Материалдар / “Ата-ана, бала, тәрбиеші арасындағы қарым-қатынас дамыту”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Ата-ана, бала, тәрбиеші арасындағы қарым-қатынас дамыту”

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілермен ата-аналарға баламен қандай қарым-қатынас жасаудың жолдарын көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4344
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы Жамбыл ауданы

МКҚК «Жазира» бөбекжай – балабақшасы






Shape1




“Ата-ана, бала, тәрбиеші арасындағы

қарым-қатынас дамыту”





Педагог-психолог: Ораз Баршагуль




Б.Қыдырбекұлы ауылы 2016-2017 оқу жылы

Мақсаты: Жеке тұлғаны қалыптастыруда қоғам, балабақша,отбасы және бала арасындағы қарым-қатынасын, ынтымақтастығы тиімді ұйымдастыру жолдары бойынша іс-тәжірибемен бөлісу.

Міндеттері:

Баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы ата-ана мен тәрбиешінің ролі;

Бала тәрбиесінде ата-ананың баламен дұрыс қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде іске асыру;

Ата-ана мен тәрбиешінің баламен қарым-қатынаста оның жеке басының қасиеттерін, психологиялық ерекшеліктерін байқай отырып, көзқарастарының өзгеруіне ықпал ету.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, плакат, жүрек стикерлері, ленталар.

Әдісі: топтық, ата-аналармен, тәрбиешілермен жұмыс.


Ата-аналық қарым-қатынас дегеніміз – балаға қатысты түрлі сезімдердің іс-әрекет стреотитерінің баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері. Қарым-қатынасты ғалымдар 5 топқа бөлген:
І. “Қабылдау-қабылдамау”;
ІІ. “Кооперация”;
ІІІ. “Симбиоз”
ІV. “Авторитарлық гиперсоциализация
V. “Кішкентай жолы болғысыз адам”



І. “Қабылдау-қабылдамау”

Қабылдау: Бала ата-анаға қандай болса да ұнайды.

Қабылдамау: ата-ана өзінің баласын жаман, табыссыз, бейімсіз деп қабылдайды. Баласына сенбейді және сыйламайды.

ІІ. “Кооперация”

Бұл ата-ана баласын мақтайды, тірлігіне қызығады және қабілетін жоғары бағалайды.

ІІІ. “Симбиоз”

Ата-ана өзін баламен бірбүтін деп санайды. Баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өмірлік қиыншылықтардан қорғауға тырысады. Баланы кішкентай әрі қамқорсыз деп ойлайды.

ІV. “Авторитарлық гиперсоциализация

Ата-ана баласынан сөзсіз бағыну мен тәртіпті талап етеді. Баланы еркінен тыс байлағысы келіп, оның көзқарасымен санаспайды. Баланы қадағалайды, бағынбаса жазалайды.

V. “Кішкентай жолы болғысыз адам”

Баласының қызығушылықтары, ойлары, сезімдері, ата-анасына балалық, шалағай болып көрінеді. Ата-ана баласына сенбейді, оның табыссыздығына іші ашиды.


«Ата-ананың балаға қарым-қатынасын анықтау» диаграммасы


(Сауалнама қосымша бетте көрсетілген)



Тренинг “Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас”


Тренинг барысы


«Бала бейнесі» көрініс


Психолог: ортаға ата-аналарды шақырады. Қатысушылардың біреуіне баланың рөлін атқару тапсырылады. Ата-аналар мен бала арасындағы қарым-қатынасты тыйым сөздер арқылы бейнелеу.

Анасы өзінің сүйікті телехикаясын көріп отыр. Қызы қасына келіп, кітаптағы суреттерді қарап отырып, «анау не?», «мынау не?» деп сұрай берді. Сол кезде анасы «Аузыңды жапшы, мен теледидар көріп отырмын!» деп жауап береді. Баланың «АУЗЫН» лентамен байлаймыз.

Бір күні анасының құрбысы үйіне қонаққа келген еді. Екеуі әнгіме айтып отырды, қызы да қасында ойнап отырды. Бір кезде қызы

  • «Самал тәте деген кім? Неге ол қатты ұрсады?» деп әңгімеге араласа бастайды. Ашуланған анасы:

  • «Үлкендердің әңгімесіне неге араласасын? Естімегенді естисің! Бар бөлмеңе!» - деп дауыс көтеріп, қызына зекиді.

Осы кезде баланың «ҚҰЛАҒЫН» лентамен жабамыз.

Анасы мен қызы дүкенге барады. Қызы дүкендегі заттарды қарап,әр нәрсені алып берші деп анасын мазалайды. Сол кезде анасы :

  • «Көрмегенді көреді екенсің өзің! Келесі жолы ақша болғанда алып беремін»- деп дауыс көтере сөйлейді.

Осы кезде баланың «КӨЗІН» лентамен байлаймыз.

Қызы дастархан басында тамақ ішіп отырады, бір кезде кеседегі шайын төгіп алады. Сол кезде анасы:

  • «Не істедің, кесені дұрыстап ұстамайсың ба? Қолың бар ма өзіңнің?»

Осы кезде баланың «ҚОЛДАРЫН» лентамен байлаймыз.

Қызы үйде жүгіріп ойнап жүреді, абайсызда жаңадан жүріп жүрген кішкентай сіңілісіне соқтығысып, құлатып алады. Сол кезде анасы:

  • «Неге жүгіре бересің?! Аяғыңа қарап жүрмейсің ба?

Осы кезде баланың «АЯҚТАРЫН» лентамен байлаймыз.

Бұл жағдайдан кейін, ата-аналар балаға жылы сөздер айтып, ленталарды шешуі керек.


Жоба қорғау.

Болашақ ата-ана, болашақ бала, болашақ тәрбиеші моделі.


Қатысушыларды ортаға шақырып үш топқа бөліп, әрқайсысына плакат береміз. Топтарға төмендегі тақырыптар бойынша жоба қорғау жүктеледі:

  • Болашақ ата-ана;

  • Болашақ бала;

  • Болашақ тәрбиеші;


Рефлекция.


Жобаны қорғап біткен соң, топтар бір біріне ұсыныстары мен қарсылықтарын айтуы тиіс.



Тренинг “Тілек ағашы”.


Тренингтің барысы

Қатысушыларға ақ қағаз беріледі, оған баласының бойындағы өзіне ұнамайтын қасиетін жазады. Жазып біткеннен кейін, қолымен мыжып, қоқыс жәшігіне тастау ұсынылады.

Түрлі түсті жүрекше стикерлер таратылып, сол стикерге баласының бойындағы жақсы қасиеттерін жазып, тілек ағашына жабыстырады.


Балаға болашақта жақсы өмір тілейік,

Ол үшін талабымызды ине етіп,

Ниетімізді түйме етіп,

Арманымызды кеме етіп,

Жүрейікші жамандықты күйретіп! – дей келе бойымыздағы жаман қасиеттерден арылып, болашақтың іргесін бірге қалайық, қымбатты қонақтар, психологтар және ата-аналар!



Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы

(А.Я.Варга, В.В.Столин)

Ата-ананың қарым-қатынасының тест-сауалнамасы – бұл психодиагностикалық құрал, ол балаларды тәрбиелеу және олармен қатынасу сұрақтарымен психологиялық көмек сұрап келген адамдардың ата-аналық қарым-қатынасын айқындауға арналған.

Ата-аналық қарым-қатынас дегеніміз, балаға қатысты түрлі сезімдердің, іс-әрекет стереотиптерінің, баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері.

Сауалнама құрылымы:

Сауалнама 5 шәкілден тұрады.

І. «Қабылдау – қабылдамау». Шәкіл балаға интегралды сезімдік қарым-қатынасты білдіреді. Шәкілдің бір полюсінің мазмұны: бала ата-анаға қандай да болса ұнайды. Ата-ана баланың даралығын сыйлайды. Ата-ана баламен көп уақыт өткізуге тырысады, оның қызы,ушылықтары мен жоспарларын мұқулдайды. Шәкілдің екінші полюсында: ата-ана өзінің баласын жаман, табыссыз, бейімсіз деп қабылдайды. Бала өзінің қабілетінің төмендігінен, ақылының аздығынан, бейімділігінің жамандығынан өмірде табысқа жетпейді деген сенімде. Көп жағдайда ата-ана баласына ашу, ыза, реніш сезімдерімен қарайды. Баласына сенбейді және сыйламайды.

ІІ. «Кооперация» - ата-ананың қарым-қатынасының әлеуметтік-қалаулы бейнесі. Бұл шәкілдің мазмұндамасы мынада: ата-ана баласының тірлігіне және жоспарларына қызығушылыөпен қарайды, оған барынша көмек көрсетуге тырысады, жаны ашиды. Ата-ана баланың зияткерлік және творчестволық қабілеттерін жоғары бағалайды, баласын мақтан тұтады. Баласының тәуелсіздігін және ынтасын мадақтайды, онымен бірдей болуға тырысады. Ата-ана баласына сенімді, талқылау сұрақтарында оның көзқарасымен көруге тырысады.

ІІІ. «Симбиоз» - шәкіл баламен қатынастың жеке аралық қашықтықты айқындайды. Бұл шәкілде жоғары балдар жиналса, ата-ана баласымен симбиотикалық қарым-қатынаста деп есептеуге болады.

Бұл тенденцияға мынадай мазмұндама беріледі: ата-ана өзін баламен бір бүтін деп санайды, баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өмірлік қиыншылықтар мен реніштерден қорғауға тырысады. Ата-ана баласы үшін үнемі қорқып отырады, баланы әлі кішкентай және қорғаныссыз деп көреді.

Бала өсе келе жағдайларға байланысты тәуелсіздікке үйрене бастаған кезде ата-ана үрейі жоғарылай бастайды, өйткені ата-ана балаға ешқашан өздігінен тәуелсіздік берген емес.

IV. «Авторитарлық гиперсоциализация» - баланың іс-әрекеттерін бақылаудың түрін және бағытын айқындайды. Бұл шәкілде жоғары бал жиналса, ата-ананың қарым-қатынасында авторитаризм байқалады. Ата-ана баласынан сөзсіз бағыну мен тәртіпті талап етеді. Балаға өзінің еркін байлағысы келеді, ал оның көзқарасын аңғармайды. Баланы өз еркін танытқаны үшін жазалайды. Ата-ана баласының әлеуметтік жетістіктерін қадағалап жүреді және әлеуметтік табысты талап етеді. Сонымен бірге ата-ана баласының жеке мүмкіншіліктерін, әдеттерін, ой-өрісін, сезімдерін жақсы біледі.

V. «Кішкентай жолы болғысыз адам» - ата-ананың баласын қабылдау мен түсіну ерекшеліктерін айқындайды. Бұл шәкілдің жоғары белгілері ата-ананың қарым-қатынасында баланы инфантилеуге тырысу, өзін әлеуметті түрде дәрменсіз деп есептеуге іс-әрекет жасайтыны байқалады. Ата-ана баласын өз жасынан кіші көреді. Баласының қызығушылықтары, ойлары, сезімдері ата-анасына балалық, шалағай болып көрінеді. Ата-ана баласына сенбейді, оның табыссыздығына әшә ашиды. Осы үшін ата-ана баласын өмірлік қиындықтардан қорғауға тырысады және оның іс-әрекеттерін қатал бақылайды.


Сауалнама «Ата-ананың балаға қарым-қатынасын анықтау»

1. Мен балама әрдайым жаным ашиды.
2. Баламның не ойлайтынын білуім менің парызым.
3. Мен баламды сыйлаймын.
4. Маған менің баламның іс-әрекеттері мөлшерден тыс болып көрінеді.
5. Баланы өмірлік қиындықтардан алысырақ ұстау қажет.
6. Мен балама бейімділік сезімін сезінемін.
7. Жақсы ата-ана баласын өмірлік қиыншылықтардан қорғайды.
8. Менің балам көп уақытта маған ұнамайды.
9. Мен балама көмек беруге тырысамын
10. Қорлық қарым-қатынас балаға үлкен пайда әкелетін жағдайлар да болады.
11. Мен балама өкініш сезімін сеземін.
12. Менің балам өмірде еш нәрсеге қолы жетпейді.
13. Балалар менің баламды мазақ ететін сияқты.
14. Менің балам жеккөрініш сезімін тудыратын қылықтарды жиі жасайды.
15. Өзінің жасына менің балам әлі жетілмеген.
16. Менің балам әдейі жаман қылықтар жасайды, мені ренжіту үшін.
17. Менің балам жаман нәрсенің бәрін өзіне тартып алады.
18. Менің баламды қанша ынталансаң да жақсы үлгіге үйрете алмайсың.
19. Баланы қатты ұстау қажет, сонда одан жақсы тәртіпті адам өседі.
20. Баламның достары үйге келгенін ұнатамын.
21. Баламның өсуінде мен қатысамын.
22. Менің балама барлық жаман нәрсе «жабысады».
23. Менің балам өмірде табысқа жетпейді.
24. Таныстар жиылысында балалр жайында әңгіме қозғалғанда, мен кішкене ұяламын, менің баламның мен ойлағандай ақылды және қабілетті болмағанына.
25. Мен өз баламды аяймын.
26. Баламды оның құрдастарымен салыстарғанда, олар іс-әрекеттерімен де ой-өрісімен де менің баламнан үлкен болып көрінеді.
27. Мен өз баламмен бос уақытымды қуана өткіземін.
28. Мен баламның өсіп ержетіп келе жатқанына өкінемін, оның кішкентай кездерін нәзіктікпен еске аламын.
29. Балама қастық қатынаста екенімді жиі сеземін.
30. Менің балам өмірде мен жете алмаған жетістікрге жетсе екен деймін.
31. Ата-ана баладан тек талап ете бермей, оған бейімделуі қажет.
32. Баламның барлық өтініштерін орындауға тырысамын.
33. Отбасылық шешімдер қабылдағанда баланың да пікірін ескеру қажет.
34. Баламның өмірі мені өте қызықтырады.
35. Баламмен жанжал болған кездерде, оның өзінше рас екенін жиі мойындаймын.
36. Ата-анасының қателесетінін балалар ерте жастан біледі.
37. Мен баламмен үнемі санасамын.
38. Мен балама достық сезімін сеземін.
39. Баламның қыңырлығының басты себебі - өзімшілдік, қырсықтық және жалқаулық.
40. Демалыс күндеріңді баламен өткізсең жақсы дем ала алмайсың.
41. Ең бастысы баланың тыныш және қамсыз балалық шағы болуы.
42. Кейбір кездері баламның жақсы нәрсеге дағдысы жоқ деп есептеймін.
43. Баламның әуестерін мақұлдаймын.
44. Менің балам кімді болсада өзінен шығара алады.
45. Баламның реніштерін түсінемін.
46. Менің балам мені жиі ашуландырады.
47. Баланы тәрбиелеу – жүйкені тоздырады.
48. Балалық шақтағы қатал тәртіп балада күшті мінез-құлық дамытады.
49. Мен балама сенбеймін.
50. Қатал тәрбиелік үшін кейін бала рахметін айтады.
51. Кейбір кездері баламды жек көретін сияқтымын.
52. Баламда қадыр-қасиеттен кемшіліктер көп.
53. Баламның қызығушылықтарын мақұлдаймын.
54. Балам өздігінен еш нәрсе әстей алмайды, істегеннің өзінде дұрыс емес.
55. Менің балам өмірге бейімсіз болып өсіп келеді.
56. Менің балам қандай да болса өзіме ұнайды.
57. Баламның денсаулығын қатта қадағалаймын.
58. Баламды мақтан тұтамын.
59. Бала ата-анасынан құпия сақтамауы тиіс.
60. Баламның қабілетінен жоғары пікірде емеспін және оны баламнан жасырмаймын.
61. Бала ата-анасына ұнаған балалармен достасып жүргені дұрыс.


Сауалнама кілті

І. «Қабылдау-қабылдамау»: 3, 4, 8, 10, 12, 14, 15, 16, 18, 20, 23, 24, 26, 27, 29, 37, 38, 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 51, 52, 53, 55, 56, 60

ІІ. Мінез-құлқының әлеуметтік қалауының бейнесі: 6, 9, 21, 25, 31, 33, 34, 35, 36.

ІІІ. «Симбиоз»: 1, 5, 7, 28, 32, 41, 58.

IV. «Авторитарлық гиперсоциализация»: 2, 19, 30, 48, 50, 57, 59.

V. «Кішкентай жолы болғысыз адам»: 9, 11, 13, 17, 22, 28, 54, 61.

Тесттік балдардың саналу реті:

Тесттік балдарды барлық шәкілдерде «дұрыс» жауабы есептеледі.

Сейкес шәкілдердегі жоғарғы тесттік бал:

I – қабылдамау;

II – әлеуметтік қалау;

III – симбиоз;

IV – гиперсоциализация;

V – инфантилизация (инвалидизация).

Тестік мөлшерлер сәйкес шәкілдердің тесттік балдардың пайыздық рангтары кесте түрінде беріледі.


Сауалнама шәкілдерінің шикі балдары пайыздық рангтарға ауыстыру кестесі.

1 шәкіл «қабылдау-қабылдамау»


«Шикі бал» 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

Пайыздық ранг 0 0 0 0 0 0 0,63 3,79 12,02 13,01 53,79 68,35

«Шикі бал» 12 13 14 15 16 17 18 19

Пайыздық ранг 77,21 84,17 88,60 90,50 92,40 93,67 94,30 95,50

«Шикі бал» 20 21 22 23 24 25 26 27

Пайыздық ранг 97,46 98,10 98,73 99,36 100 100 100 100

«Шикі бал» 28 29 30 31 32

Пайыздық ранг 100 100 100 100 100


ІІ шәкіл «Кооперация»

«Шикі бал» 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Пайыздық ранг 1,57 3,46 5,67 7,88 9,77 12,29 19,22 31,19 48,82 80,33


ІІІ шәкіл «Симбиоз»

«Шикі бал» 0 1 2 3 4 5 6 7

Пайыздық ранг 4,72 19,5 39,06 57,96 74,97 86,63 92,93 95,65


IV шәкіл «Авторитарлық гиперсоциализация»

«Шикі бал» 0 1 2 3 4 5 6

Пайыздық ранг 4,41 13,86 32,13 53,87 69,30 83,79 95,74


V шәкіл «Кішкентай жолы болғысыз адам»:

«Шикі бал» 0 1 2 3 4 5 6 7 8

Пайыздық ранг 14,55 45,57 70,25 84,81 93,04 96,83 99,37 99,83 100




Падагог-психолог:Ораз.Б






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!