Материалдар / "Ата-ана - бала тәрбиесінің айнасы" ата-аналарға арналған психологиялық семинар-тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ата-ана - бала тәрбиесінің айнасы" ата-аналарға арналған психологиялық семинар-тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған семинар-тренинг
Авторы:
18 Маусым 2024
237
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«АТА-АНА - БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ АЙНАСЫ» АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГТІҢ САБАҚ ӘЗІРЛЕМЕСІ

Разакова Айнура Тайбековна

Педагог-психолог, педагог-эксперт

«Б.Момышұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Семей қаласы Абай облысы


Мерзімі

29.11.2023ж

Қатысушылар

Абай облысы, Семей қаласы, «Б.Момышұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебінің» 7 сынып оқушылары

Жүргізуші

Мектеп психологы Разакова А.Т.

Тақырыбы

«Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы»

Жұмыс түрі

Ата-аналарға арналған семинар-тренинг

Мақсаты

Ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін арттыру, өзінің және өзгенің даралығын бағалау, отбасында оқушыға жағымды психологиялық жағдай туғызу, ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту.

Күтілетін нәтижелері

Берілген ақпараттарды ойлана отырып талқылауға, өмірде қолдана алуға үйрету.

Ата-ана мен бала арасында өзара сенімді, жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.

Бір-бірін құрметтеу.

Мәселені бірлесіп шешуге талпыну.

Қажетті құрал жабдықтар

интернет желісі қосылған смартфон немесе компьютер, қағаз майлық, қағаз беті, қалам, бір стақан су, бір шымшы тұз, бұрыш, топырақ.

Сабақ барысы

Психологтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық ахуал. Сәлемдесу.

Жақсы көңіл-күймен сабаққа қатысушыларды қарсы алып, «Амандасу» жаттығуы жүргізіледі.

Қатысушылар жаттығуға қатысып, бір-бірімен амандасады. Көңіл күйлері көтеріліп, бір-біріне сәттілік тілейді.

Тренинг тақырыбы жайлы түсінік беру

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан кез келген ата-ана баласының білімді, әдепті болуын өсуін армандайды.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді. 
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. 
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да: 
«Ана – үйдің берекесі, 
Бала үйдің – мерекесі. 
Бұтағымен ағаш сымбатты, 
Ұрпағымен адам қымбатты. 
Бала болсаң балғындай бол. 
Айналаңа қорғандай бол» -деген 
қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. 
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы.

Сондықтан да бүгінгі семинар-тренинг барысында ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту жолдарын қарастырып, ата-аналық махаббаттың бала өміріндегі рөлі туралы сөз қозғаймыз.

Қатысушылар кикілжің, дау-дамай, қақтығыс туралы алғашқы түсініктері қалыптасады.

«Ащы пияз»

қазіргі заман аңызы.


«Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп датты, менің олардың тәттілік-компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Мен оларлың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейіімді, жібектей балалық шақтық уақыты тез өтіп кетті. Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен екен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін. Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрап, көзімен жас кетті. Анам кіріп келіп:

-Неге жылап тұрсың? –деді.

- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар, -дедім.

-Демек оны аз суарған шығар», - деді анам.

Сонда мен бір маңызды нәрсе түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады екен.

Қатысушылар рольге еніп, өз ойларымен бөліседі.

«Майлық» жаттығуы.


Әрқайсыңыз қағаз майлық алыңыздар. Енді менің айтқанымды бұлжытпай бір нұсқаулықпен орындауымыз қажет: Майлықтың оң жақ шетін үзіңіз. Енді ортасынан бүктеп тағы оң жақ шетін үзіңіз. Тағы қайталаймыз. Енді майлықты ашып қараңыз. Не шықты? Бәріңіздікі бірдей ме? Неге бірдей шықпады? Бәріміз бір нұсқауды орындадық қой?

Қорытынды: Біз әртүрліміз. Балалар да әртүрлі. Осыған көз жеткізуіміз керек.

«Мадақтау мен жазалау» сұрақ-жауап жаттығуы.


Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыныз. Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

Ата-ананың балаға қаншалықты деңгейде көңіл бөліп жүргендігі байқалады, талданады.


Тәжірибе жасап көру.


«Балаға сөздің әсері» жаттығуы

Бір стақан су – бұл бала (таза, тұңық);

Тұз – ұрсысу кезіндегі байқаусызда айтылған сөздер;

Бұрыш – баланың намысына тиетін ащы сөздер;

Топырақ – балаға деген немқұрайлылық. Осының барлығын баланың жан дүниесіне салып араластырсақ, ұрыс кезіндегі баланың ішкі жан дүниесін анық көруге болады.


Қатысушылар психологтың айтқан нұсқауымен тжірибе жасап көреді. Нәтижесінде балаға сөздің қалай әсер ететіндігін іс-тәжірибе жүзінде көре алады.

Қимылды ойын, сергіту сәті

«Ашулы шарлар» жаттығуы

Мақсаты: Қиын балалардың агрессиядан шығу жолдары, ренжіген адамыңды кешіру.

  1. Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?

  2. Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма?

  3. Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?

Бұлай қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол қатерлі жол.

Енді қатысушыларға жаңа шарлар беріп үрлеу ұсынылады. Оны байламай ұстап тұрыңыздар. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді шарды жайлап аузынан жарты ауасын жіберіңіздер.

Шар кішірейеді,бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді?

1.Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

Енді қатысушыларға шардағы ауаны толығымен шығару ұсынылады.

1.Бұл нені білдіреді?

Ашудың қауіпсіз жолын табу – әр адамның өз қолында!

Ойынға қатысушылар шарларды үрлеп оларды байлап, шарлар адамның денесін, ал ішіндегі ауа- сезімін бейнелейтінін түсінеді. Қатысушылар аяқтарымен шарды жарады






Қатысушылар жаңа шарларды үрлейді. Оны байламай ұстап тұрады. Шардың жарты ауасын шығарады.


Шардағы ауаны толығымен шығарады.

«Стрессті жеңу жолдары» ой-түйін.


Қазіргі заманғы ата-ана тәрбие үстінде пайда болатын стресстік қысымды алып тастау дағдыларын игеру қажет. Бұл ата-ананың денсаулығын ғана емес, балалардың да денсаулығын сақтауға әсер етеді. Стресспен күресудің әртүрлі жолдары болады. Мысалы:

- Бастысы – күліп жүріңіз. Әр күніңізді қуанышты сезіммен бастаңыз;

- Әрекетте болыңыз;

- Үйде және жұмысыңызда тәртіп болсын;

- Дүкен аралап, өзіңізді жаңа бір нәрсемен қуантыңыз;

- Таза ауада қыдырып, табиғатпен сырласыңыз;

- Бет-келбетіңізге жаңашылдық еңгізіңіз;

- Жұмыстан шыққанда, жұмыс туралы ойыңызды қалдырыңыз;

- Массаж, монша, сауна – демалу мен босаңсудың жақсы құралдары;

- Жаңа бір қызығушылық табыңыз: сурет салу, тоқу, ән айту, тамақ пісіру, т.с.с.

- Қозғалыс, би, музыка – бұл өмір екенін ұмытпаңыз.

Қатысушылар қолдарын кеуде тұсына қойып, оң қол алақанымен сол қол алақанын төмен басады.

Қорытынды,

Рефлексия


Ж.Ж.Руссо «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Олай болса, балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге тырысайық!

«Бір ауыз сөз» жаттығуы.

Қатысушылар сабақ туралы бір ғана сөз таңдап, оны көпшілікке жария етеді. Өз ойларын түсіндіріп береді.

Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады: ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б


Әдебиеттер тізімі

  1. Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге әдістемелік нұсқаулар. Астана 2007. 

  2. Қазақстан республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - Алматы, 2002. 

  3. Горбушина О. П. Психологический тренинг. Секреты проведения. / Практическая психология. – СПб.: Питер, 2008. – 176 с.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!