достық, түсінушілік.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсыздар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз. Ойлануға бір екі минут беріледі.
1.«Парасаттылық» кірпіші
Ұстаз бен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты айту.
2.«Тапқырлық» кірпіші
«Тәрбие» сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
3.«Махаббат» кірпіші
Мимика жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізе көрсетіңіз.
4. «Достық» кірпіші
«Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы
5. «Түсінушілік» кірпіші
«Отбасы»-сіз үшін қандай мағына береді?
Мысалы:Менің ойымша отбасы - сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
6. Қорытындылау.Үйіміз дайын,төртбұрыш ішіне баланың бақытты көңіл күйін жапсыру. Менің ойымша отбасы - бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.
5. «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық. Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді. Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы. Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайлы болғаны.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
6. Ситуациялық жағдаяттарды
шешу.
1.
«Әйеліңе балаң
жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. -- Сіз
ақылды қалай айтасыз?
2.
Балаңыз
балабақшада тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып
алуыңызға байланысты оны басқа балабақшаға ауыстырдыңыз. Басқа
балабақшада балаңыздың мінезіне өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай
емес, ашуланшақ,тұйық. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе
айта қоймады.
-Енді не
істейсіз? Сіздің
әрекетіңіз?
3.
Баламен сөйлесе
білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын
көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай
ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар
көп.
-Сіздің балаңыз
да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ,
әлде елеусіз қалдырасыз ба?
4.
Сізге
балабақшадағы тәрбиешілерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады»
деген бірнеше шағым айтылды.Тағы көрші ата - аналардан да «біздің
баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді
дейік.
- Не істейсіз?
Балаңызды қалай
тәрбиелейсіз?
5.
Кейбір ата -
аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіңе көңілі толмай:
«Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып жататынын
байқаймыз. ----Бала іс –
әрекетіне теріс баға беруге қалай
қарайсыз?
6. Сіз баламен балабақшаға қабылдау уақытынан кеш келдіңіз,тәрбиеші сіздің балаңызды қабылдаудан бас тартты.
-Бұл жағдайда сіз тәрбиешіге не айтар едіңіз?
7.Тренинг:
Енді ата-аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ «демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш,енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма,әлде діңгегі ма,әлде жапырағы ма?
Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді. Ал,енді ата-аналар тамырлар бір бөлек,жапырақтар бір бөлек,діңдер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар соны тобынызбен келісе отырып бір келісімге келіп,бір топтан бір адам шығып қорғайсыздар.Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқ емес, психологиялық сәйкестік.Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты, біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты,әсемдікті,ұқыптылықты қалайтындар.
Енді ата-аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»-тамырды, «діңгек тобы»-діңгекті, «жапырақ тобы»-жапырақты саламыз. Ұстаздарыңызға деген талап-тілектеріңізді «тамыр тобы»-тамырға, «діңгек тобы»-діңгекке, «жапырақ тобы»-жапыраққа жазыңыздар. Осы ағаштың тамыры-ата-ана,діңгегі –тәрбиеші,жапырағы –балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып,діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді. Сол жемісіміздің қызығын көру мақсатында себеттен алмаларды алып,өз балаларыңызға тілек жазып,ағаштың жеміс беруіне қол ұшын берейік.
8. Қорытындылау. Тренинг:«Тілек шамы»
Мақсаты: дөңгелек үстел туралы пікірлерін ортаға салу.
-Міне, қоштасатын да сәт жетті. Отбасы ұшқан ұя-жылылықтың жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәні терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенің сеземіз.
Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір бірімізге тілек айта отырып, жүргізейік.
Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!
Павлодар облысы
Шарбақты ауданы
«Балдәурен» сәбилер бақшасы
«Бала-отбасының айнасы»
Дөңгелек үстел ата-аналармен
Дайындаған: Жумабекова Г.Г.