Материалдар / Ата-ана мен арасындағы бала арасындағы қақтығыстың алдын –алу жолдары

Ата-ана мен арасындағы бала арасындағы қақтығыстың алдын –алу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың бүгінгі күні ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру,ата-ананың отбасындағы ролін анықтауда коучингтің маңызы ерекше. Коучинг барысында ата-ана бала мен қарым-қатынас жасау жолдарын ұғады. Бала тәрбиесінде ата-ана өз ролін анықтайды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-ана мен арасындағы бала арасындағы қақтығыстың алдын –алу жолдары

Қатысушылар: Ата-аналар

Мақсаты: Баланың бүгінгі күні ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру.Ата-ананың отбасындағы ролін анықтау.Өз балаларын болашағы туралы пікірлерін тыңдау.

Күтілетін нәтиже: Ата-ана бала мен қарым-қатынас жасау жолдарын ұғады.Бала тәрбиесінде ата-ана өз ролін анықтайды.

Түйінді идея :

Отбасында берілген тәрбие жігерінді құм қылып,жерге қаратпасын десең балаға түзу тәрбие бер деп ата-бабамыз айтқандай бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп ,еліміздің тәрбиелі адамгершілігі мол, ұрпағын тәрбиелейік.

Көрнекілігі: бейнеролик, маркерлер, ақ қағаз.

Коучинг барысы:

Бүгінгі «Ата-ана мен арасындағы бала арасындағы қақтығыстың алдын –алу жолдары » қош келдіңіздер!

«Сағат» тренинг

Құрметті ата-аналар қазір шеңбер тұрғызып,1-2 деп саналамыз.Санау бойынша жұп құрылады. Бір-біріне қарама-қарсы тұру сұралады.Содан соң психолог нұсқаулар беріледі.

1 Көршіңізге қарап, бір-бірімізге күлімдейміз.

2.Бір-біріміздің қолымызды қысамыз.

3.Арқамызды қағамыз.

4.Бір-бірімзге қарап көзімізді қысамыз.

5.Комплимент айтамыз

6.Құшақтау

7.Бір-бірімздің қолымызды қысып,бір орында секіреміз.

8.Арқамызды үйкелейміз.



«Молекула ,Атомдар» тренингі қатысушыларды екі топқа бөлу.

Адамның өмірдегі ең қымбаттысы,көз қуанышы-бала.Бала дербес тұлға.Оның бойындағы табиғи қасиеттер,адамгершілік құндылықтары отбасында ,мектепте ,әлеуметтік ортада қалыптасады.Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өз өскен шаңырақтан үйренеді.

Кіріспе сөз

Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса, перзенттері де әдепті тәрбиелі болып өседі.Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуға күш салайық. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып ,өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер деп шарамызды жалғастырайық.

Назарларыңызға алдарыңыздағы «Бұрымды Рапунцель »мультфильмінен үзіндісіне назар аударуыңызды сұраймыз. (https://youtu.be/v6RDk6RhHng)

Мультфильм негізінде талқылау жұмысы

Осы бейне жазбадан ой түйгендеріңізді ортаға салсаңыздар? Жасөспірімдік қыз бала осы жағдайға не үшін түсті? Проблема қай жастан басталды деп ойлайсыздар?

Жасөпірімдік шақ адам өміріндегі ең қиын кезең.Әсіресе жеткіншектік кезеңде балалармен ата-ана арасындағы қарым-қатынас белгілі бір белеске алады.Көп жағдайда ата-ана жасөспірімдік балалармен қарым-қатынасында қателіктерге бой беріп жатады.Ата-анасымен қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылмаған жасөспірім өзімшіл,қайырымсыз,өз-өзіне сенімсіз, жауапкершілігі төмен болып қалыптасады.Осы орайда осындай жағдайды болдырмас үшін ата-ана өз-өзін тәрбиелеу керек.Осыған байланысты топтарға тапсырма беріледі.

1 топ.

Жасөспірімдік шақтағы баланы тәрбиелеуде ата-ана қандай қателік жіберді?

2 топ.

Жасөспірім мен ата-ана арасындағы келіспеушіктен қандай шешу жолдарын ұсынар едіңіз?

Ортаға шығып топтар постер қорғайды.Өз ойларымен бөліседі.

Қорытынды сөз.

Жасөспірім бұл адам өміріндегі күрделі және сонымен маңызды кезең.Балалық шақтың аяқтауға жақын, бала ересек өмірге тең қатысушы ретінде кіруге дайындалып жатыр. Әрине жасөспірім физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да нағыз ересектер тең құқыққа деңгейінде жеткен жоқ, бірақ соған қарамастан ересектермеие болуға тырысады. Маңызды ересектердің қолдауының болмауы жасөспірмдерде сенімсіздік сезімін, болашақтан қорқуды, рухани күйзелісті тудырады. Тұлғаны түсіну, қабылдау, уақытында көмек көрсету, үйлесімді қарым-қатынас орнатудағы ата- аналардың қателіктерді жою әліде кеш емес.Әрбір ата-ана өз перзентіне үлгі көрсетіп, әрқашанда қолдап достық қарым-қатынасты орната білу керек.

Қазір шарамызды «Құты» жаттығуы мен аяқтауды ұсынамыз.Әр ата-анаға пластикалық стакан таратылып сұрақ қойылады.Алдыңыздағы стаканға қандай сипаттама берер едіңіз? Ата-аналардың жауаптары: әдемі,тегіс,жылтыр,бүтін,мөлдір. Енді осы құтыны әр қайсымыз майыстырып көрейік.Енді бұл құтыны қайта қалпына келтіріп көрейік.Енді ата-аналар құтыны біз қайтадан қалпына келтіре алдықпа? Жоқ. Неліктен құтыны қалпына келтіре алмадық?Құты қазір қандай күйде? Әдемі емес, майысқан,қисық,т.б.

Бұл құты арқылы баланың жан дүниесін елестетіп көрейік.Бұл құты бала. Егер де біз бала мен дұрыс қарым-қатынас орнатпасақ,жүрегіне ауыр тиетін сөздер айтсақ,балағат сөздер айтсақ баланың санасында өмір бойы ұмытылмайтын дақтар қалып ,құты сияқты жараланады.Енді біз бұл құтыны қанша рет түзесекте бұрынғы қалпына келтіре алмадық. Дәл баланың жаны дүниесі осындай күйде болады.Біз балаға дұрыс тәрбие бермеу салдарынан бала мен қарым-қатынас орнатуда қиындық, түсінбеушілік туып жатады.содан кейін өзіміздің қателігімізді түсініп,балаға қанша рет жақсы сөздер айтсақта, қалыпты қарым-қатынас орнатсақта ,бала бізді кешіргені мен дұрыс қарым-қатынас жасай алғаны мен бірақта баланың жүрегі жаралы болып қалады.Қандай да бір өмірлік жағдайда жасөспірімдік шақтағы ата-ана тарапынан естіген сөздері есіне түсіп,қандай да бір шешім қабылдар кезде өзіне сенімсіз болады.Сондықтанда ата-аналар әрқашанда балаларыңызға қолдау көрсетіп,мейірімділік танытып,қателіктеріне сабырлық танытып,достық қарым-қатынас жасай білген жөн. Бүгінгі шарамызды «Ақыл-дос, ашу дұшпан» деген осындай түйінді сөзбен аяқтағымыз келіп тұр.



















































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ