Материалдар / Ата -әулеттің тірегі, әже -ұрпақтың жүрегі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата -әулеттің тірегі, әже -ұрпақтың жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар күніне орай өткізілген рухани кеш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2018
4722
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Бейнеу лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген



«Ата- әулеттің тірегі, әже-ұрпақтың жүрегі»рухани кештің жүрісі









Жүргізген: ДТЖО Г.Ажибаева















2017 жыл





«Ата-әулеттің тірегі, Әже- ұрпақтың жүрегі» рухани кешЖүргізген: Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы «Бейнеу лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлназ Әжібаева Айтжанқызы Мақсаты: Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.Түрі: Пікір алмасу Әдісі: Ой қозғау, әңгімелесу Болатын уақыты: 14.09.17жКеш қонақтары: ардагер ата-әжелер мен үлкен қарт кісілерЖүргізуші. Дүниеге келер бір рет Дария кеуде, тау мүсін Құрыштан соққан құдірет Қарттарым аман саумысың? - Отбасы күні мен Қарттар күні мерекесіне қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар! Жүргізуші: Үлкенін сыйлау, қариясын құрметтеу- біздің ұлттық дәстүріміз. Қазақ қоғамында қарияларға деген қамқорлық қашанда ерекше болған. Өйткені қарт адам қашанда шежіреші, үлгі-өнегенің, тәлім- тәрбиенің, көрегендіктің қамқоршысы. Қарияң тұрғанда ақыл-ойың да тәжірибең де, сана сезімің де кем болмайды. Өскелең ұрпаққа өнеге болар қарттарымыз қашанда аман сау жүрсін!.Жүргізуші: Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі- оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі. Олай болса, бүгінгі «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Ата-әулеттің тірегі. Әже- ұрпақтың жүрегі» атты рухани кешті бастауға рұқсат етіңіздер!Жүргізуші: Қадірлі қонақтар, Сіздердің көңіл –күйлеріңіз жақсы ма? Балалармен кездесуге дайынсыздар ма? Кешіміз тек сыр-сұқбат түрінде емес, сіздер үшін қызықты ойындар мен балалардың қояр әр түрлі сұрақтары, тапсырмалар болмақшы. Балалар, сондай-ақ кеш соңында оқушылар қойған сұрақтың ең жақсысына қонақтардың берер тосын сыйы бар, әзірге құпия .Жүргізуші: Кешіміздің бет ашары ретінде жас әншілеріміз ағалы-інілі Мейрамбек пен Асқарды «Ата-әже» әнімен шақырамын.Жүргізуші:Неткен шіркін уақыт десеңші, ортамызда отырған қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Аса құрметті ардагер ата-әжелер, Сіздер қандай да сый құрметке лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.Жүргізуші: Өздерің болса жанымда Ел іші жомарт, еңселіДән иісі жүрген бойында Даланың бір - бір бөлшегі дей келе бүгінгі кешімізге ауылымыздың үлкен қариялары бар ықыласы мен мейірімін төгіп келіп отыр, олай болса ата - әжелермен таныса отыралық.Жүргізуші: Өмірде түрлі тағдыр тауқыметін көріп бейнетін кешіп жүрген жандар болса, ал бірі өмірдің рахатын көріп немере-шөбере сүйіп, қолдарын жылы суға салып отырған қарттарымыз да шүкір, баршылық. Қымбатты балалар алдарыңызда «Өмірден алынған» айдарымен көрініске кезек беремін. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар!Жүргізуші: Осы көрініс арқылы кім қандай пікір айтады? (оқушылар өз ойларын айтады) Әр оқушының пікірінен кейін қарттар өз ойларын айтып, оқушы жауабына сараптама жасайды.Жүргізуші: «Үш бақытым» орындайтын «Жас ұлан» ұйымы ұланбасы М.НұрқуатоваЖүргізуші: Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі тәрбие. Олай болса, қадірлі қонақтарға оқушылардың қояр сұрақтары бар екен...
  • Сіздердің отбасында қалыптасқан дәстүр туралы айтып өтсеңіз?
  • Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?
  • Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кінәлар едіңіздер?
  • Әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?
  • Бақытыңды балаңнан ізде деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?
  • Немере өз балаңнан да тәтті дегенді қалай түсінуге болады?
  • Мақсұт ата, сіз қағазбен ұшақ жасап ойнадыңыз ба, олай болса қағаздан жасап бере аласыз ба?
  • Мырзабай ата, сіз бала кезіңізде қандай оқушы болдыңыз?
  • Туған жер сізге несімен ыстық?
  • Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
  • Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
Жүргізуші: «Жігіт сұлтаны -2017» байқауының жеңімпазы Бердәулет нағашы әжесіне арнап «Әже» өлеңін оқып берейінші дейді, қошемет көрсетейік! Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме? Өзің қарттарды қалай құрметтейсің?Жүргізуші: Қадірлі қонақтар, кезек сіздер үшін жұмбақ ойын жүргізіледі, яғни жұмбақтың жауабын тақтаға суретін саласыздар, салған суретіңіз арқылы оқушылар табуы керек. ( ата-әжелер жұмбақтың жауабы арқылы сурет салады, оқушылар табады)Жүргізуші: Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Жүргізуші: «Бабаларым, рахмет сендерге!Балаларым болмасын деп бос кеуде,Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,Өмірге мен мылқау болып енгендеБабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.Жүргізуші: Құрметті де ардақты қонақтар, біздің сіздерге берілген сыр сұхбатымыз аяқталып қалды. Бағанадан бері әр түрлі сұрақтар қойылды. Сол сұрақтардың ішінен өздеріңізге ой салған немесе ұнаған сұрақтар болса сұрақ иесіне қолтаңбаны жазып, мына қойын кітапшаны беруіңізді сұраймын. Жүргізуші:Қазірге жастар арасында «смайлик» деген сөзді коп қолданады. Әсіресе әлеуметтік желілерде бір- біріне көңіл күйлерін білдіру арқылы смайликтерді жіберіп жатады. Ағылшын тілінде «смайл» - күлкі дегенді білдіреді. Олай болса, сіз осы сұхбаттан алған көңіл күйіңізді, оқушылардан алған әсеріңізді осы смайликтер ішінен біреуін таңдап алып көрсетсеңіздер!Жүргізуші: Ел тыныш, жүріп жатсыз ортамызда Құрметпен қол жаямыз батаңызға «Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер Айналар өмірі үлгі, аты аңызға.Жүргізуші: Енді бүгінгі рухани кездесу кешімізде қадірлі қонақтарымыз бата алып, шарамызды аяқтаймыз. Құрметті аса қадірлі қонақтар, әулеттің тірегі ардақты аталар, ұрпақтың жүрегі асыл әжелер бүгінгі кездесуге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз, мықты денсаулық, отбасыларыңызға таусылмас бақыт тілейміз. Сіздер үшін немере-шөберелеріңіздің дайындаған сый-сияпаттарын қабыл алыңыздар! Қорытынды сөз лицей директоры Сағатбек Орынғалиұлына сөз беремін.

Соңы

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!