Материалдар / Ата-ана жұмыс жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-ана жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ана жұмыс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2024
62
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

«Жастерек» жекеменшік балабақшасының

директоры______М.Рустамбекова


Ата –анамен жүргізілетін жұмыс жоспары



Р/с

Іс – шаралар тақырыбы

Мерзімі

Жауапты



1

Ата-аналарға арналған семинар тренинг

Тақырыбы: «Шаттыққа толы жүрекпен»

Қыркүйек айы


Әдіскер А.Тулекбаева







2

Ата-аналарға арналған тренинг сабақ

Тақырыбы:» Бала тәрбиесіндегі ата-ана»

Қазан айы



Әдіскер А.Тулекбаева




3

Ата-аналарға кеңес:

Тақырыбы: «Баланың балабақшаға бейімделуі»

Қараша айы


Әдіскер А.Тулекбаева







4

Ата-аналарға тренинг

Тақырыбы: «Біз бақытты отбасы»

Желтоқсан айы


Әдіскер А.Тулекбаева





5

Ата-аналарға кеңес:

Тақырыбы: «Балабақша мен отбасы»

Қаңтар айы


Әдіскер А.Тулекбаева




6

Ата-аналарға кеңес:

Тақырыбы: «Балаға ата-анасы көшбасшы»

Ақпан айы

Әдіскер А.Тулекбаева





7

Ата-аналарға арналған сауалнама

Наурыз


Әдіскер А.Тулекбаева










8

Ата-анаға тренинг

«Менің балам қандай»?»

Сәуір


Әдіскер А.Тулекбаева





9

Психологиялық кеңес:

«Баланың сабаққа деген мотивациясын қалай көтеруге болады?»

Мамыр айы


Әдіскер А.Тулекбаева































«Жастерек» жекеменшік балабақшасы









Ата-аналарға кеңестер

БАЛАҒА АТА-АНАСЫ КӨШБАСШЫСЫ





Орындаған: А.Б.Тулекбаева

















2023-2024 оқу жылы

Кеңес береміз:

Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.

Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз

Үйдегі жағдайда баланың өзіне — өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады. — Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет. Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.

Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес

1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.

8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.

10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.

12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.

13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.

Ата-аналарға психологиялық кеңес

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
-Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру.
— Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй  шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
-Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру.
-Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.
-Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
-Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету.
-Бақылау, тексеру, бағалау.
-Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т. б. баулу.
Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.


goldapple.kz



Ата — аналарға арналған 10 кеңес

1. Балам өзім секілді, немесе өзім ойлағандай болады деп күтудің қажеті жоқ. Оған өзі секілді болуға көмектес.

2. Балаға жасаған еңбектерің үшін ақы сұраушы болма. Сіз оған өмір сыйладыңыз, ол басқаға өмір сыйлайды, ол тағы біреуге, бұл адамзат сапарының ұлы жолы осылай жалғаса береді.

3. Өзіңнің өкпе ренішіңе баланы араластыра берме, әйтпесе қартайғанда ол қылығыңның ащы дәмін татуың мүмкін. Не ексең, соны оратыныңызды ұмытпаңыз!

4. Баланың мәселесіне бей жай қарауға болмайды. Әркім өмірде әліне қарай күреседі. Сіз тапқан жолды бала таба алмауы мүмкін, өйткені онда тәжірибе жоқ.

5. Баланың көңілін ешқашан қалдырмаңыз!

6. Адам өміріндегі ең қызықты кездесу, баламен кездесу, оған үлкен дайындық керек, себебі сіз өзіңіздің ертеңгі күніңізбен кездесіп тұрғаныңызды ұмытпаңыз!

7. Балаңызға қолыңыздан келмей тұрған нәрсені істей алмадым ау деп қиналмаңыз. Ал қолыңыздан келіп тұрғанда істемесеңіз, онда сіздің қиналуыңыз әбден орынды. Бастаған істі аяғына дейін жеткізбесеңіз, онда ештеңе істемеген болып шығасыз.

8. Бала өміріңді билейтін әмірші емес, тіршілік сыйлаған өмірдің қымбат қазынасы, сіз осы қазынаны көздің қарашығындай сақтауға, дамытуға және оның жүрегіне шығармашылықтың алауын жағуға міндеттісіз. Бала әке мен ананың махаббатын сақтайтын алтын қойма.

9. Басқаның да баласын жақсы көріп үйрен. Өз балаңа істемейтін нәрсені басқаның баласына да істеме!

10. Балаң дарынсыз, жолы болмайтын болса да және есейіп кетсе де жақсы көруге міндеттісіз. Онымен қарым қатынас жасағанда қуануға тиістісіз, өйткені оның сізбен болған әр күні мереке.

Ата-аналарға психологиялық кеңес

1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

Ата ананың маххабаты мен бала тәрбиесіндегі салғырттықтың (баланы бетімен жіберудің) шекарасы қайсы? Ол үшін мына кеңестер кез — келген ата – анаға

көмек бола алады.













1.Балаға ата — анасы көшбасшы.

Ата — ана мен баланың арасында екі түрлі көзқарас болмауы тиіс. Бұл әлі өмірге деген өз көзқарасы қалыптаспаған, жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты. Ата — анасы көш бастайтын көсем болуы қажет бала үшін. Демек, ата — ана әрбір іс — әрекетіне мән беруі қажет. Білікті, білімді, қайсыбір жағдай болмасын, сабырмен қабылдап, нені болмасын, сабырмен қабылдай алатын көшбасшының (ата — ананың) соңынан ереді бала да. Өйтпеген жағдайда бала тарапынан қарама — қайшылықты анық көретін боласыз. 4 — 5 жасында — ақ өз қалауын ата — анасына сөзсіз орындататын бала ерке. 2 жасқа келгенде баланың қалауы (орынды болса ғана) ата — ана үшін заңды. Одан кейінгісі — еркелік. Демек, уақыт өткізбей ертерек қателіктердің орнын толтырып, бала бойындағы еркелікті түзеуге ұмтылған дұрыс. 4 — 5жасқа келгенде бала ата — анасының неге рұқсат етіп, қай қалауының теріс екендігін түсіне білуі тиіс. Егер осы жасқа дейін ата — ана мен баланың арасындағы қарым — қатынас өз деңгейінде қалыптасса, демек, әрі қарай да олардың арасында қандай да бір үлкен түсініспеушіліктер болмайды.

2. «Болатын» және «болмайтынның» шекарасы.

Балаға берілетін дұрыс тәрбие «болатын» және «болмайтын» іс — әрекеттерді айқындайтын нақты шекарадан тұрады. Бұдан бала, ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екендігін, қандай іс — әрекеттердің оң, қай қылығының теріс екендігін анық ұғып өседі. Егер кеше балаға тырнақты тістемеуді немесе қолын аузына салмауды ескерттіңіз бе, ол әрекетін бүгін де байқасаңыз, тағы да ескертуге ерінбеңіз. «Ой, қанша айттым, тыңдамайды бәрібір» деп бір — екі күннен соң қол сілтей салсаңыз, бітті. Сіздің бала бойындағы көптеген қателіктерге түйсікті түрде баруға болатындығына жол бергеніңіз. Сонымен қатар, баланың алдында емес, соңынан жүруді ерте бастан — ақ қалыптастырғаныңыз. Ата — ананың бала үшін қойған шекарасынан ол әдеттегі айтыла беретіндей « жалтақ» болып кетпейді. Шекара — бала өмірін жеңілдетеді, болашақта қандай — да бір үлкен қателіктерге жол бермеуге үйренеді. Керісінше жағдайда, яғни шекара болмаған отбасында бала адасады, оның өмірі қиындайды.

3. «Болмайды!» деп айғайлауға болмайды.

Бала да ата — анасы сияқты отбасының бір мүшесі. Оның өз орны және құқығы бар. Дегенмен, отбасы мүшелерімен қарым — қатынасында да шекара болуға тиіс. Егер баланың қандай да бір іс — қимылы сізге жағымсыз болса, ыңғайсыздық тудырып жатса, оған шектеу қойғаныңыз дұрыс. Бірақ, әрине бірден түріңізді өзгертіп «болмайды!» деп айғай салу дұрыс емес. Одан да баланың назарын басқа бір қызықты іске айналдырып жіберуге болады. Мұнда сізге сабыр қажет. Сонымен қатар, бала тілімен, оған түсінікті түрде бұлай жасау өзіңізге ыңғайсыздық тудыратынын түсіндіріп айтсаңыз, жетіп жатыр.

4. Іс — әрекетіне лайықты мақтау сөздер айтыңыз.

Мұны өзіңізге ереже ретінде ұстансаңыз да болады. Жоғарыда айтқанымыздай, «болатын» және «болмайтын» іс — әрекеттер үшін өз ойыңызды айтып отырсаңыз, бала бірден болмаса да, біртіндеп оны түсіне бастайды. Мысалы, үйге келген қонақпен сәлемдесіп, ол қайтар кезде қоштасуды ешкім үйретпей — ақ өз бетінше орындаған баланың ісі — мақтауға тұрарлық. Алғашқы байқаған сәтіңізде — ақ оның дұрыс жасағандығын, жақсы баланың үнемі осылай жасайтындығын т. б. мейірімді жүзбен күлімсірей айта отырып мақтасаңыз, оның бойында жақсы әдетке деген қызығушылығын оятасыз.

Себебі, кез — келген бала мақтауды сүйеді. Ол үшін жақсы әдеттер санын арттырғысы келеді, талпынады. Өзінің айтқанын орындату үшін жерге өзін тастай салып, жата қалып жылайтын баланы жазалаудың ең дұрыс әдісі — оны жалғыз қалдыру. Үнсіз ғана оның бұл әрекетін елемеген болсаңыз, осы жазаңыз да жеткілікті болады. Мұның да себебі бар, өйткені бала өзіне назар аудартқанды жақсы көреді. Жата қалып жылай бастағанына назар аудармасаңыз, оның орынсыз екенін сезіне бастайды. Ал оған ұрысып не болмаса өзге де жазалау түрін қолданып жатсаңыз, демек оған назар аударғаныңыз. Балаңыз ол әдетін тағы да қайталайды деген сөз.

5. Түсініспеушілікті баламен бірге шешуден қорықпаңыз.
Баланың кейбір қылықтарына ашуланбау мүмкін емес. Ол жиі болмаса да кей — кейде орын алып тұрады. Міне, осындай кездері оған ашулануыңыздың себебін сабырлы кезіңізде түсіндіруден қашпаңыз. «Кішкентай ғой, не түсінер дейсің?» деген түсініктен де аулақ болыңыз. Оның қай жерде дұрыс жасамағандығын айтыңыз және неге бұлай еткендігінің себебін сұраңыз. Сонда араларыңызда бір — біріңізді еркін түсінетін көпір қалыптасады. Оны жазалаудың сіз үшін ауыр екендігін және жазалағыңыз келмейтінін де айтқаныңыз артық болмайды.

Есте сақтағаныңыз дұрыс:

Баланы жазалау кезінде ата — ананың жүйкесі тыныштанғаннан басқа ешқандай пайда жоқ. Таяқ жеген бала келесі кезекте де қалай әрекет жасайтынын білмей, бір жасаған қателігін екінші рет қайталайды. Оған түсіндіріңіз және түсіндіріңіз!

Қол жұмсамай — ақ жазалаудың түрі жеткілікті. Мысалы: бала қанша жаста болса, сонша минут бұрышта тұру, орындықта қимылдамай отыру, сол күнгі балмұздақ немесе тәттіден қағу. Дұрыс көтеріп, жүйке жұқартудың оң нәтижесі мүлде болмайды.

Өзіңізге өзіңіз сырттай назар салыңыз. Сабырлы болыңыз! Бала бірдеңені дұрыс істемеді ме, алдымен түсіндіріңіз. Ол нәтижесін бермесе, ескерту жасаңыз. Ол да көмектеспесе ғана за қолданыңыз. Баланың сізге айтқанын жасатуға жол бермеңіз. Сонда ғана кішкентай ғана бауыр етіңізге қол жұмсамайтын боласыз





















































«Жастерек» жекеменшік балабақшасы









Ата-аналарға тренинг

«Балабақша мен отбасы»



Орындаған: А.Б.Тулекбаева

















2023-2024 оқу жылы


Ата-анамен жұмыс.

Мақсаты: «Балабақша мен отбасы».Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.

Барысы:  1. «Шаттық шеңбері»

                    2.«Танысу» жаттығуы

                    3.«Жанұя бақыты» тренингі

                    4.«Сөйлемді аяқта» жаттығуы

                    5.Ойын «Қай жұп күшті?»

                    6.«Тілек айту».Қорытындылау.

                    

Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата — аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы — Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Шаттық шеңбері:

Біздің күлкіміз көңілді (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты.(қолдарын жүректерінің тұсына қояды)

Бөліскен жақсығой өмірде,(қолдарын алға созады,саусақтары күн сияқты)

Қуаныш,мейірім,бақытты.(қолдарын екі жаққа созады)

 

 

І. «Танысу» жаттығуы

Ата-аналар өз есімдерін және бойындағы жақсы бір қасиетін атап айту тиіс. Мысалы:Мен Гүлмира Сананын анасы,менің жақсы қасиетім –мен ақкөңілмін…т.с.с

2.«Жанұя бақыты» тренингі

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Жаттығудың шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

3 “Сөйлемді аяқта” жаттығуы

Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….

Отбасы бұл…

Отбасым бақытты болу үшін…

Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…

Мен қалар едім отбасымның…

4.Ойын: «Қай жұп күшті?»

Қазір әркім өзіне серік таңдайды,шарды алып,көңілді музыкаға билеп,шарды жарады.Шардың ішінен тапсырмалар,жақсы тілектер алып шығып ,қалған ойыншыларға дауыстап оқып беру керек.Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге дйін бір-бірін құшақтап шарды жарады,ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

5.«Тілек айту» Қорытындылау.

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

Психолог:«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан бір-бірімізге тілек айтып қорытындылайық.

Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді ай







































«Жастерек» жекеменшік балабақшасы









Ата-аналарға тренинг

Тақырыбы: «Біз бақытты отбасы»









Орындаған: А.Б.Тулекбаева











2023-2024 оқу жылы





Ата – аналармен тренинг
Тақырыбы: «Біз бақытты отбасы»
Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.
Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Барысы: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.
1. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін
дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық
Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Құрметті ата-аналар сіздермен бірге отбасы бақыты тақырыбында сөз қозғаймыз. Трениг сабағымызға қош келдіңіздер дей отырып, тренингті «Отбасы татулығы» аңызымен бастағым келіп отыр.
2. Отбасы татулығы (аңыз әңгіме)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, әрқайсысы өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігеннің ақ-қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-майрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Сіздер қалай ойлайсыздар? Ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді? Отбасындағы татулық пен бірліктің болуы үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет» «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
-Осы-ақ па?
– Иә,-деді ақсақал- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады-деді де сәл ойланып «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Барлық отбасыға айтарым босағасы берік,шаңырағы биік болуы, тату-тәтті өмір сүруі, бақытқа, қуанышқа бөлінуі отбасы мүшелерінің бір-біріне жағымды қарым-қатынасына байланысты екен.
Құрметті ата-аналар сіздердің де отбасыларыңызға татулық пен бірліктің болуы үшін жүз рет «сүйіспеншілік», «жүз рет» «кешірім», жүз рет «бірлік» және шыдамдылық тілеймін.

3.Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
— Мен үшін бақытты отбасы……
— Өз отбасыңа көңілің тола ма?
— Отбасының ұйытқысы кім?
—Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?

Ия құрметті ата-аналар біз сіздермен бірінші «Бақыт» деген сөзге жауап іздеп көрейік.
4. Бақыт деген не өзі? Бейнебаян
Б.Момышұлының пайымдауында бақыт дегеніміз…………………..
Бақыт әркімнің өзіне , өмір сүрген ортасына жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген.Тарихта дәулетке, атаққа паңданып мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес…
Бақыт дегеніміз – өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру. Адал болу, майдалықтан, іштарлықтан, қашық болу. Мұршасы әлі жеткенше өз заманын түсіне білу , өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Ар намысты қорғау –бақыттың шыңы, қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап шығу-ол да бақыттың шыңы. Жеңсең бақыт.

5. Бейнебаян Бақытты отбасы
Бір кішкентай қалашықта екі отбасы бір-бірімен көрші тұрады.
Бір отбасындағы ерлі зайыптылар қандай жағдай болмасын үнемі бір-бірін кінәлап, жиі жанжалдасады.
Ал екінші отбасы ешқандай ұрыс керіссіз, жанжалсыз тату – тәтті өмір сүреді.
Жанжалдасқыш әйел көрші отбасының тату тәтті өмір сүргенін көре алмай, күйеуіне оның сырының неде екенін біліп қайтуын сұранады.
Осылайша күйеуі көрші үйдің ашық тұрған терезесінен ерлі-зайыптыларды бақылайды.
Көрші үйдің әйелі үйін тазалап – жинастырумен айналысып жатады. Қолына қымбат құмыраны ұстап, шаңын сүртіп жатады.
Кенеттен телефон шылдырлайды, телефонға асыққан әйел сүртіп тұрған құмыраны столдың шетіне қоя салып жүгіреді.
Осы мезетте күйеуіне осы бөлмеден бір нәрсе керек болып, столдың шетінде тұрған қымбат құмыраны жерге құлатып, сындырып қояды.
Осының барлығын бақылап тұрған көрші: «Не болар екен?»- деп тағатсыздана күтеді.
Телефонмен сөйлесіп болған әйелі өкінішпен бір күрсінді де, күйеуінің қасына келіп: Кешірші мені қымбаттым! Мен кінәлімін, құмыраны өте ыңғайсыз қойдым. Ал күйеуі: Жоқ аяулым мен кінәлімін, мен асығыстықтан бұл құмыраны байқамай жерге құлаттым. Жарайды, қоя берші. Жамандық осымен кетсін,- дейді.
Бақылап тұрған көршісі таңырқап қалғаны сондай , жүрегі ауырып , үйіне көңіл күйі түсіп келеді.
Әйелі оған: “Неге сонша ұзақ бақыладың? Көрдің бе? Иә, қалай екен оларда?”
Күйеуі:”Оларда бір жағдай болса барлығы кінәлі екен. Ал бізде бәрі өзінікін дұрыс санайды”

6. Сергіту сәті:Мақал-мәтелдерді аяқтау

1)Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
2) Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал.
3) Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
4) Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.
5) Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.
6) Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
7) Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
8) Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».
9) Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,
бала – жағасындағы құрақ.
10) Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
11) Жаста берген тәрбие –
Жас қайыңды игендей.
12) Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
13) Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – он пішер.

7.Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»
Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі» атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар, бірақ салғанда жай салмайсыздар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз. Ойлануға бір екі минут беріледі.
Ойын тапсырмалары;
1.«Парасатты» кірпіші Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.
2.«Достық» кірпіші «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер, отбасылық ұйытқысы
3. «Махаббат» кірпіші: Мимика жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізесіз.
4. «Тапқырлық» кірпіші: Бақыт сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
5«Түсінушілік» Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.
Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

8. Күлкі – көңіл ажары(1 мин сұраққа жауап беру)
Ата-аналар сіздерге берілетін сұрақтарға яғни жағдаяттарға тек қана балаңыздың атының бірінші әріпімен жауап бересіздер?
-Тренинг ұнап жатыр ма?
• Сағат неше болды?
• Шаршадыңдар ба?
• Үйге асығып тұрмыз ба?
• Қонақтарға не айтасыңдар?
• Психолог шаршады ма екен?
• Үй тапсырмасына көмектесесіңдер ме?
• Бүгін тренингке қандай көңіл-күйде келдіңіз?
• Жиналысты ұнатасызз ба?
• Қонаққа мені шақырасыздар ма?
• Қандай ас ұнатасыздар?
• Балабақша ұнай ма?
• Үйге қалай барасыздар?
• Туған күнге не сыйлайсыз?
• Билеп аламыз ба?
• Шайға не қосып ішесіздер?
• Сұрағым өте көп пе?
• Үйді кім жинайды?
• Төсекті ше?
• Асты кім пісіреді?
• Каникулда не істейміз?
• Қуанғанда не істейміз?
• Ренжіткен адамға не айтасың?
• Сұрақтар қашан бітер екен?

9.Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
Көрсетілген оқиға бойынша «Отбасы бақыты» тақырыбында кластер жасау.
Құндылықтар
Өмірде үш нәрсе…………..
Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды: уақыт, сөз, мүмкіндік.
Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек: сабырлық, үміт, намыс.
Өмірде үш нәрсе құнды: махаббат, достық, сүйіспеншілік.
Өмірде үш нәрсе тұрақсыз: арман, сәттілік, байлық.
Өмірде үш нәрсе адамды құртады: шарап, өзімшілдік, ашу.
Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды: еңбек, шыншылдық, жетістік.

10.Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-8 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөз заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтан да бала тәрбиесіне жете мән беріп, «Адамның бір қызығы – бала деген» ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, балаларыңыздың жемісін көріп, саялы бәйтерекке айналыңыздар.

Қорытынды бөлім:
7 –бөлім «10+5+1» әдісі.
Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті құндылықтарды жазыңыздар. Саны – 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім…
Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Ол көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала – ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді.
Халқымыздың аяулы ұлы зиялы азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді,қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып тастауға даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ ,үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі тренингімізді аяқтаймық.
«Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ, жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов.Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық. Бүгінгі кездесуге келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.





































«Жастерек» жекеменшік балабақшасы









ТАҚЫРЫБЫ: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана»
АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ-САБАҚ










Орындаған: А.Б.Тулекбаева













2023-2024 оқу жылы



ТАҚЫРЫБЫ: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана»
АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ-САБАҚ
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
«Танысу» жаттығуы:
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.
Топқа бөлу:
Ата-аналар сол тұрған күйлерінде гүлдерді таңдайды. Гүлдердің астыңғы бөлігі әр түрлі түстерге боялған. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
Ой жинақтау:
Үш топқа тақырып беріледі. Тақырып бойынша ойларын жинақтап плакатқа түсіреді.
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана рөлі қандай болу керек.

Ситуациялық сұрақтар:
Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?
Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жайт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
«Ашық айтсам…» жаттығуы; қорытынды:
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.
Рефлексия:
Қорытынды:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.
Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.
Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.

Сонымен, тренинг – сабағымыз да соңына жетті. Қош — сау болыңыздар!







«Жастерек» жекеменшік балабақшасы









ТАҚЫРЫБЫ: «МЕНІҢ БАЛАМ ҚАНДАЙ?»


АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ










Орындаған: А.Б.Тулекбаева











2023-2024 оқу жылы

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.
Керекті құралдар: түрлі түсті қағаз, қаламсап, желім, қиылған қолдардың суретін жабыстыратын ватман, күннің суреті салынған ватман, маркерлер.

Ұйымдастыру кезеңі.
Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамыз.
— Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы: «Менің балам қандай?»
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дегені бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-анада қиын да, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы.

II. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Топ тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

III. Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
«иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.
«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1. Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2. Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя) бірдей ықпал жасай ма?
— егер «жанұя» десеңіздер- жымиыңыздар.
— егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолымызды алдыға созамыз.
3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
— егер «әке» десеңіздер – қолды шапалақтаңыз,
— егер «шеше» десеңіздер – қолды бұлғаймыз.
— егер «екеуі» десеңіздер – орнымыздан тұрамыз.

IV. «Менің балам қандай?» ойыны
Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар ватманға жабыстырылады.

V. «Балама қандай жылулық беремін?» ойыны
Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.

VI. Аңыз «Мінсіз емес»
Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін.
Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:
«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.
Не үшін ұяласың?
Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:
Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.
Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.
Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!
Бұл аңызда қандай мағына жасырылған!
Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.























































«Жастерек» жекеменшік балабақшасы









Психологиялық кеңес ата-анаға

«Баланың сабаққа деген мотивациясын қалай көтеруге болатыны жайында»

(ересек топ ата-аналарына)












Орындаған: А.Б.Тулекбаева









2023-2024 оқу жылы

Психологиялық кеңес ата-анаға

«Баланың сабаққа деген мотивациясын қалай көтеруге болатыны жайында»

1. Балаңызбен мектепке бару мен білім алудың маңыздылығын талқылаңыз. Бұл өте маңызды.

2. Балаңыздан күнделікті оқу күні қалай өткенін сұрап тұрыңыз. Баланың оқу күні туралы ештеңені бүкпей айтатынына көз жеткізіңіз.

3. Балаға үй тапсырмасын және қандай да бір өзі орындау керек жобаның берілген, берілмегенін сұраңыз.

4. Балаңызға ешқандай тапсырма берілмесе, оның 30минут  уақытын қайталау, жаттығу жұмыстарына жұмсауын қадағалаңыз.

5. Баламен бірге отырып, оның қандай да бір жетістіктерін талқылаңыз. Қажет болса, оның қандай да бір жағымсыз   іс-әрекеттеріне шектеу жасаңыз.

6. Жақсы іс-әрекеттерін мақтаңыз. Тек қана жағымсыз әрекеттерін айта бермеңіз.

7. Балаңыз емтиханды нашар тапсырса да, оған демеу болатын сөздер айтыңыз.

8. Балаңыздың мектепте үлгерімі нашар болатын болса, оған қосымша көмек көрсетуге  үйде дайындауға мұғалім шақыртыңыз.

9. Баланың мұғалімімен оған  қандай да бір көмек көрсететін альтернативті  көмектер сұрап сөйлесіңіз.

10. Ең бастысы баланың үлгерімі мен  тәртібі туралы хабардар етіп отыратын адам- мұғалімімен әрқашанда байланыста болыңыз.

11. Баланың алдына нақтылы мақсаттар қоюына көмектесіңіз: неге қол жеткізу керек, қандай білім алу керек.

12. Баланың сол мақсатына жету уақытын бірлесе белгілеп алыңыз.

13. Мүмкіндігінше бала  білім алудың нақтылы неге қажеттігін білу керек.(Маған мұны  білудің қажеті қанша, өмірде оны қалай пайдаланамын)

14. Оқу үрдісі кезіндегі  баланың нәтижелерін уақытылы қадағалап отырыңыз.

15. Баланы мадақтаудың әдісін ойлап табыңыз (бүкіл отбасының алдында мақтау). Оған мотивация болатындай баланың нақтылы іс-әрекетін мақтаңыз.

16. Жасөспірімге үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз. Жақсы сөз айтып, кеңестер беріп отырыңыз.

17. Мектепте жаңа білім алуына ынталандырыңыз.

18. Жасөспірімдер топтасып, бір-бірімен араласа жүріп, бірлесе жұмыс істейтін болғандықтан, білім алу да солай іске асуы керек. Баланың жағымды әрекетін талқылаңыз. Оның оқу пәндеріне қатысты пікірін сұраңыз.

19. Баланың  оқудағы нәтижелерін басқа сыныптастарының нәтижесімен салыстырмаңыз.

20. Баланы жақсы көріңіз.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!